Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 мамыр, 2021396

Қазақстандық кино жаңалықтарына шолу

Соңғы апта әдеттегідей отандық кино үшін жағымды жаңалықтарға толы болды.  Мысалы, 24 мамыр мен 30 мамыр аралығында қазақстандық кино аптасы тұңғыш рет Сербияда өткізілсе, Елена Лисасинаның «Батыр» қысқаметражды картинасы Испанияда мәртебелі марапатқа ие болды. Осы және өзге де қазақ киносының жетістік жолы туралы соңғы жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан мен Корея мултипликационды фильмдерді бірге дамыту жөнінде келісімге келді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Корей анимациялық фильмдерді насихаттау агенттігі арасында меморандумға қол қойылды.

Меморандум тараптар арасында тәжірибе алмасуды, теледидарлық жобаларды, анимациялық мультфильмдер шығару бойынша дәрістерді, шеберлік сыныптарын және тренингтерді жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Айта кету керек, Корея агенттігі 1998 жылы құрылған және қазір «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған анимация академиясы» жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жобаның мақсаты – білім берудегі теңсіздікті азайту, әлеуметтік бейімделуге көмектесу, сондай-ақ жұмыс орындарын құру және мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту.

Өз кезегінде, 2021 жылы 12 наурызда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру жобасы – «Балапан» телеарнасы жанындағы әлеуметтік анимациялық мектеп өз жұмысын бастады.

Осындай жоба Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылуда, онда мектеп қатысушыларына Қазақстан, Жапония және Оңтүстік Кореяның үздік аниматорлары сабақ береді. Мектеп ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін жаңа білім мен  дағдыларды алуға мүмкіндік береді. «Балапан» телеарнасының мектебі де ерекше, өйткені жаттығудан кейін балалар мұғалімдермен байланысын жалғастыра алады және қажет болған жағдайда олардан кеңес алуға мүмкіндігі болады.

Бүгінде Қазақстанда анимациялық дизайн саласы қарқынды дамып келеді. Бақытымызға орай, қазір ішкі нарықта осы саладағы мамандар тапшылығы сезілмейді. Мұндай жұмыс мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлы болуы мүмкін.

«Қазақстан» телеарнасы «Самалмен сырласу» атты телехикаяның  түсірілімін бастады.

20 мамырда Алматы қаласында «Қазақстан» телеарнасының тапсырысы бойынша «Самалмен сырласу» атты телехикаяның  түсірілім жұмыстары басталды. Жобаның режиссері – Әсет Жұмақан.

Көп бөлімнен тұратын драма бақытты некеде және бақуаттылықта өмір сүріп жатқан 37 жастағы Самал туралы баяндайды. Оның күйеуі Санжар – өзінің бұрынғы сыныптасы, кәсіпкер. Ол отбасы ештеңеге мұқтаж болмауы үшін қолынан келгенінің бәрін жасайды. Самал екеуі ұл тәрбиелеп, өз болашақтарын жоспарлап отыр. Алайда, оларға өмірдің басқа жоспары бап болып шығады...

Бірде Самал сыныптастардың бас қосуына барады, сол жерде ескі танысы – Жұматты кездестіреді. Кезінде ол Санжардың іскери серіктесі болған. Оған да Самал ұнаған, бірақ қыз Санжарды таңдайды. Біраз уақыттан кейін Санжар өзінің жұмыс бөлмесінде жүрек талмасынан қайтыс болып, Самал жанұяның асыраушысынсыз жалғыз қалады.

«Бұл фильмнің басты әлеуметтік бағыттарының бірі – отбасы және отбасылық құндылықтар, ғасырлар бойы дала тұрғындарының үйлесімді өмірінің негізін қалаған ата-баба дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ұстану. Қазіргі қоғамда олар не ұмытылып қалған немесе жөнсіз мағынаға алмасқан», – деп атап өтті кино продюсерлері.

Басты рөлдерде Айнұр Ахметжанова, Бақыт Тушаев, Ерлан Әли, Жандос Жұмағұлов, Алмагүл Тоқташбай, Лаура Мырзахметова, Ғалымбек Оспанов және Меруерт Түсіпбаева ойнайды. Хикаяның сценарийін Дәурен Ыбырайымов жазған. Оператор - Марат Тұрғанбаев. Продюсер Жанна Абишева.

Түсірілім шілде айына дейін жоспарланған. Әзірге эфирге шығатын күні белгісіз.

Сербияда қазақстандық киноның апталығы өтті.

Сербияда 24-30 мамыр аралығында отандық өндірістің соңғы жылдардағы үздік фильмдері көрсетілді. Апталықтың салтанатты ашылуы 24 мамырда Белгардта өтті. Шоуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауының 25 жылдығына орайластырылған.

Іс-шараны Қазақстанның Сербиядағы елшісі Ғабит Сыздықбеков пен Қазақстанмен достық жөніндегі парламентаралық топтың төрағасы Оливер Неделкович ашты. Сондай-ақ, құрметті қонақтар – Халық Ассамблеясының депутаттары, Үкіметтің өкілдері, дипломатиялық корпус және Сербиядағы Қазақстан достары клубының мүшелері.

Қазақстан Елшісі өз сөзінде елдер арасындағы достық байланысты нығайтуға қызмет ететін және қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Елшілік ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірге Белград қонақтары мен тұрғындары үшін әдемі бағдарлама дайындады.

Сербиялық көрермендер бір апта ішінде «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Аманат», «Құнанбай», «Сақшы», «Алмас қылыш», «Қазақ хандығы. Алтын тақ», «Балуан Шолақ», «Жақсылық», «Мұзбалақ» және «Күлтегін» сияқты көркем және анимациялық фильмдерді көруге мүмкіндік алды.

«Батыр» қысқаметражды фильмі Испанияда марапатқа ие болды.

Мадридте өткен SHORT OF THE YEAR – WINTER 2022 кинофестивалінде қазақстандық «Батыр» қысқаметражды фильмі «SPECIAL JURY MENTIONS PROMOFEST» сыйлығымен марапатталды.

PROMOFEST 1992 жылдан бастап жұмыс істейді және бүкіл әлемдегі фестивальдарда фильмдерді насихаттап, таратумен айналысады. Бұған дейін осы фестиваль ұсынған жұмыстар іріктеліп, 1000-нан астам халықаралық кинофестивальдарда сыйлықтармен марапатталды.

Режиссер Елена Лисасиннің «Батыр» фильмі ұлы ауырып жатқан Дина туралы баяндайды. Оның баласын құтқару күн өткен сайын қиындап барады. Бірақ жалғыз жесір әйел қысқа мерзімде қайдан көп ақша ала алады? Амалы қалмаған Дина жыныстық қатынас үшін ақша ұсынатын бастығының ұсынысына келісуге мәжбүр болады. Бұл жалғыз түн Динаның өмірін мәңгі өзгертеді. Ол өз ұлын құтқарады, бірақ әйел ретінде мәңгілікке жоғалады ...

Фильмдегі басты рөлдерді Жанель Серғазина, Қуандық Қыстықбаев, Шыңғыс Капин, Рауан Романи, Дулыға Ақмолда және Айбар Таңғыт ойнады.

Сценарий авторлары: Елена Стерн, Лаура Сапа және Елена Лисасина. Жобаның продюсері – Лаура Сапа, креативті продюсері – Анара Жүнісова.

Фильмді қолдап, оны насихаттаумен айналысатын Qazaqfest. Сондай-ақ, фильм осыған дейін 1977 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Германияның Сельбе қаласында өткен беделді Еуропалық кинофестивальдің ресми бағдарламасына,  63-ші Рочестер Халықаралық кинофестивалінің (Англия) ресми бағдарламасына енді. Фильмнің қоржынында Лондон кинофестивалінің «Үздік фильм» және «Үздік әйел рөлі» деген екі марапты бар.

Естеріңізге сала кетейік, Qazaqfest –халықаралық кинофестивальдарда киноны насихаттайтын Орталық Азиядағы алғашқы агенттік.

Беларусьте «1941 жылдың жазы» фильмінің түсірілім жұмыстары басталды.

Беларуссияда «Лето 41-го года» («1941 жылдың жазы») әскери драмасын түсіру басталды. Соғыс фильмінде ғалым, жазушы және қоғам қайраткері Әди Шәріповтің шынайы оқиғасы баяндалады. Ол 28 айдан астам уақыт Ұлы Отан соғысы кезінде Беларусь ормандарында партизан болған. Киногерлер аңызға айналған «Иди и смотри» (тікелей қазақшасы: «Бар да көр») және «Восхождение» («Өрлеу») әскери фильмдерінен шабыттанып, өз жұмыстарында соларды басшылыққа алады.

«Соғыс туралы тыныш түсіруге болады. Мен бұл сұмдықтарды заманауи емес – жарылыс пен атыссыз көрсеткім келеді, мұның бәрі партизан соғысы. Бұл фильм әуел бастан соғысқа қарсы болды»,– дейді фильмнің режиссері Бекболат Шекеров.

Қазақстаннан Беларуссияға 17 маман ұшып келді, олардың арасында режиссер, оператор Марс Умаров және басты рөлдерді сомдаушылар болды.

Фильмнің бас продюсері Тасболат Мерекенов. Басты рөлдерді Азамат Нығманов, Шарифбек Закиров, Әлихан Лепесбаев, Александр Брухатский және Андрей Олифиренко сомдайды. Фильмнің үлкен экранға қашан жол тартатыны әлі белгісіз.

Әділхан Ержановтың «Ұлболсыны» Польшадағы кинофестивальдың бағдарламасына енді.

Әділхан Ержановтың «Ұлболсын» картинасы 22 шілде мен 1 тамыз аралығында Польшаның Вроцлав қаласында өтетін New Horizons кинофестивалінің бағдарламасына енді.

New Horizons («Жаңа көкжиектер») 2001 жылдан бері өткізіліп келеді, ол Польшадағы ең ірі кинофестиваль және Орталық Еуропа картасындағы маңызды кинофестивальдердің бірі. Фестивальдің мақсаты – көрермендерді әлемдегі ең көрнекті, жаңашыл, ерекше фильмдермен таныстыру.

Еске салайық, «Ұлболсынның» әлемдік премьерасы өткен жылдың қараша айында Таллинде өткен «Қара түндер» кинофестивалі аясында өтті, онда фильм «Азияның үздік фильмі» деп танылып, NETPAC Asian Film Promotion Network сыйлығын жеңіп алды.

Түсірілім 2020 жылы қыста Алматы облысында өтті. Оны Sunny Production (Қазақстан) компаниясы Short Brothers (Қазақстан) және Arizona Productions (Франция) компанияларының қатысуымен түсірген.  

Басты кейіпкер, мықты әрі ерік-жігері мол Ұлболсын қалада тұрады. Сіңлісі Ажар Қаратас ауылында орта мектепті бітіреді. Ұлболсынның сүйікті сіңлісінің болашағы туралы үлкен жоспарлары бар – ол Ажардың беделді шетелдік университетке түсуі үшін жеткілікті ақша жинады, бұл одан әрі мансапқа жетуге, Ажарға еркін және тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Алайда ол сіңлісін алып кетуге Қаратасқа келгенде, қызды өзінің токалы – екінші әйелі ету үшін оны ауылдағы сыйлы адам Үрген алып қашып кеткенінен хабардар болады. Бірақ Ұлболсын бұл оқиғаны жайдан-жай жауып қоя салмай, Каратастың патриархалдық әлемімен күресуге батыл кіріседі...

Картинаның бас продюсері – Асель Садвакасова, ол сонымен бірге басты рөлді – Ұлболсынды сомдады. Естеріңізге сала кетейік, Садвакасова бұдан бұрын Ержановтың тағы 2 туындысын – «Атбайдың жекпе-жегі» және «Сары мысық» картиналарын шығарған. Басты кейіпкердің сіңлісі Ажардың рөлін жас актриса Динара Сағи сомдады. Актер Ерболат Әлқожа дәріші Үргеннің рөлін ойнап шықты.

Фильмге актерлер Берік Айтжанов, Санжар Мәди және Данияр Алшинов та қатысты. Алшиновтың эпизодта «Қара, қара адам» фильміндегі өз кейіпкері детектив Бекзаттың рөлінде пайда болуы назар аудартады. Кинода режиссермен үнемі әріптестік ынтымақтастықта болатын Ержан Жаманқұлов, Нұрбек Мұқышев және Еркен Ғұбашев та актерлік өнерін көрсетеді.

 «Бұлбұл» фильмінің түсірілімі басталды.

27 мамырда Роза Бағланова туралы «Бұлбұл» фильмінің түсірілімі басталды. Фильмді өндіруші компания – GG Cinema. Жобаның режиссері – Санжар Омаров, операторы – Қаршыға Оспанов. Ал бас продюсері – Гүлнұр Мамасарипова. Басты рөлдерді Зарина Жакенова мен Дархан Сүлейменов сомдайды.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың басында аты аңызға айналған қазақстандық әнші Роза Бағланованың есімін мәңгі қалдыру туралы бұйрық берген болатын. «2022 жылы 1 қаңтарда аты аңызға айналған әнші Роза Бағланова 100 жылдық мерейтойы өтеді. Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Батыры, Ұлы Отан соғысы майдандарындағы концерттердің қатысушысы болған оның әлі күнге дейін біздің елде және шетелдерде тыңдармандары көп. Оның атын мәңгілікке қалдыру үшін шаралар қабылдауды тапсырдым», – деп жазды Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

Роза Бағланова – Ұлы Отан соғысы кезінде майданды аралап, майдан даласында сарбаздардың алдында өнер көрсетіп, ерекше даңққа ие болған әлемге әйгілі қазақ әншісі. Оның есімі әлемдегі әйгілі әйелдердің англо-американдық энциклопедиясының алғашқы саны Who is Who («Кім кім») шығарылымына енгізілді.

Қазақстанның халық қаһарманы, КСРО халық әртісі, көптеген медальдардың иегері, соның ішінде «Әскери ерлігі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» және «Еңбек ерлігі үшін» Роза Бағланова 2011 жылы 8 ақпанда Алматыда қайтыс болды...

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы