Размер шрифта:

Цветовая схема:

09 қыркүйек, 202048

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының өнімдері шетел арналарында көрсетіледі

Медиа саласында өзіндік орны бар «Қазақстан» телерадиокорпорациясының дайындаған туындыларын алдағы уақытта шетелдік көрермен де тамашалай алатын болады. Бұл туралы Ұлттық арна хабарлайды.

Осылайша, «Qаzаqstаn» Ұлттық арнасының «Ғазиз жүрек», «Жаңғырық», «Қашқын», «Оралу», «47 баланың анасы», «Шырағым», «Саған сенемін» атты телехикаялары мен «Bаlаpаn» телеарнасының әзірлеген «Сәби», «Тынымсыз шөжелер», «Еркелер», «Шахмат патшалығы», «Пырақтар» анимациялық жобаларының көрермендер көкжиегі кеңеймек. Ұлттық арнаның аталған жеті телехикаясы мен балалар арнасының бес жобасы Америка Құрама Штаттарының көрермендеріне кабельдік арналар арқылы жол тартса, Латын Америкасы елдерінде олар VOD және онлайн-каналдар арқылы көрсетіледі. Отандық арналардың өндірген өнімдері аталған елдерде ағылшын, испан және португал тілдерінде ұсынылады.

Бұдан бөлек, «Әке» мен «Шырағым» телехикаялары «Аmazon Prime» атты бүкіләлемдік платформаға жол тартады. Ал отандық телерадиокорпорация түсірген «Ғасырлар үні», «Ұлт мақтанышы», «Көшпенділер» мен «Қазақ даласының құпиялары» деректі картиналары Түркия еліндегі ең ірі TRT арнасымен түрік тіліне аударылып, арна эфирі арқылы көрсетілмек. Бүгінгі күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясының телетуындылары сонымен қатар көршілер Қырғызстан мен Өзбекстан, сондай-ақ Татарстан мемлекеттерінің арналарында көрсетіліп келеді. Ал күзгі телемаусымда Ұлттық арнаөз көрермендеріне 14 жаңа телетуынды, ал «Balapan» телеарнасы 17 анимациялық жоба ұсынады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  qazaqstan.tv

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы