Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 шілде, 202067

«Қазақфильм» киностудиясын алға жетелейтін жаңғырту жобасы ұсынылды

Қазақ киносының қара шаңырағы Шәкен Айманов атындағы киелі «Қазақфильм» киностудиясы жаңарып, екінші тыныс алмақ. Киностудияны жаңғыртудың концепциясын оның президенті Ақан Сатаев таныстырды.

«Қазақфильм»-ді модернизациялау бойынша жұмыстар жүргізу жайын талқылау үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, министрлік, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, «Қазақфильм» киностудиясы өкілдері мен отандық кинематографистер онлайн-жиналыс өткізді.

Бейнебайланыс барысында Ақан Сатаев киностудияны жаңғырту жөніндегі жобаны ұсынып, жиналғандарға бұл жобаны жүзеге асыруға тартылған жұмыс тобының мүшелерін таныстырды. Топ құрамына кино саласы мамандарының үздіктері кірді. Атап айтқанда, танымал кинооператор Азамат Дұлатов, дыбыс режиссері Денис Коноплев, кастинг-директор Жайна Абдиева, бейнемонтаждаушы Ғалымжан Санбаев, ІТ-маманы Александр Петрушин мен компьютерлік графика мен анимация бойынша жұмыс істейтін маман – Адай Әбелдинов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елдің мәдениет және спорт министрлігі отандық киноиндустрияның екі ірі құрылымдарын – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бірлесіп жұмыс істеуінің болашақ стратегиясын айқындап берді. Бұл қос құрылымның отандық кино саласын қолдап, дамытуға бағытталып отырған қадамдардың бірі болмақ.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhfilmstudios.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы