Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 шілде, 2020384

«Подарок Сталину» фильмі жайында бірер сөз

Рүстем Әбдірашевтің осыдан 12 жыл бұрын, бірақ өткен ғасырдың сонау зұлмат жылдары жайында түсірілген «Подарок Сталину» картинасын көрмеген жан кемде-кем шығар. Бүгін, тіпті биыл жарық көрмесе де, фильм құндылығы мен оған деген қызығушылықты жоғалтқан емес. Өз пікіріміз. Онымен бөліссек пе дейміз.

Фильмді көріп, ең сұрапыл заман туралы осыншалық мейірімді фильм түсіруге бола ма деген ойға келесің. Сөйтсе... Қазақтың кеңпейілдігі мен бауырмалдығы, халықтар арасындағы достық пен қамқорлық, кішкентай баланың зеректігі мен ықыласы болар, лентада суреттелетін қатыгездік пен әділетсіздікті байқамауға тырысасың.

Фильмді бұрын көріп, ұмыта бастасаңыздар, сюжет желісін естеріңізге салып өтейік. Картина 1949 жылдары болған оқиғаларды, яғни репрессияның кезекті толқыны өтіп, Сталиннің жарлығы бойынша көптеген адамдарды Қазақстанға жер аударған тұстар суреттеледі. Фильмнің бас кейіпкері – тағдырдың жазуымен қазақ даласындағы стансалық ауылдардың біріне түсетін еврей бала. Ол поезде атасымен бірге өзге құдаланғандармен Қазақстан жеріне келе жатады. Жолда атасы кенет қайтыс болып, баланы аман қалдыру үшін үзеңгілестер кішкентай Сашаны поезден шынайы қайтыс болған адамдармен бірге өлі деп шығарады. Бала сәті түсіп, жол қараушы Қасымның стансасына түседі. Бұл қарт теміржолшы болмаса, бала полицей Балғабайдың қолынан расымен де мерт болар еді. НКВД майоры мен жергілікті полицейді алдап, Қасым Сашаны өзінің ауылына әкеледі. Мұнда бала Сабыр деген атқа ие болып, өзі секілді жер аударған орыс әйелі Верканың, поляк Ежа, дұнған Фата мен кәріс жігіті Глеб есімді жандардың қамқорлығына бөленеді.

Барлығы баланың тағдырымен әбігер болғанда, артқы фонда саяси оқиғалар белең алып жатады. Бүкіл Кеңес Одағы Сталиннің жетпіс жылдығына сыйлықтар дайындайды. Алайда ол үшін ең үлкен сый әзірленіп қойған. Ол – ядролық жарылыстың құрбаны болатын мыңдаған қазақстандықтың өмірі. Фильмнің екі мағынаға ие деседі. Бірі - көсемге оған ата-анасын қайтаратынына сенетін балағы сыйлығы болса, екіншісі - жоғарыда аталған ауқымды тарту.

Десек те, режиссер қазақстандықтардың татулығы мен бірлігін көрсетуге тырысқан. Әрі бұл мақсаты орындалған тәрізді. Түпмағынаны былай қойғанда, актердің қай-қайсысын алсақ та, ойны мінсіз. Кішкентай болса да, ақылды баланы сомдаған Дален Шантемиров те, жалғыз басты, қорғансыз, бірақ табанды мінезді Верканы сомдаған Екатерина Редникова да, шыдамды, бірақ сүйгені үшін жанын беруге даяр мейірімді Ежаны ойнаған Вальдемар Шчепаняк та, әділ де парасатты Қасым мен оның сенімді дұнған досын сомдаған Нұржұман Ықтымбаев пен Ерболат Тоғызақов және сұмпайы, бірақ ақымақ әрі жүрегінде титтей болса да, жанашырлығы бар Балғабайды сомдаған актер Бақтияр Қожалардың ойындарына қарап тәнті боласың. Асырғанымыз емес, шынайы, жасандықсыз орындалған өнер деп білдік.

Жамандық пен жақсылықтың қашанда адамның ұлтына, діні мен шенінен тыс болатын бір жарым сағаттың ішінде осылай қарапайым түрде көрсетудің өзі өнер, талант. Қысқасы, режиссер жақсы фильм жасай білді.

Кезекті рет адам рухының төзімділігіне шек жоқтығына көз жеткізетін «Подарок Сталину» картинасын тағы бір тамашаудың мәні бар. Бастысы – қиын-қыстау заманда өмір сүрсе де, адам болып қала білген адамдарға тәнті боласың.

Айта кетейік, режиссер Рүстем Әбдірашовтың фильм желісінде израильдік жазушы Давид Маркиштің естеліктері жатыр. Отандық картина «Шығыс пен Батыс. Классика мен Авангард» халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болған. Сонымен қатар, кинолента 13-ші Пусан ХКФ, Берлин мен Каннда өткен кинофестивальдерде көрсетілген еді.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы