Размер шрифта:

Цветовая схема:

19 тамыз, 2020358

Отбасылық құндылықтар туралы жаңа сериал түсірілді

Алматы қаласында тағы бір жаңа туындының түсірілімдері өз мәресіне жетті. Бұл жолғы картина "Немного женаты" деп аталады.

Жобаның авторлары "Гудбай, мой бай" және "Аташка на хайпе" кинокомедияларын жарыққа шығарған елге белгілі талантты киногерлер болды.

Жаңа телесериалдың продюсері Сәбит Рахымбаевтың айтуынша, бұл отбасылық құндылықтар мен жанұяның бәрінен де бағалы екендігін дәлелдейтін  картина.

Сюжет бойынша, екі отбасы ортақ бизнесті бастау үшін өз балаларын кішкентай кезінде атастырып сөз байласады. "Құданы құда ешқашан тастамайды" деген қағидатпен екі жақтың ата-анасы балаларының бірін-бірі көрмей, білмей-ақ  үйлене салуы оңай іс деп ойлайды. Алайда, өмірінде таныс емес мүлде екі бөлек жан бір-бірін қабылдап, үй болып кете алады ма? Күйеуі мен әйелі болып, бір шаңырақтың астында өмір сүре алады ма? Кинокартина осы жолмен қосылған жастардың отбасылық өмірінде кездестіретін қиындықтары мен қызықтарын бейнелейді. Сондай-ақ, жоба авторларының пайымдауынша, карттинадағы басты кейіпкерлердің басым бөлігін еліміздегі кино саласына енді ғана қадам басып келе жатқан талантты әрі дарынды актер мен актрисалар сомдайтын көрінеді. Осылайша, шығармашылық топ жаңа есімдерді халық назарына ұсынуды көздеп отыр. 

Телесериалдың режиссері ретінде Дастан Алдабек еңбек етті. Қоюшы-оператор болып Асқар Серікқазин, ал қоюшы-суретші қызметінде Света Нечепуренко жұмыс істеген.

"Немного женаты"  отбасылық телехикаясының басты рөлдерінде Тұрар Давильбеков, Әсия Шейхман, Динара Урбиссинова, Амина Мектепбаева, Татьяна Турлай және Әділет Бисариев бой көрсетеді. Телесериалдың премьерасы осы жылдың күзі мезгіліне жоспарланып отыр. Картина отандық "31 телеарнасында"  көрермен назарына ұсынылатын болады.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  @8asiya

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы