Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 маусым, 202052

«Қазақфильм» туындылары Тайланд Корольдігінде көрсетіледі

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ш.Айманов атындағы киностудия Тайланд Әмірлігінде алғашқы қазақстандық киноның онлайн-фестивалін өткізеді. Аталған шара Елдің мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Биылғы жылдың 27-ші маусымы мен 6-шы шілде аралығында тайлық көрермендер назарына қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы»/«Хранитель», Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол»/ «Дорога к матери» және «Көшбасшы жолы. Астана», Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай», Сәбит Құрманбековтың «Секер», Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Қазақ хандығы. Алтын тақ» сияқты отандық картиналары ұсынылатын болады.

Аталған картиналардың сюжетіне қысқаша тоқталып өтейік.

«Шырақшы» фильмі желісіне соғыстан қайтқан солдаттың хикаясы енген. Жауынгер майданнан аман қалған қарт немістің сыйлаған сыйлығы – ескі кинопроекторды ала келеді. Фильм кейіпкері өмірінің соңына дейін сол олжасымен айырылмайды. Оның проекторы көненің көзі мен жарығы іспеттес болады. Картинаның бас кейіпкерін сомдаған Мұратжан Мұқажанов үшін бұл үлкен кинодағы дебюттық рөл. Атап өту керек, фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Тұрсынов фильм» компаниясының қатысуымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

«Жаужүрек мың бала» тарихи картинасы аңызға негізделген. Лента қазақ тайпаларының жоңғарлармен азаттық соғыстарға қатысқан бозбалалар жайынан сыр шертеді. Фильм негізінде ата-анасы жоңғарлардың қолынан қаза тапқан Сартай есімді жас жігіттің хикаясы жатыр. Достық, махаббат, сатқындық – барлығы жоңғарлармен болған күресте бір-бірімен астасып жатады. Фильмде қазақ халқының тарихындағы ең ауыр ұрыс – 18-ші ғасырдың бірінші жартысында болған Аңырақай шайқасы көрініс табады.

«Анаға апарар жол» фильміндегі оқиғалар желісі қазақ халқы үшін қиын заманда орын алады. Алдымен олар ауылды күйретіп, қалған мал-мүлкін айтап әкеткен ұжымдастыру науқанына тап болды. Кейін талай қазақ азаматы қырылған екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Бас кейіпкер көптеген сынақтардан өтіп, өліммен талай рет бетпе-бет келді. Алайда бұл қиын жолдан оны құтқарған анасының махаббаты болды. Енді азамат үйге оралып, өзінің ең жақын әрі ең сүйікті адамына жол табуға үміттенеді. Алайда бұл ойлағандай оңай болмайды. Себебі сынақтар мұнымен таусылмайды.

«Көшбасшы жолы. Астана» фильмінің желісіне Елорда құрылысының хикаясы енген. Оқиға 1994-ші жылдың шілдесінен бастау алады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Тәуелсіз ел атанған Қазақстан өзінің жаңа тарихын бастайды. Осынау қиын уақытта – экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздық белең алған тұста Ел Президенті астананы Ақмолаға ауыстыруға ұсыныс жасайды. Бұл барлығы үшін күтпеген жәйт болды. Елбасына талай сын түсті. Идеяның сәтті жүзеге асатынына ешкім сенім білдірмеді. Алайда артқа жол жоқ еді. Қаншама сын мен күдікті жеңе отырып, Президенттің басшылығымен мемлекет алға қойған мақсатына жете білді. Биографиялық драма ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді.

«Құнанбай» фильмінің бас кейіпкері – Ұлы Абайдың әкесі. Құнанбай Өскенбайұлы басынан көптеген ауыр жылдарды өткізіп, қатал басқарушы болуына әкелді. Ол өз заманында руластары арасында болған талай дау-жанжалдарды шешетін. Алайда оның бұл қызметі көбінің наразылығын тудыратын. Фильмде көрермен Құнанбай әрекеттерінің қарама-қайшылықтарын, сондай-ақ, оның шешімдерімен келіспейтін жандармен танысатын болады.

Секер – аттас кинолентаның бас кейіпкері. Кішкентай қыз аса күткен бала. Алайда әкесі үнемі ұл баланы аңсайтын, сондықтан қызын жігітше тәрбиелейтін. Секер әкесінің көңілінен шығуға тырысады, алайда 12-ге толғанда жасөспірім қыз жынысын жасыра алмайтын жасқа келеді. Секердің ендігі тағдыры қандай болады? Аталған картина – өз балаларынан оның табиғатына қайшы қасиеттерді көргісі келетін ата-аналарды суреттейтін отбасылық драма. Режиссер Сәбит Құрманбековтың арқасында фильм ерекше шықты.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» картинасы он бесінші ғасырда орын алған оқиғаларды баяндайды. Еуразияның шексіз даласында ұлы Шыңғыс ханның ұрпағы өз мемлекеттерін құрып, өзгелердің елдерін күл-талқан қылады. Олардың бірі Ақ Орданы басып, иемденіп алған атақты Әбілхайыр Шайбани. Керей мен Жәнібек сұлтандар - тақтың заңды мұрагерлері. Олар тайпалардың бір бөлігін қатақ басшыдан кетуге үндейді. Тәуелсіздікті аңсаған көшпенді халық сұлтандардың артынан ереді. Алда оларды қанды соғыстар, қатаң сынақтар, қиындықтар мен жеңістер күтеді. Осылайша, Ұлы далада жаңа этнос - «Қазақ хандығы» орнайды.

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі - жас қазақ мемлекетінің сыртқы жаулармен күресі, жоғалтқан қалаларды қайтаруы туралы хикая. Қазақ хандығының бірінші хандары – Керей мен Жәнібек өздерінің бұрыңғы тақтарын, астаналарын – Сығанақ қаласын қайтарады.

Аталған фильмдер Тайланд көрермендеріне түпнұсқа тілінде ағылшын субтитрларымен ұсынылады. Бірінші қазақстандық онлайн кино фестивалі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы шеңберінде Абайдың 175 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Елбасының 80 жылдығы мен Қазақстан астанасының күніне орай ұйымдастырылған.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhfilmstudios.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы