Размер шрифта:

Цветовая схема:

19 маусым, 202058

Қазақстанда тұңғыш кинотеатрлар қауымдастығы пайда болды

«Кинотеатрлар Альянсы» деп аталатын Қазақстан Республикасының кинотеатрлар иелерінің қауымдастығын құруға Өскемен қаласының «Юбилейный» кинотеатрының иесі Мунира Ягудина бастамашы болды.

Қауымдастыққа елдің 14 қаласынан барлығы 32 кинотеатр мүше болды. Одақты құрудағы мақсат – аудиовизуалды саладағы кәсіпкерлікті, оның ішінде аудиовизуалды туындыларды көрсететін кинотеатр саласын қолдау және дамыту. Сонымен қатар, кинотеатрлық көрсетілімдерді жүзеге асырып жатқан азаматтар мен ұйымдардың қарым-қатынасын дамыту және нығайту болып отыр.

"2020 жылы кинотеатрлар бизнесі COVID-19 вирусының таралуының алдын алу үшін Қазақстанда және бүкіл әлемде енгізілген карантин шаралары мен шектеулерге байланысты әлемдік дағдарыспен кездесті. Біздің ойымызша, отандық нарықта кинотеатрлар бизнесінің қалпына келтірілуі мен одан арғы дамуы тек бірлесе отырып әрекет ету арқылы ғана мүмкін болмақ. Бізді естісе дейміз. Ұсақ тәуелсіз кинотеатрлармен қатар, ірі кинотеатрлар желісінің қызығушылықтарын қорғайтындай кауымдастықты құру идеясы да осыдан туындап отыр. Әріптестер менің бұл бастамамды қолдағанына қуаныштымын. Себебі, бірігетін сәт дәл қазір туды», - деп атап өтті Кинотеатрлар Қауымдастығының президенті Мунира Ягудина.

Қауымдастыққа елдегі ірі кинотеатрлар желісімен қатар, Петропавл, Павлодар, Степногорск, Ақтау, Алматы, Қарағанды, Екібастұз және Нұр-Сұлтан қалаларының бірқатар кинотеатрлары мүше болды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айының ортасынан бастап Қазақстанда кинотеатрлар жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. 15 маусым күні ашылады деп жоспарланған еді. Алайда, COVID-19 вирусының таралып кету қаупіне байланысты ашылмайды деп хабарланды.

Автор:  Зарина Смагулова, дерек көзі: tengrinews.kz

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы