Размер шрифта:

Цветовая схема:

16 шілде, 202066

Отандық киноиндустрия Үндістанның ірі кинофорумында таныстырылды

2020 жылдың 7 мен 11 шілде аралығында Азиядағы ең ірі FICCI FRAMES кино және телевизия форумы өтті. Үндістанның сауда-өнеркәсіп палаталары Федерациясы (FICCI) ұйымдастырған форум өте жоғары деңгейде аталып өтті.

Бұл ұйым 1927 жылы негізі қаланып, бүгінігі күнге дейін Үндістандағы ең ірі және ең көне жетекші бизнес алаңы болып келеді. Бұған дейін форум 21 рет өткізілген болатын, алайда биыл әлемде орын алған жағдайларға байланысты аталған форум  алғаш рет онлайн форматында өтті.

E-FRAMES көптеген ауқымды өзгерістерге ұшырап келе жатқан әлемдік медиаландшафтың жағдайын  талқылау мақсатында   Үндістанның және басқа елдердің медиа-индустриясындағы үздік мамандарын біріктіріп  аудиовизуалды медиа мен ойын-сауық индустриясының түрлі салаларындағы жаһандық трендтер мен жаңа мүмкіндіктер туралы ойларымен бөліскен болатын. Форум қатысушыларына кинопрокат пен халықаралық кино өнімдеріне арналған фильмдерге ерекше назар салынды. Бизнес-алаңға айналып үлгерген алпауыт Италиядан бастап, Америка және тағыда басқа елдерден келген мамандардан құралған үлкен делегациясы жинақталды.

"ҰКҚМО" КЕАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Анна Качко панельдік пікірталаста сөйлеген сөзінде Қазақстанмен ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсынып өткен еді. 2019 жылы енгізілген жүйе бойынша (Қазақстан аумағында фильмдерді түсіру кезінде жұмсалған қаражаттың қайтарылуы) бүкіл әлемде кино өнімдерін тарату және дистрибуциялау үшін жобаларды бірлесіп өндіруге мүмкіндік беретін перспективалық жоспарлар мен мақсаттар туралы ой бөлісті.

"Үнді нарығы Қазақстан үшін өте қызықты. Бір жағынан, бұл үлкен көрермен аудиториясы. Бұл ретте Үндістанда жыл сайын 1800 фильм түсіріледі. Ол тек Болливуд ғана емес, сонымен қатар авторлық, ойын-сауыққа бағытталған кинофильмдер. Бұл картиналардың көбі жеке қаражатқа түсіріледі. Бүгінде Үндістан шекараларды кеңейтуге, басқа елдермен ынтымақтастыққа, шетелде түсірілімдер жүргізуге мүдделі. Қазақстанда "Кинематография туралы" заң қабылданған сәттен бастап біз рибейт жүйесін пайдалана отырып, Қазақстанда түсіруге мүдделі Үнді компанияларынан көптеген сұраныстар мен ұсыныстар алдық, сондай-ақ бірлескен өндіріс үшін жобалар ұсынылып отыр. FICCI FRAMES іс-шарасы осы саладағы ең ірі іс-шара болатыны рас. E-FRAMES арқасында Қазақстанның үлкен үнді кәсіби аудиториясы үшін мүмкіндіктерін ұсынуға тамаша мүмкіндік пайда болды. Шекара ашылғанда, Қазақстанда түсірілімдер, соның ішінде үнді жобаларының түсірілімі басталады деп үміттенемін! Ал 2020 жылдың қараша айында Goa Film Bazaar кино өнім нарығында Гоа - дағы белгілі фестивальде Қазақстан мен отандық режиссерлерді таныстыруды жоспарлап отырмыз", - деді Анна Качко.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  bestmediainfo.com

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы