Размер шрифта:

Цветовая схема:

18 мамыр, 2020336

Қазақстанда Мобильді блокбастерлер фестивалінің жеңімпаздарын жариялады

Қазақстанда тұңғыш рет өткен Мобильді кино фестивалінің үздіктері белгілі болды. «Mobile Blockbuster film festival» байқауының өткізілуіне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры қолдау білдірді. Қазақстандағы ерекше форматтағы фильм байқауының жеңімпаздарын жариялау салтанаты онлайн режимде өтті.

Естеріңізге сала кетейік, байқауға қатысушылар өздерінің жұмыстарын смартфонға түсіріп жіберулері қажет еді. Шараның негізгі тақырыбы мейлі медициналық болсын, мейлі театрлық болсын, тіпті әлеуметтік мағынадағы болсын «бетперделерге» арналған.

Сонымен, бұл шығармашылық сайыстың жеңімпазы - Хромтау қаласының тұрғыны Райбек Сағадатов болды. Байқауға жас жігіт «Бір бетперденің хикаясы» атты бейнеролигін ұсынып, жеңіске жетті. Райбек Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің магистранты әрі қызметкері. Өзінің түсірім тобындағы ең үлкені де өзі. Жасы - 26-да.

«Біз жеңіске жетеміз деген мақсат тұттық. Жеңісті қалаған едік. Көбі медициналық маскалар тақырыбында түсіреді деп ойлап, басқалардан ерекшеленгіміз келді. Сол себепті әлеуметтік маскалар идеясын таңдадық. Оны әрекет арқылы көрсету қиынырақ. Көрермен оны аяғына дейін көріп, «Авторлар мұнымен не айтқысы келеді?» дейтіндей, біз интрига сақтағымыз келді. Желіде бейнеролигімізге қалдырған пікірлердің оң әрі жақсы екендігін көріп, түсірім тобыма: «Көрдіңдер ме? Көпшілік аяғына дейін көргісі келеді, оларға біздің идеямыз қызықты. Бұл рөлік есте қалатыны сөзсіз!» дедім.

Біз оны екі аптадай уақытта түсірдік. Мен және командаластарым қазір қашықтықта жұмыс істеп жатырмыз. Бұл да біраз қиындықтар туғызды. Себебі барлығын ұйымдастыру қажет еді. Қоқысты түсіру үшін де келусі керек болды. Ол болса, жабық жататын. Аяқ асты жаңбыр да жауып кетті. Кейбір кадрлар монтаж кезінде кірмей қалды.

Менің тобымның мүшелері бұл - студенттер мен жұмысшы жастар. Бейнетүсірілім – бұл біздің хоббиіміз. Алайда, смартфонға түсірілген бұл алғашқы жұмысымыз болды. Осының алдында телефонға түсіруге болатынын білдік, әрине, бірақ мақсатты түрде онымен айналыспадық. Бұл байқау біз үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді. Ары қарай да түсіріп, шығармашылығымызды дамыта береміз. Бұл бағыттағы жұмыстарды да жалғастырамыз. Ол үшін идеялар да, жақсы командамыз да бар. Олардың қабілеттерінің жоғары екендігін сеніммен айта аламын.

Мұнда азаматтық ұстаным да маңызды. Хромтау – үлкен қала. Мұнда бос уақытта немен айналысатнын білмей жүрген жастар көп. Байқау болса, оларды шығармашылық бағытқа бұрды. Бұл балалар өздерінің құрдарстарының алдында үлгі бола алады. Біздің жеңісіміз қоғам үшін жақсы түрткі болды», - деп бөлісті әсерімен «Үздік фильм» бас аталымының жеңімпазы Райбек Сағадатов.

Фестиваль тоғыз аталым бойынша өткізілді. Атап айтқанда, «People’s сhoice», «Үздік сценарий», «Үздік режиссер», «Үздік актриса», «Үздік актер», «Музыкалық бейнебаян», «Фестивальдің бас әріптесінің таңдауы», «Қазылар алқасының жүлдесі» және «L санаттағы бас жүлде». Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен бір ай бойы жүргізілген фестивальге барлығы 34 жұмыс келіп түсті. Оған Қазақстанның бірнеше өңірінің – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Хромтау, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жаңаөзен, Атырау және Жамбыл облыстарының тұрғындары қатысты.

«Өзін-өзі оқшаулау жағдайында біз адамдарды онлайн кеңістікте біріктіріп, оларға өздерінің шығармашылық әлеуетін ашуларына көмектескіміз келді. Біз қатысушыларымыздың өз энергияларын жасампаздыққа жұмсап, тіпті шектеулі қозғалыс кезінде көрерменнің ойында қалатындай сапалы жергілікті контент жасауға болатынын түсінгенін көрдік», - дейді Mobile Blockbuster Film Festival байқауының идеялық авторы Дмитрий Байназаров.

Айта кетейік, фестивальге қатысушылардың жұмыстарын режиссер әрі қазылар алқасының төрағасы Рашид Сүлейменов, кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко, актер әрі каскадер Ерден Телемисов, фестиваль әріптесі, ірі компанияның PR-менеджері Виталий Богданов және ресейлік режиссер Артур Михеевтер таңдады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, олардың алдындағы таңдау оңай болмады. Себебі қатысушылар «бетперделер» тақырыбында өздерінің шығармашылық көзқарастарын білдіріп қана қоймады, сценарий мен режиссураны ойластырып, актерлер мен бүкіл түсірім тобын ұйымдастырулары арқылы кәсібилік шеберліктерін танытты. Қазылар алқасының өздері атап өткендей, кез келген жұмыс бірінші кезекте эмоцияны білдіруі керек. Жеңімпаздарды таңдауда да осы фактор әсер еткен екен.

Сонымен, «People’s Choice» аталымында «Два сапога – пара» атты жұмысымен алматылық Вера Останкова мен Лариса Стародубцевалар жеңіске жетті. «Үздік сценарий» аталымын «Балалық шақ» бейнеролигімен ОҚО тұрғыны Мұрат Махан жеңіп алды. «Не факт» атты жұмысымен алматылық «Серьезно» тобы екі номинацияда - «Үздік режиссер» және «Музыкалық бейнебаян» аталымдарын еншіледі. «Әріптестер таңдауын» «Дневник Волонтеров» атты бейнеролигімен 16 жастағы қызылордалық Ильяс Серікбай жеңіп алса, казылар алқасының жүлдесіне «Он(а)» атты фильмінің авторы павлодарлық Әнуар Әбілда лайық деп танылды. Фестивальге қатысқан «I want to break free» туындысында ойнаған алматылық Мария Голым үздік актриса, «Маска, рис и гречка» фильмінде рөл сомдаған алматылық Алексей Курапов үздік актер атақтарына ие болды.

Айта кетейік, ұйымдастырушылардың хабарлауынша, онлайн салтанаты фестивальдің тек бастамаса ғана. Алдағы уақытта оны оффлайн режимде өткізіп, үздік бейне жұмыстарды үлкен экранда көрсету жоспарланып отыр.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы