Размер шрифта:

Цветовая схема:

16 қыркүйек, 202016

“Отыздан асып барамын”. Бойдақтар туралы фильм түсіріледі

Еліміздің өнер қаласы саналатын Алматы шаһарында өмірлік серігін таппай жүрген сұр бойдақтардың өмірі жайында кинофильмнің түсірілімдері басталды. Жасы отызға келген жігіт туралы фильм “Почти мачо” деп аталады. 

Фильм режиссері Бақытжан Жиеналаның айтуынша, біздің қоғамымызда  мұндай жағдайлар жиі кездесіп, өмірімізде отбасыдан бұрын жұмыс пен карьераны бірінші орынға қоятын адамдар көбейіп келе жатыр.

Бақытжан Жиеналы-режиссер:

“Бәріміздің дерлік бір ғана болсын жасы отыздан асқан бойдақ досымыз немесе танысымыз бар. “Неге үйденбейсің?”-деген сауалға олардың көбі “Нормальный қыз жоқ”- деп ақталып жатады. Қыздар тарапынан да дәл сол жағдай. Сонымен, сол “нормальный” қыздар қайда? Бұл мәселелерді бір арнаға тоғыстырып, осы сауалдарға жауап іздеп көріп едік. 

Сценарий авторлары шымкенттік жігіттер, КВН ойыншылары Абай Аязбаев ("ТехАС" командасынан), Дәнекер Оразбай ("біздің жігіттер" командасынан) және ақтөбелік драматург Рустам Мұхит болды. Фильм бойынша Mandarin Pictures  кинокомпаниясы жұмыс істейді. 

Бақытжан Жиеналы-режиссер:

“Біз бір жағымды істі бір пайдалы іспен біріктіруді шештік. Дубайға, Біріккен Араб Әмірліктеріне саяхаттап әррі онда аталған кинокартинаның сценариін жазған болатынбыз. Үш апта ішінде шетелде сценарийді бастап, содан кейін елде егжей – тегжейлі толықтырған болатынбыз. Карантин жағдайларына байланысты үш ай бойы өңдедік, ал пост-редактор тағы екі айға созылды".

Басты рөлдерде актерлер Дастан Оразбеков, Кәмшат Жолдыбаева, Әбунасыр Серіков, Жанна Қуанышева, Данагүл Темірсұлтанова, Әбілмансұр Серіков, Индира Еділбаева және басқалар сомдаған.

Фильмнің түсірілімі 31 тамызда басталып, қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Алаңда 30-ға жуық адам жұмыс істейді.

Бақытжан Жиеналы-режиссер:

"Бұл фильмнің идеясы екі жыл бұрын пайда болды, бірақ оны жүзеге асыру дәл осы жылға түсіп отыр. Міне, коронавирусқа байланысты біз өзімізді босаттық, біз карантиннің арқасында бұл жобаны бастадық деп айта аламыз.  Біз бастапқыда туған қаламызда фильм түсіргіміз келді, өйткені олар мұндай фильмді ешқашан түсірмеген. Сонымен қатар, Шымкентте әдемі жерлер көп. Бірақ Алматыда түсіруді ұйғардық,, өйткені мұнда барлық техника мен актерлер бар. Біз бұл картина қазақстандықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оларды өмір туралы ойлануға мәжбүрлейміз деп үміттенеміз. Фильм кең аудитория үшін есептелген: балалар үшін де, ересектер үшін де тамашалай алады", - деп атап өтті режиссер.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы