Размер шрифта:

Цветовая схема:

19 ақпан, 202086

Қазақстандық актер үйленді

Қазақстандық актер әрі каскадер Жандос Айбасовтың енді басы бос емес. Актер үйленді! Өзінің өмірін Жандос фотограф Марина Карпыковамен байланыстырды.

Бұл жақсы жаңалықпен Жандос бөлісуге асықпаған көрінеді. Себебі, еш жерге әлі де жария етпеді. Бәлкім, «бақыт тыныштықты талап етеді» қағидасын ұстанған болар.   

Алайда, актердің жан жары өміріндегі бақытты сәтін жасырғысы келмеген сияқты. Арада бірер күн өтсе де, жұптың некелескені туралы жаңа түскен келін өзінің Инстаграм парақшасында жария етті. Жазбасынан белгілі болғандай, жұп заңды некелерін қаңтардың 20-ы күні қиған.

Айта кетейік, Жандос Айбасов осы уақытқа дейін жиырмадан аса фильмге түскен. Олардың қатарында «Ограбление по-казахски», «Он и она», «Кенже», «Районы» және «Жаным, ты не поверишь» кинокартиналары бар. Естеріңізге сала кетейік, соңғысы  наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстанның барлық кинотеатрларына жол тартады. Бұл картинада Жандос өзін актер ретінде емес, продюссерлер мен сценарий авторларының бірі ретінде сынап көрді.  

«Бұл 8 наурызға деген тамаша тарту болмақ. «Жаным, ты не поверишь!». Мұндайды әлі шынымен де көрген жоқсыңдар, қыздар! Жігіттеріңді алып, киноға  тартыңдар», - деп жазды актер өзінің Инстаграмдағы парақшасында.   

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы