Размер шрифта:

Цветовая схема:

23 қыркүйек, 202013

Қазақстан сегіз шетелдік фильмнің түсірілім алаңына айналды

Елімізде тек отандық картиналар ғана емес, сонымен қоса шетелдік біршама киноленталар да түсіреледі. Бұл Қазақстанның киноиндустриясының дамуына және шетелдік ареналарда танылуына үлкен әсерін тигізетіні рас. Уақыт өте әлемдік көптеген киногерлер қазақ жеріне, оның дәстүрі мен кино саласына қызығушылық танытуда. Сонымен, Қазақстанда түсірілген алты бірдей картиналар қандай? 

«Марко Поло»

Американдық “Netflix” компаниясының тапсырысымен түсірілген “Марко Поло” сериалының бірнеше бөлімдері Қазақстан жерінде түсірілген. Кинолентада еліміздің көркем табиғатын бейнелейді. Эпизодтардың бір бөлігі Шарын каньонында және Шошанай мен Аласа ауылдарында түсірілген. Сериалдың қазақстандағы түсірілімдеріне отандық Adigul family films студиясы және компания жетекшісі Ахат Ибраев жауапты болды. Сериалдың қазақстандағы түсірілім жұмыстарына 400 - ден астам адам жұмылдырылған. Телесериалдың сюжеті XIII ғасырда Қытайдағы әйгілі зерттеуші Марко Полоның шытырман оқиғаларына негізделген. Тарихи сериал әйгілі венециялық саудагер Марко Полоның саяхаты туралы, дәлірек айтсақ 1273 жылы орын алған жағдайларды баяндайды. Телесериалдың сюжеттік желісі бойынша, жас венециялық Марко Поло әкесімен бірге еуропалық көпестер тобының құрамында моңғолдардың қол астында болған Қытайға келіп, билеуші Хубилай ханның сарайына тап болады. Марконың әкесі ханнан Жібек жолы бойымен сауда жасауға рұқсат беруін сұрап, айырбасқа өз баласын ханға ұсынады. Уақыт өте келе Марко жергілікті мәдениетті бойына сіңіріп, сондағы тіршілікке үйреніп кетеді. Ханға жақын болып өскен Марко болашақта хан биліктеріне, саяси мәселелерге де қатысатын болады. Басты рөлдерде Лоренцо Рикельми, Бенедикт Вонг және Джоан Чэнь сомдайды. Айта кететін жағдай, қазақстандық “Nomad Stunts” халықаралық кәсіби каскадерлер клубының мүшелері де дәл осы жобада бой көрсетеді. Картина режиссерлері Йохман Реннинг, Дэниель Минахан, Эспен Сандберг және басқалары. 

«Сириана»

Режиссер Стивен Гаанның түсірген саяси-политикалық триллер. Картина премьерасы 2005 жылы өткен. Басты рөлдердің сомдаған Джордж Клуни үшінде бұл фильм біршама атақ пен даңқ әкелген болатын. Олардың қатарында әлемдік киноиндустрияда теңдессіз жеңіс “Оскар” марапаты да бар болатын. Төрт түрлі сюжеттік желіні қамтитын картина адам баласының ашкөздігі мен мен қарабайыр инстинкттерін бейнелейтін калейдоскоп секілді бейнелейді. Кинолентаның жарты бөлігі қазақстандық мұнай қорлары төңірегінде өрбиді. Дәлірек айтқанда, Атырау облысында орналасқан 1979 негізі қаланған “Тенгиз” атты мұнай- газ кен орны жайында болмақ. “Тенгиз” мұнай- газ кен орнының алғашқы ашушылары қатарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болған Жолдасқали Досмұхамбетов, Бөлекбай Сағынғалиев, Болат Еламанов, Асабай Хисметов, Құмар Балжанов, Валентин Авров, Махаш Балғымбаев, Орынғазы Исказиевтер бар. 1991 жылғы 6 сәуірде Теңіз мұнай-газ өңдеу зауыты және кәсіпшілік орны толықтай пайдалануға берілді, бұл оқиға осы кен орнында өнеркәсіптік өндірудің негізін қалған болатын. Сондай-ақ, сюжеттік желі бойынша, Бейруттағы кәсіпте үлкен тәжірибесі бар ЦРУ арнайы агенті Боб (Джордж Клуни) танымал арабтық жас шейхты (Александр Сиддиг) көзін жою туралы бұйрық алады. Ол Америка Құрама Штатында мұнай тендрлері жайында бар шындықтан хабардар болады. Осылайша, мұнай аралындағы бассыздықтар соңы неге ұласады? Бұл сұраққа жауапты дәл осы картина толық бейнелеп көрсеткен. Кинолентаның сценарий авторы фильм режиссері Стивен Гаан. Басты рөлдерді сомдағандар: Джордж Клуни, Мэтт Деймон және Джеффри Райт. 

 «Love you family» 

Болливудтық картинансының геолокациясы ретінде Қазақстан жері таңдалып алынған. “Love You Family” деп аталатын үнді отбасылық-драмалық фильмінің қорытынды бөлімдерінің көп бөлігі Алматы облысында және Алматы қаласының өзінде түсірілген. Khushi Motion Pictures болливуд компаниясы жауапты болған кинолентада отандасымыз, талантты актер Фархат Әбдірайымов та бой көрсетеді. Қазақстандық актер басты кейіпкер жұмыс істейтін компанияның директорын сомдап шықты. Кинофильмнің сюжеттік желісі бойынша, байты кейіпкер Хуши есімді жас бойжеткен қазақстандық ірі компаниялардың біріне жұмысқа орналасады. Дәл осы жерде бойжеткен мен басты кейіпкердің махаббат хикаясы басталады. Басты кейіпкерлердің рөлдерін үндістандық актерлер Пардасани Акса Сунил мен Кашияп Манеш Барбхая орындады. 2017 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан кинотеатрларында "Love you family" ("Туған үйім - тірегім") үнді фильмінің көрсетілімі  өткен болатын. Кинофильмнің режиссері Сачиндра Шарма, ал продюсер ретінде Випулкумара Девани және Давендра Сингх Бхатия сынды талантты киногерлер жұмыс істеді. Фильмнен отандық көрермендер Алматының таныс көшелері мен Шымбұлақ курорттық аймағы және Көк Төбе саябағының пейзаждарын көре алады. Кинолентаның түсірілімдері Қазақстаннан бөлек Үндістан және Тайланд елдерінде өтті.

«Вавилон нашей эры»

Морис Дантектің "Вавилон балалары" романы бойынша режиссер Мэтью Кассовиц түсірген франко-американдық фантастикалық экшн-фильмі.  Америка Құрама Штаты, Франция және Ұлыбритания елдері  бірлесіп түсірген картина. Басты рөлдерді Вин Дизель, Мишель Йео және Мелани Тьерри сомдаған. АҚШ-тағы Премьера 2008 жылдың 29 тамызында өтті. Фильмнің сюжеттік желісі бойынша, дүниежүзілік соғыстан кейін әлем күйреу мен хаосқа ұшыраған күйі бейнеленеді. Бүкіл әлемде Америка Құрама Штаты ғана тұрғылықты өмір сүруге қалыпты жер болып қалады. Соның нәтижесінде жер шарындағы барлық адамзат дәл осы мемлекетте тұруды аңсап, көшіп келеді. Фильмдегі басты кейіпкер, жалдамалы жұмысшы болып қызмет ететін Туроп есімді жігіт ерекше тапсырма алады. Бұл тапсырманы ол еш кедергісізі орындаса, өз туған жеріне Америкаға жаңа төлқұжат рақылы орала алады.  Ол белгісіз бір Аврора есімді бойжеткенді қырғыз сектасынан құтқарып Америка еліне жеткізуі тиіс. Олардың жолы Қазақстан мен Ресей жерлері  арқылы өтеді. Ал сапар барысында Туроп сектанттар құрған жас қыз кіретін адамдардың жаңа нәсілі туралы біледі. Бастапқы кезде Туроп Аврораны белігісіз вирусты жұқтырушы деп білеп, жол үстінде құтылуды көздейді. Бірақ уақыт өте келе Аврораның бойында ерекше қасиеттерді байқайды. Ол өзгеше мистикалық жағдайларды көреді. Бойжеткен полиглот, емші және болашақты болжай алады. Нәтижесінде, бұл Аврора үшін жәй ғана тұзақ екен білген Туроп қыздың секта ұйымы үшін пиар-жоба болғанын біледі. Аврора құны 250 миллионнан 2 миллиардқа дейін арттыруға арналған PR жобасы болады. Сектанттармен болған атыс кезінде Аврора Туропты пеленгаторға бағытталған зымыраннан құтқару мақсатында оған оқ атады. Бірақ Туроп тірі қалады. Оны екі сағаттық клиникалық өлімнен кейін туроператор өзін Аврораның "әкесі" ретінде таныстырған жұмбақ доктор Артур Дарквандирді құтқарып қалады. Фильмнің басты рөлдерін Вин Дизель, Мелани Тьерри, Мишель Йео, Жерар Депардье, Шарлотта Рэмплинг, Марк Стронг сынды актерлер сомдаған. Фантастикалық боевиктің кей эпизодтары елімізде түсірілген. Фильм режиссері әрі сценарий авторы Матье Кассовиц. Продюсерлері: Ален Голдман және Матье Кассовиц. 

«И целого мира мало»

Фильм мұнай магнаты Роберт Кингтеннің қызын ұрлау операциясынын басталады. Террористер қыз үшін 5 миллион доллар көлемінде төлем сұрайды, бірақ Кинг барынша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге шешім қабылдайды. Соның нәтижесінде ескі танысы МИ-6 Британдық барлау бригадасына көмекке жүгінеді. Оның ұсынысы бойынша ұйымның ең жақсы агенті, жұмбақ 007 қызды құтқаруға аттанады. Бойжеткенді құтқару операциясы кезінде бірнеше ерекше локациялар көрсетіледі. Олардың қатарында, мәселен Кавказ жоталары бойынша кадрлар Альпіде, ал Қазақстандағы ядролық полигон Испанияда түсірілген. Фильмде Пирс Броснан, Софи Марсо, Дениз Ричардс, Роберт карлайл, Джуди Денч, Саманта Бонды сынды актерлер бой көрсетеді. Майкл Эптед рижиссерлік еткен кинокартинаның сценарий авторлары  қатарында Ян Флеминг, Нил Первис, Роберт Уэйд, Брюс Ферштайн, Нил Первис, Роберт Уэйд бар. Кинолента 2000 жылы “Golden Screen” премиясында “Ең үздік” фильм номинациясы бойынша марапатталған болатын. 

«Лара Крофт: Расхитительница гробниц 2» 

Лара Крофт картинасында Қазақстан туралы көптеп айтылады. Фильмдегі ойын миссиялардың бірінде еліміз туралы көптеп ақпарат беріледі. Ондағы сақшылардан бастап, орыс тілінде сөйлетін күзетшілерге дейін анық көрсетілген. Ал фильмнің Анджелина Джоли түскен бөлімінде басты кейіпкермен бірге оның серіктесін Қазақстандағы түрмеге отырғызады. Алайда олар өз бақытқа орай ол жерден аман-есен құтылып шығады. Фильмнің режиссері ретінде Ян Де Бонт еңбек етті. Басты рөлдерде Анджелина Джоли, Джерар Батлер, Ноа Тейлор, Крис Бэрри, Джимон Хунсу сынды актерлер сомдайды. 

«Президент ұшағы» 

Харрисон Форд пен Гэри Олдманның қатысуымен өткен Вольфганг Петерсеннің шытырман оқиғалы триллерінде Қазақстан шын мәнінде маңызды рөл атқарады. Террористер АҚШ президентімен бірге ұшақты жаулап алып, "қазақ" лидері Радекті босатуды талап етеді, нәтижесінде бұл іс және сәтсіз ұшақтың ұшуы Каспий теңізімен аяқталады. Кинофильм 1997 жылы Вольфганга Петерсеннің режиссерлігімен түсірілген. Басты рөлдерді Харрисон Форд және Гэри Олдмен сомдаған. Сюжет бойынша, 1997 жылы әскери үкімет бастаған КСРО-ны қайта жандандыру ниетімен Қазақстанда билікті басып алды. АҚШ арнайы күштері қазақстандық диктатор, генерал Иван Радекті басып алу операциясын жүргізеді. Триллер продюсерлері: Армиан Бернстейн, Вольфганг Петерсон, Джонатан Шестак. 

«Құпия материалдар» 

Танымал сериалдың 5-ші маусымының 13-ші эпизодында оқиға Қазақстан аумағында өрбиді. Ол жерге НЛО құлап, содан кейін инфекция және жаппай кісі өлтіру туралы жағдайлар орын алады. Нақты бұл эпизод Спендер Крис Оуэнс үшін алғашқы эксперименттік оқиға болды. 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы