Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 сәуір, 2020529

Қазақ киносының классикасы

Біз бен сіз қарап өскен, мәңгі есімізде қалатын қазақ кино өнерінің қайталанбас классикалары қандай? Ең үздік топтама алдарыңызда.

"Девушка-джигит", 1955

Павел Боголюбовтың режиссерлігімен түсірілген толық метражды көркем фильм. Картина қос ғашық Айдар мен Ғалияның махаббат хикаясын баяндайды. Жылқышы жігіт Айдар мен зауыттың жұмысшысы Ғалияның арасында орын алған кикілжің оқиғаны өз пайдасына асырмақ болған Ғалияны сүйетін Аңғарбай нендей қадамдарға бармақ? 

Басты рөлдерді Кененбай Қожабеков, Лидия Ашпарова сынды талантты әртістер сомдаған. 

 

"Біздің сүйікті дәрігер", 1957

Режиссер Шәкен Аймановтың музыкалық комедиясы. Фильмнің сюжеті дәрігер Анатолий Николаевич Лавров туралы әңгімелейді, оның туған күніне орай әріптестері тосын сый жасауды шешеді. Белгілі эстрада әртістерінің қатысуымен ұйымдастырылған концертте түрлі шытырман оқиғалар орын алады. 

Фильмде елге белгілі Шәкен Айманов, Лидия Ашрапова және Бибігүл Төлегенова сында халық майталмандары бой көрсеткен. 

 

 "Ботагөз", 1958

Фильм Сәбит Мұқановтың повесі бойынша түсіріліп, режиссер Ефим Аронның қатысуымен сомдалған. Туынды жас кезінен қиын сынақтарға төзуге мәжбүр болған қайсар мінезді Ботагөз есімді қыз жайында. Әрқашан әділдікті қолдаған бойжеткенге билік басындағылар қарсы тұрып, оның отбасы мен жақындарын ауылдан қуып шығады. Бірақ өз туған жерінен қуылған Ботагөз жарқын өмір мен бақытты ғұмырды армандауды тоқтатқан емес. Себебі, ақ жүрегі оны ешқашан алдамайтынына сенеді.   

"Менің атым Қожа", 1963

Бұл фильмді әрбір қазақ баласы көріп өскен болар. Қожа кез-келген тәтті қылықтарымен үлкендерді тамсантса, кішкентайлардың тентек досына айналғанды. Фильм режиссері Абдулла Қарсақбаев кеңес жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" атты повесі бойынша түсірген. Кино желісі өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ ауылдарының тұрмыс- тіршілігін көрсетеді. Картинаның басты кейіпкері ақылды әрі тентек, мейірбан және бұзық бала Қожаның өмірін бейнелейді. Халықтың сүйікті Қожасына айналған кейіпкерді сомдап шыққан Нұрлан Санжар үшін сол кезде киноға түсу мектепке бармаудың жақсы сылтауы болғанын айтады.  Дәл осы фильмде Нұрғиса Тілендиев бәріміз білетін «Саржайлау» өлеңін жазған. 

 

 

"Ана туралы аңыз", 1963

Фильм Ұлы Отан соғысы кезінде ұлынан айырылған ананың тарихын баяндайды. Басты рөлде қазақ кино тарихында есімі алтын әріппен жазылған Әмина Өмірзақова сомдайды.  Картина соғыс заманындағы көріністерді ерекше көрсетеді. Драманың режиссері Александр Карпов.

 

"Тақиялы періште", 1968

Режиссер Шәкен Аймановтың тағы бір комедиясы. Тайлақ- денесі алпамсадай, мінезі жылы, басынан тақиясын тастамайтын география пәнінің мұғалімі. Бойдақ ұлына ана жүрегі қалыңдық іздеу мақсатында Алматы қаласына келеді. Талай қызды көрген Тайлаққа ақыры Айша деген бойжеткен ұнайды. Алайда, ұлының таңдауына анасы неліктен қарсы болады? Тақиялы періште сол күйі үйленбей қала ма? 

Бұл керемет туындыда басты рөлдерді сомдайтын Әмина Өмірзақова, Әлімғазы Райымбеков және Шолпан Алтайбаева.

 

"Қыз Жібек", 1971

"Қыз Жібек" - қазақтың тарихында қалған асыл мұра, ұмытылмас қазыналардың бірі. Картина шын кейіпкерлердің өміріне негізделе түсірілген. Яғни, бұл шынайы оқиға желісіндегі фильм. Жібек бейнесі- нәзіктік пен сұлулықтың нышанын бейнелесе, Төлегеннің өр-жүрек мінезі, қайтпас қайсар ер мінезі талайға үлгі болса керек. Олардың бір-біріне деген  адал махаббаты мен қиын тағдыры көптің көңіліне қаяу түсіріп, біраз адамның жанарына жас толтырғаны рас.  

Фильмнің түсірілімі  Ұлытау, Алтай, Қарқаралы, Ақтау, Жайық, Іле жағасы, Алатау маңайында жалғасқан.

 

"Гаухартас", 1975

 

1975 жылы қатардағы жас солдат Дулат Исабеков "Гаухартас" әнін құлағы шалады. Бибігүл Төлегенованың әсем орындауында тамсанған ол туған жеріне деген сағынышын әнмен басады. Дулат шығарма жазуға шабыттанып, кейіннен ол көркем фильмге айналады.  Фильм желісі отбасыға енді келін боп түскен Салтанаттың өмірін бейнелейді. Ол жаңа отбасыға тек жақсылығымен қадам басады. Күйеуінің ата-анасына мейірбан, жары Тастанды шын сүйеді, оның ағасына да дос болып қалды. Бірақ отбасылық көркем фильмнің әріқарай қалай жалғас табатынын "Гаухартас" фильмінен тамашалаңыз. 

 

"Атаманның ақыры" 1977

Фильм 1920 жылдары Қазақстан аумағында болған нақты оқиғаларға негізделген. ЧК тапсырмасы бойынша бұрынғы князь, Досовтың орынбасарларының бірінің немересі, қазіргі кезде Чадьяров уездік милициясының бастығы ақ жаққа ауысады және атаман штабында пайда болады. Сол кездегі биліктің қалай жұмыс істегенін, қандай бұйрықтар мен нендей қадамдар жасалғанын дәл осы фильмнен қарап, аңғаруға болады. 

 

"Сұлтан Байбарс", 1989

Сұлтан Бейбарс- қыпшақтан шыққан ұлы Мысыр Сұлтаны. Ол кезінде құл бола тұрып, билік шыңына көтеріліп, патша мәртебесіне дейін қол жеткізеді. Бірақ тақ басында отырса да, өткен өміріне көз жүгірте келе, ол қанша жерден ұлы патша болсаң да, сені арандатып, алдағысы келетіндер мен өз қарамағына түсіруді жоспарлайтындар саны азаймай, керісінше көбейетіндігі, жүзіңе жалған күліп, артыңнан пышақ сұғатындардың арам пиғылана алданбау керектігін айтады. Фильмнің режиссері Болат Мансұров. Бейбарыс сұлтан рөлін сомдаған актер Нұрмұхан Жантурин. 

 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы