Размер шрифта:

Цветовая схема:

15 маусым, 202061

«Бизнес по-казахски Түркияда» фильміне кім түсетіні белгілі болды

Белгілі КВН-шы, актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың инста-сауалнамасының нәтижесі белгілі болды. Оның жеңімпазы – актер әрі вайнер Жахан Отарғалиев.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, продюсер Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по-казахски Түркияда» фильмін түсіретінін жариялаған болатын. Осы орайда, продюсер әлеуметтік желіде сауалнама өткізіп, халықтың пікірін білмек болды.

«Бизнес по-казахски Түркияға» түрік тілін жете меңгерген Қайрат Әділгерейді аламыз ба, әлде «My love is Aisulu» киносында өзін жақсы көрсеткен Жахан Отарғалиевті аламыз ба?!», - деп ол фоловерлеріне сауал жолдаған болатын.

Продюсердің сауалнамасы кең етек жайды. Актерлер арасында да кәдімгі батлбасталды. Қос үміткер жарыс жариялап, вайнерлер де түсірді. Сол арқылы көрермендердің фильмге деген қызығушылықтарын арттырып, өздері же киноға түсуге құлықты екендіктерін танытты. Осылайша, сауалнамаға Қоянбаевтың әлеуметтік парақшасына жазылушылар ғана емес, қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де белсенділіктерін білдіріп, дауыс берді. Алғаш болып, үміткердердің бірін қолдаған - танымал отандық продюсер Баян Алагөзова болды.

«Құрметті достар, барлықтарыңызды шын жүректен дауыс беруге қосылуларыңызды сұрап, заманауи қазақстандық киноның ең жарқын актерлердің бірі – Қайрат Әділгерейге дауыс берулеріңізді сұраймын. «Бизнес по-казахски Түркияда» фильмінде дәл ол түсуі керек», - деді Баян Мақсатқызы.

Қазақ эстрадасының примасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева да үміткер болған Қайрат Әділгерейге дауыс берді.

«Қайрат сәлем! Алдағы жоспарың Түркияда киноға түсу дейді. Сен түрік тілін жақсы білесің, өзің кәсіби актерсің. Сондықтан осы алдағы жұмысыңда жақсы бір кейіпкерді ойнап шығады деп ойлаймын. Сол кейіпкердің образын, мінезін жақсы-жақсы қылықтарын табарсың деп ойлаймын. Себебі, сен - кәсіби актерсің», - деп қолдады Роза Қуанышқызы.

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін түркиялық әріптестер де қолдады. Олардың бірі – актриса Зейнеп Гюлмез.

«Қайрат Әділгерей сені Стамбұлда күтемін. Тезірек кел», - деді ол.

Актер Жахан Отарғалиев те дауыссыз қалмады. Оған Түркияның қарапайым тұрғындары дауыс берді.

Инста-батл хайпқа айналмас үшін, Нұрлан Қоянбаев сауалнаманы қорытындылап, әлеуметтік парақшасына жариялады.

Сөйтіп, сауалнаманың нәтижесінде көпшіліктің қолдауымен актер әрі вайнер Жахан Отарғалиев жеңіске жетті.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы