Размер шрифта:

Цветовая схема:

01 қазан, 2020536

Қарттарым – асыл қазынам

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді атам қазақ. Кез келген қоғамның мәдени дамуы аға ұрпақ өкілдеріне деген шынайы қамқорлықпен айқындалады. Ақсақалы мен ақ жаулықты әжесі бар үй қашанда жарық. Мейірім мен берекеге толы. Олардың бүгінгі елдің өсіп-өркендеуіне қосқан еңбегі толассыз. Біз олардың алдында үлкен қарыздамыз. Осы орайда, Қазақстанда бүгін аталып өтетін қарттар күнінде асыл қазынамыз –қарттарға ерекше көңіл бөліп, оларға өз махаббатымызды білдіруге баулитын отандық фильмдер топтамасын ұсынғалы отырмыз.  

Қария

Ата-ана мен бала, қарттар мен жастар арасындағы қатынас – қай кезде де өзектілігін жоймайтын мәселе. Отандық «Қария» атты телехикая осы жайынан сыр шертеді. Әлеуметтік драма – «Хабар» телеарнасының жобасы. Хикая желісі алматылық Қарттар үйінде өрбиді. Әбілғазы есімді бас  кейіпкер мұнда келінімен келіспегені себепті түсті. Туған ұлы арадағы кикілжіңді реттеудің орнына, қартайған әкесінен құтылуды жөн көреді. Жаңа баспанада қария одан да қиын жағдайларға тап болады. Себебі қарттар үйінің өз ережесі бар: қатаң, кейде тіпті қатыгез десе де болады. Бұл ережелерді өрескел әрі биліке құмар мекеме басшысы бекіткен. Бас кейіпкермен бірге кинолента бұл үйдің басқа да тұрғындарының ащы тағдырын баяндайды.  Картина сценарийін жазушы әрі режиссері Асхат Мұсабай болды. Бас рөлді актер Бауыржан Қаптағай сомдайды. Картинада сонымен қатар Ерболат Тоғызақов,  Досжан Жанботаев, Гүлшарат Жұбаева, Гүлнар Байбосынова, Бақтияр Байсерік және басқа да актерлер өнер көрсетеді.  Телехикаяда кәсіби актерлермен бірге Қарттар үйінің шынайы тұрғындары да ойнады. Алайда олардың барлығы бірден келісе қоймаған екен. «Қария» кинолентасын жасаушылар бірінші кезекте отбасылық қарым-қатынас пен үлкендерге деген құрметтің маңыздылығын көрсеткісі келді. Фильм 12 бөлімнен тұрады. Телехикая 2017 жылы жарық көрді.

Фото: khabar.kz

«МногоДедный»

Қарттар үйіндегі тұрғындардың қиын өмірін «Многодедный» комедиясы да суреттейді. Картина жақындарға хабарласып, оларды қаншалықты жақсы көретініңді жеткізуге шақырады. Сюжет желісінің бас кейіпкері - бай кәсіпкердің Дамир есімді ерке ұлы. Жігіт те әкесі сияқты барлық проблемаларды ақшамен шешуді үйренген. Әкесі болса, жұмыс істеп тұрған Қарттар үйін қиратып, оның орнына тұрғын үй салып, оған өз атын бермек болады. Ол үшін оған Қарттар үйі директорының қолы керек. Осы кезде бұл орынға ол өзінің ерке баласын отырғызады. Содан Дамир мен оның өзі секілді байлықта өскен досы қарттар үйіне барып, онда аталар мен әжелердің ауыр тағдырын көрген соңғ өмірге деген көзқарастары өзгереді. Кейін Томирис есімді медбике қызға ғашық болып, әкесіне қарсы шығады. Фильмге «Бизнес по-казахски», «Бизнес по-казахски в Америке» фильмдерін түсірген Жеңісхан Момышев режиссерлік етті, ал картинадағы бас рөлдерді Тұрар Давильбеков, Қадырбек Демесін, Сағат Жылгелдиев, Исбек Әбілмәжінов, Олжас Сарсенбаев, Гүлжамал Қазақбаева, Әсет Иманғали,  Адина Бажан және тағы басқа актерлер сомдады.

Фото: brod.kz

«Жиде. Кешіккен махаббат»

Бұл картина - басты рөлді актер Нұржұман Ықтымбаев сомдайтын жалғызбасты ауыл ақсақалы туралы хикая. Жеңіл әрі әсерлі мұңға толы картинада талай көңілді тұстар бар. Актердің кейіпкері зейнеткерлікке шығып, жалғыз қалған соң қалған өмірінде серігі болатын құрбы іздейді. Осы кезде ауылға қаладан бір әйел адам келеді. Ол ақсақалға бірден ұнап қалады. Осы сәттен бастап ауылда нағыз романтика басталып, француздың атақты актері Жерар Депардье сомдайтын қазақстандық неміс - Гера есімді кейіпкер жеңгетайлықпен айналыса бастайды. Айта кету керек, Жерардың кейіпкері қазақ тілінде сөйлейді, оның дубляжы жақсы орындалған. Фильм бір демде ады әрі оны тамашалаған адамның жақсы эмоцияларын тудырады.  Ал ауыл көрінісін әспеттейтін жарқын картина көздің жауын алады. Фильм Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас ауданында түсірілді. Кинолента махаббат жайында ғана емес, бала кезден бір ауылда өсіп, бірге футбол ойнаған үш қарияның достығын суреттейді. Үшінші бас кейіпкерді Болат Қалымбетов сомдаса, ауылдан келген бикешті актриса Наталья Орынбасарова ойнайды. Бұл фильмдегі еңбектері үшін актриса Анападағы ТМД мен Балтық елдерінің 20-шы «Киношок» ашық кино фестивалінде «Үздік әйел рөлі» жүлдесін жеңсе, бас кейіпкерді сомдаған Нұржұман Ықтымбаев «Үздік ер адам бейнесі» атағына ие болды.   

Фото: kinoprofi.vip

«Аташка на хайпе»

Бұл картинаның бас кейіпкері – университет оқытушысы, зейнет жасына келіп қалған консервативті  көзқарастағы ер адам. Оның шәкірті дәл оның дәрісі барысында влог түсіреді. Оған «аташка» ескерту жасап, аудиториядан шығарып жібереді. Мұны дәріске қатысқан өзге студенттер бейнеге түсіріп, ғаламторға жүктейді. Бұл бейнеролик онда үлкен қаралым жинайды. Осыдан кейін «аташканы» бұл әрекеті үшін жұмыстан қуады. Сөйтіп жұмыссыз қалған «аташка» жас блогермен танысады. Ол оған «Инстаграм» ашып, онда «хайп» жасау арқылы ақша табуды ұсынады. Сөйткенде бұл істері сәтті жүзеге асады. Картинадағы бас кейіпкерді актер Әбунасыр Серіков сомдайды. Анвар Матжановтың режиссерлігімен түсірілген картина өткен жылы жарық көрді.  

Фото: kinoteatr.kz

«Қария мен теңіз»

Бұл фильмнің бас тақырыбы қарттар болмаса да, негізгі идеясы саналатын Арал теңізінің проблемасын, яғни туған жерінің табиғаты үшін алаңдайтын тоқсан жастағы ақсақал арқылы суреттелетін туынды. Арал теңізінің жағасында тұрған ауылдың қарт тұрғыны 1950-ші жалдары теңіздің тереңдігін де, жер бетінен мүлдем құрып кетуге таяу қалған судың түбіндегі тұзды да көрді. Өмірзақ Досжановтың көзінің алдында тұтас бір дәуір өтті. Кезінде теңізде балық аулауға барып жүрген қария қазір бұл балықшылар ауылының босағанына, ал жас азаматтарының өзге өңірлерге жұмыс іздеп кеткеніне қатты уайымдайды. Соңғы жылдары қазақстандық жағынан салынған Көкарал бөгетінің арқасында Аралдың бір бөлігін қалпына келтіру мүмкін болып, жақын маңдағы тұрғындарға  қайта үміт сыйлады. Сөйтіп, Өмірзақ ақсақалдың батасын алған балықшылар қайта теңізге шығады.    

Фото:adamdar.ca

«Шал»

Ермек Тұрсыновтың бұл картинасы атауынан-ақ белгілі қарт адам жайынан сыр шертеді. Нақтырақ айтқанда қазақстанның кең-байтақ даласында ғасырлар бойғы дәстүрді ұстанып өмір сүріп жатқан қарапайым отбасы туралы баяндайды. Бір күні олардың бейбіт өмірлері нағыз күреске айналады. Картинаның бас кейіпкері Қасым шал немересін оқытуды армандайды. Қойларын бағып, футболды жақсы көреді. Бұл қираған ауылдағы оның жалғыз ермегі. Күздің бір күнінде Қасым ата малды айдап келе жатып, қалың тұманның кесірінен жол таба алмай, ен далада адасып,  қасқырлармен бетпе-бет қалады. Оны бұл қиындықтан немересін өсіріп-жеткізуге деген ниеті, өзінің ынта-жігері мен сол немересінің атасына деген сүйіспеншілігі құтқарып қалады. Белгілі болғандай, картинаны жасауға бір жыл кетті. Түсірілімдер фильмдегі мезгілге сәйкес келетіндей экстремалды жағдайда: бірде суықта, қар мен боранда өтсе, енді бірде шынайы қасқырлармен жұмыс жүргізілді. Оларды арнайы түсірілім үшін Ресейден алып келген. Картинадағы бас кейіпкерді сол кездегі 63 жастағы актер Ерболат Тоғызақов сомдады.   

Фото: brod.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы