Размер шрифта:

Цветовая схема:

24 тамыз, 202038

Пусан халықаралық кинофестивалінің академиясы қысқа метражды жобалар байқауын өткізеді

Пусан халықаралық кинофестивалінің академиясы және 37thdegree ірі өндірістік компаниясымен бірлесіп, коронавирустық пандемиядан қатты зардап шеккен жаңа дәуірдегі Азия кинорежиссерлерінің шығармашылық қызметін қолдау үшін қысқа метражды фильмдер жобаларының байқауын ұйымдастырады.

Қатысушылар қысқа метражды фильмнің (көркем немесе деректі) сценарийімен өтініштерін жібере алады. Конкурстық байқауда қазылар алқасының көңілінен шыққан жобалар болашақта ұйымдастырушылар тарапынан қолдауға ие болмақ. Сондай-ақ, қатысушылар байқау шарттарымен мұқият танысып, олардың орындалуын қадағалуы шарт.

Байқауға қатысу шарттары:

- 15 минутқа созылатын барлық жанрдағы көркем немесе деректі қысқа метражды фильмдер;

- жоба New Normal тақырыбында болуы керек ("жаңа норма")*

- режиссер азиялық болуы керек. Азияда тұрып, жұмыс істеуі міндетті;

- режиссер кем дегенде бір қысқа метражды фильм түсіруі шарт.

Өтінімдер 2020 жылдың 7 қыркүйегіне дейін қабылданады. Толығырақ Asian Cinema Fund ресми парақшасынан танысуға  болады.

* Жаңа норма (New Normal) — дағдарыстан кейінгі қоғам мен экономиканың қалпына келуі мүмкін емес жағдай. Бұл Термин 2008 жылғы Әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты пайда болды және 2020 жылы коронавирустық пандемияға байланысты белсенді қолданысқа енді. Қазіргі таңда әлемде  осыған байланысты мәселелер туындағаны және керісінше мүлде жаңа идеялардың туындауы да ескі жүйенің кетіп, жаңа норманың қалыптасуы деп атаса да болады.

 "Осындай әлем үшін маңызды кезеңдерді кино арқылы жеткізу, ерекше бір дүние шығуына себепкер болады",- дейді байқау ұйымдастырушылары.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы