Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 ақпан, 202072

Қарағандыда «Қазақфильм» күндері өтті

Қарағанды облысында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының күндері өтті. 6 ақпанда бастау алған игі шара 8-не дейін жалғасты. 

Ғасырға жуық тарихы бар Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы осы уақытқа дейін талай туындыны таспалады. Олардың қатарында кино ғана емес, деректі фильмдер мен мультипликациялық картиналар да баршылық.   

Киностудия соңғы уақытта түсірген фильмдерді таныстыру үшін Қарағанды облысында "Қазақфильм" күндерін өткізді. Киностудиясы басшылығы бастаған делегация өкілдері аймақ тұрғындарына "Қазақфильм" жүзеге асырған  төрт фильмді ұсынды.  

Рухани шараның алғашқы күні қарағандылықтар назарына режиссер Алексей Каменскийдің «Нұркен Әбдіров. Менің ұлдарымның ең кенжесі» фильмі ұсынылды. Оны алғашқылардың бірі болып Қарағанды академиясының курсанттары тамашалады. Осы күні-ақ, қаңтарда ғана қалың қарашаға жол тартқан Ермек Тұрсыновтың  «Шырақшы»/»Хранитель» туындысы ұсынылды. Алғашқысы қарағандылықтардың жерлесі, Қарқаралы ауданының тумасы, Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіров жайында баяндалады. Қазақ батыры небары 23 жас өмір сүріп, ерлікпен қаза тапқан. 

"Шырақшы" туындысы да сұрапыл соғыс жайынан сыр шертеді. Тек бұл фильмде соғыстан қайтқан солдаттың өмірі суреттеледі. Өзімен бірге ол соғыстан аман қалған немістің шалынан тарту етілген кинопроекторын ала келеді. Бұл олжасымен солдат соңғы күндеріне дейін айырылмайтын болады.   

"Казақфильм" студиясы ұйымдастыстырған шараның екінші күні Һәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Қарағанды облысына қарасты бас ақынның есімін еншілеген Абай қаласының жұртшылығы Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» атты фильмін тамашалады. Айта кетейік, тарихи туындыда басты рөлді актердің өзі сомдайды. Ал, түс ауа делегация Теміртау қаласының тұрғындарымен кездесіп, «Елбасы жолы» киноэпопеясының желісі бойынша «Теміртау: тарих, тағдыр, өмірбаян» атты кеш ұйымдастырды. 

Шараның соңғы күні Қарқаралы ауданы халқының назарына «Нұркен Әбдіров. Ұлдарымның ең кенжесі» және режиссері Олег Беляловтың «Қарқаралы» деректі фильмдерін, сонымен қатар режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» тарихи туындысы тарту етілді.   

«Қазақфильмнің» хабарлауынша, барлық фильмдердің көрсетілімі тегін жүргізілді. 

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  qazaqfilm.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы