Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 қазан, 2021272

Отандық киногерлер олжалы

Қазан айында қазақ киносы көптеген кинофестивальдарда үздік номинацияларды қанжығасына байлады. Біздің киноөнім әлемдік ареналардың беделді бәйгелерінде тұсауы кесіліп, кинематографиясымен өзге ұлт азаматтарының назарын аудартып келеді.

Қазақстандық веб-сериал Оңтүстік Кореядан олжамен оралды

«Sheker» драма сериалы Азия кинонарығындағы «Asia Contents Awards» (ACA) ең басты жүлдесін алып, Пусандағы халықаралық фестивальдің үздік веб-сериалы атанды. Қазылар алқасының шешімімен Salem social media қазақстандық ірі медиа компаниясының жобасы «best Short-form/Web Drama» номинациясында жеңіске жетті. Айтөре Жолдасқалидің дебюттік туындысы «Азия Канндары» беделді сыйлығына ие болған тұңғыш қазақстандық сериал. Биыл байқауға қатысуға 16 елден 163 жоба ұсынылған.
«Sheker» – қылмыстық жолмен оқудағы мәселелерін шешуге кіріскен студент Алдияр туралы драмалық оқиға. Жас жігіт оңай ақшаға кенелуді көздеп, есірткі жеткізушісі болып, өзінің нашақорлық деп аталатын батпаққа белшесінен батқанын байқамай қалады. Айта кетейік, басты рөлді сомдаған Азат Жұмаділге «Newcomer-Actor» атағына ұсынылған болатын.

Қазіргі таңда драмалық жанрдағы оқиғаның екі маусымы әлеуметтік желілерде қолжетімді. Сондай-ақ жас буынның арасында көп танымалдылыққа ие болып, бір сериалының қаралымы 2 000 000-нан асады.

«Жаным, сен сенбейсің!» комедия жанрындағы фильмі қатарынан үш  жүлдеге ие болды

Отандық «Жаным, сен сенбейсің!» фильмі «Toronto After Dark» дәстүрлі  фестивалінде бағы жанды. 13-17 қазан күндері Канада да болған кинофествальде туынды «Үздік актерлік құрам», «Үздік бірегей фильм» және «Көпшілікпен көруге арналған үздік фильм»  номинациясы бойынша жеңімпаз атанған.
Торонтодағы тәуелсіз жанрлық кинобайқауы 15 жылдан бері өткізіліп келеді, басты ерекшелігі қазылар алқасының болмауы. Оның есесіне, қатысушылардың мыңнан тұлпар атануына көрерменнің дауысы тікелей әсер етеді. Жыл сайын фестивальге мыңдаған кино әуесқойлары және 100-ден астам баспасөз әрі индустрия өкілдері қатысады. Олар таңдалған  туындылардың  жүздеген шолулары мен кинематографистердің фильмдерін тарату туралы бірқатар келісім-шарт түзеді.
Бүгінгі күні «Жаным, сен сенбейсің!» комедиясы отандық ең атақты жанрлық кинолентасы болады. Фильм 30-ға жуық Халықаралық фестивальге қатысып, көптеген марапаттарға ие болды. 
«Жаным, сен сенбейсің!» картинасының сюжеті жас жұбайлар арасындағы қарапайым отбасылық жанжалдан басталады. Ұрыс ушыққан кезде, Дастан есімді бас кейіпкер достарымен алғашқы рет балық аулауға жол тартады. Фильм барысында баскесерлердің адам өлтірген сәтіне тап болады. Жасырынуға тырысып жүргенде, оларға жалғыз көзді қанішер және қызын тұрмысқа беруге тырысқан қарт кезігеді. Үш жолдастардың алдында шытырманға толы оқиғалар күтіп тұр. Ал ең қорқыныштысы, досының жүкті әйелі. Осылайша, фэнтези әрі қанды картинаға толы фильм киносыншылар мен көрерменнің көңілінде жатталған. 

Әділхан Ержанов Швецияда өткен фестивальде «Үздік режиссер» атағын алды

Қазақстандық жас режиссер Әділхан Ержанов Стокгольмде болған «Hope International Film Festival» кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңді. Оның бұл жетістігіне себепкер «Сары мысық» фильмі. Сонымен қатар, Верона (Италия) және Брюггеде (Бельгия) өткен екі кинофестивальде де картина «Үздік фильм» атағымен марапатталды.
Картинада қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндалады. Жас Кермек түрмеден шыққаннан кейін туған жеріне қайтады. Өз қаласында өзінің қатал заңдарын орнатқан қылмыстық топтың басқарғанып жатқанын куә болады. Сонымен қатар, оның сүйіктісі Ева осы адамдардың қысымымен жаман жолға түскенін көріп артынан Кермектің өзі қылмысқа батып кетеді. Алайда, ол сүйгенімен бірге бостандыққа шығып, кинотеатр салуды армандайды. Бұл мақсат жолында белді бекем буып, өз уәдесін орындауға кіріседі. Жалпы оқиға осылайша жалғасын табады.
Еске салсақ, «Сары мысық» туындысы – киногер Әділхан Ержановтың 9-шы көркем толықметражды картинасы. Былтыр фильмнің әлемдік премьерасы өткен. Айтулы шығарма 77-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» байқау бағдарламасында көрініс тапты. Кейіннен, кинотуынды бірқатар басқа фестивальдерге бақ сынап, бірнеше марапаттарға ие болды. Ал биыл тұңғыш рет Брюгге қаласында өткен «Bruges International Film Festival» кинофестивальда басты жүлдені жеңіп алды.
«Сары мысық» фильмін «Zerde FILMS» компаниясы «Short Brothers», «Arizona Productions» (Франция) компанияларының, «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен түсірген.

Қазақстандық суретшінің анимациялық фильмі  50-ден астам марапатқа ие болды

«Лента» – күтпеген жерден кішкентай қыздың сиқырлы әлемде оянатыны жайындағы қысқаметражды, 2D анимациялық фильмі. Басқа ғаламшарда оянып, ерекше кейіпкерлерді кездестіргенде қыз кенеттен оны алыстан қызыл лента ұстап тұрғанын байқайды. Қайта-қайта сүрінген соң, лентаны тартып жатқанда, таңғажайып саяхаты басталады.
«Кішкентай қыздың беліне байланған қызыл лента туралы әңгіме. Фильм көп қырлы және эмоционалды. Бастапқыда бұл балалар фильмі сияқты көрінуі мүмкін, бірақ ол әлдеқайда терең мағына жасырады», - деді жоба режиссері Полла-Илария Козино.
Автордың айтуынша, мультфильмнің жұмысы 2019 жылы аяқталған. Қысқаметражды фильм сол уақыттан кейін АҚШ, Еуропа, Ресей, Жапония, Қытай фестивальдеріне қатысты.
«Біздің фильм бүкіл әлем бойынша 200-ден астам кинофестивальдерде бақ сынады. 50-ден астам марапаттарға ие болдық, көбінесе «Үздік анимация» немесе «үздік қысқа анимация» номинациясына ұсынылды. Өкінішке орай, пандемияға байланысты біз көптеген фестивальдерге қатыса алмадық, барлығы онлайн форматта өтіп, марапатымызды қашықтықтан алып отырдық», - деп толықтырды Козино.
Қазақстандық режиссердің кинотаспасы марапаттарға ие болған ең беделді кинобайқаулар: Florence Film Awards, Global Music Awards, London Independent Film Awards, Los Angeles Film Awards, Oniros film awards, Paris film festival, Top Indie Film awards, Vegas Movie awards.
Фильмнің режиссері Пол-Хилария өз мансап жолын суретші ретінде бастады. Алматылық ару қазіргі таңда анимация мен визуалды эффектілердің режиссері әрі продюсері.

Дарынды режиссер Қуаныш Бейсековтың дебюттік фильмі жүлделі орынды ұтты

Жас киногер Қуаныш Бейсековтың «Шоқан» қысқаметражды фильмі Оңтүстік Кореядағы «Chuncheon Film Festival» фестивалінде бір миллион корей вон ақшалай сыйлығымен «the Vision of Chuncheon» номинациясын қанжығасына байлады.
Кинокартинада дамыған болашақтың декорациясына еніп, бір ғасыр алдынғы біздің ұлтымыздың зұлмат жұлдарындағы тарихи оқиғаны қозғайды. Жоғары технологиялардың арқасында болашақта мектептерде сабақ бұрынғыдай болмайды. Осы немесе басқа кезеңді егжей-тегжейлі зерттеу үшін білім алушылар виртуалды шындық әлеміне аттанады. Сонымен, ашаршылық жылдарында тақырыбындағы сабақтардың бірінде Шоқан виртуалды шындықтың негізінде нақ рас дүние екенін сезеді.
«Chuncheon Film Festival»- әртүрлі жанрлық фильмдерді жақсы көретін кинорежиссерлер мен тәуелсіз фантастикалық фильмдер түсіретін кинематографистер арналған кинофестиваль. Фестивальдің мақсаты –  қауіпсіздік пен болашақты қолдау. CCFF додаға түскен кинотуындылар қауіпсіз болашақты құру құндылықтарын ашқысы келеді. Кинокөрсетілім биыл өзінің 8 жылдығын атап өтті. Айта кетсек, бұл шараның ұйымдастырылған күндері 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығын құрайды. 
Картинаның продюсері Мағжан Мәдиев пен Марат Шәкен болды. Қоюшы-суретші – Олжас Әлменов.

Орталық Азияның үздік кинокартинасы «Қап-қара адам»

Отандық кинорежиссер Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам» фильмі халықаралық кинобайқауда «Орталық Азияның үздік фильмі» номинациясымен жеңіске жетті. 1 қазанда Қырғызстанның астанасы Бішкекте IX«Ақ Ілбіріс» ұлттық киножүлдесі табыс етілген.
Салтанатты рәсімге Қырғызстанның Мәдениет министрі Қайрат Иманалиев сондай-ақ қырғыз елінің кинорежиссерлер, актерлер, операторлары, мәдениет және кинематография қайраткерлері қатысты.

«Ақ Ілбіріс» ұлттық киножүлдесі – жыл қорытындысы бойынша Қырғызстан Республикасының үздік кинематография мамандарын марапаттаудың жыл сайынғы рәсімі. Аталған кинобайқау 2012 жылдан бері өткізіліп келеді, ал 2020 жылы бүкіләлемдік пандемияға байланысты  өткізілмеді.
«Қап-қара адам» – өмірдің түрлі қиындық көрген соң өзгеріп, қайта адам болатын кейіпкер жайындағы туынды.  Фильмге арқау болған оқиға талай рет айтылып, сандаған сюжетке ар­қау болып жүргенімен де, мен үшін бұл тақырып қашанда қызық. Әр­да­йым толғандырып жүрген өзекті мәсе­лелердің санатында. Жанр бойынша жіктейтін бол­сақ, менің фильмім – анти-детектив», дейді төл туындысы жө­нінде кинорежиссер Әділхан Ержанов. Естеріңізге сала кетейік, «Қап-қара адам» фильмінің әлемдік тұсаукесері 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Сан-Себастьяндағы (Испания) 67-ші Халықаралық кинофестивальдің негізгі байқау бағдарламасында орын алды. 2019 жылдың қараша айында Әділхан Ержанов фильмдегі жұмысы үшін «Үздік режиссер» номинациясы бойынша «Asia Pacific Screen Awards - 2019» (Азиялық Оскар) сыйлығына ие болды. Әділхан Ержанов осы сыйлыққа ие болған алғашқы Қазақстандық режиссер.
Фильм про­дю­сер­­лері – Ақан Сатаев пен Ер­­нар Құрмашев, компози­торы – белгілі музыкант Ғалымжан Молдана­зар. Сценарийді жасау үшін Әділ­хан Ержанов пен нидер­лан­­дтық Ролоф Ян Минне­боо бір­ге жұмыс істеді. Картинадағы басты рөлдерді Данияр Ал­шинов пен Динара Бақтыбаева ойнайды.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы