Размер шрифта:

Цветовая схема:

24 қараша, 2020353

Қазақстандық аниматорлар "Бесік жыры" мультфильмін түсірмек

Dala animation студиясында киножобалардың екінші питчингі аясында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы    қолдаған "Бесік жыры" жобасы жүзеге аспақ, бұл туралы Kazakh cinema хабарлады.

Мультфильмнің режиссері және продюсері Дильшат Рахматуллин ivi және Netflix сияқты платформалар үшін бұл жоба ұлттық ерекшелігімен, мифологиясымен және сюжеттің өзімен қызықты болатынына сенімді.  6+ аудиториясына арналған мағынсы мен мәні мол балаларға арналған жоба. 

"Бесік жыры" көл жағасында тұратын жас отбасының өмірі  туралы баяндайды. Жанұядағы сәби дертке шалдығып,  оған ештеңе көмектеспейді. Әкесі ұлының сауығуы үшін дұға етеді, қасиетті ағашқа мата байлап, тіпті үйіне бақсы шақырады. Ол баланың бойынан зұлым рухты байқайды. Алайда бақсының бұл күштерге қарсы тұруға қауқары жетпейді. Үміті таусылған ана түнде көл жағасына барып, Ұмай – анадан көмек сұрап ниет етеді. Киіз үйде Ай сәулесінің ағынымен ана мен отбасы ошағының құдайы пайда болады. Жақсылық пен жамандықтың қаһарлы шайқасы басталады. Қызыл жіп арқылы ежелгі дұғалар, төгілген көз жас пен ананың өтініштері тоқылған ескі бесік жыры шырқалып өтеді.

Қазір шығармашылық топ жұмыс детальдарын пысықтауда – стилистика, дұрыс техника-акварель, май немесе компьютерлік графика іздестірілуде, сондай-ақ композитормен келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Дильшат Рахматуллин: 

"Жоба мифологияға, фольклорға және қазақ мәдениетінің айқын көрсеткіші болады. Бұл біздің өзіндік ерекшелігіміз. Айтпақшы, биыл "Балапан" телеарнасы жеті жобаны шетелдік компанияларға ұсынды. Олардың ішінде екі жоба бар, қазір олар ivi порталында орналастырылған. "Бесік жыры" туралы айтатын болсақ, біз оны фестивальдарда көрсетеміз, содан кейін авторлық шығармашылық жобалар қарастырылатын интернет-порталдарға – Netflix, Ivi және басқаларға сата бастаймыз. Шетелдік әріптестерімізді қызықтырамыз деп ойлаймын", - деді Рахматуллин.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айында Израильде өткен Near Nazareth Festival кинофестивалінде режиссерлер Тұрдыбек Майдан мен тілек Төлеуғазының "Мұзбалақ" қазақстандық анимациялық фильмі "Үздік анимациялық фильм" атанды.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  http://oraloniri.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы