Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 тамыз, 202045

Қазақстандық картина тағы бір шетелдік байқауға өтті

«Өркениет тарихы» немесе «История Цивилизации» Toronto International Film Festival кино байқауының негізгі бөліміне өтті.  

   Отандық киногер Жаннат Алшанованың «Өркениет тарихы» немесе «История Цивилизации» кинолентасы Toronto International Film Festival конкурстық бағдарламасының маңызды этапына өтті. Бұл туралы режиссер Facebook интернет желісіндегі жеке парақшасында хабарлаған болатын.

  Биылғы жылы "Қысқа метрлі картиналар" бөлімін жеті ерекше кинофильмдер  ашатын болады. Картиналарда өмірлік құндылықтар мен өмірге мән беретін өзгеше бастамалар көрсетілген. Беретін мағыналы ойы мен айтатын маңызды идеясы бар киноленталар. Картина біз  мән беру керек мәселелер мен көптеген байланыстардың маңыздылығын көрсетеді", - деп жеткізген  TIFF сайты.

  «Өркениет тарихы» немесе «История Цивилизации» қысқаметрлі кинофильм өткен жылдың жазында Алматы қаласында түсірілген еді. Басты рөлдерді композитор Ақмарал Зықаева сомдайды. Сонымен қатар, Ақмарал Зықаева  картинаға арнайы музыканы да жазған болатын. Және тағы бір басты кейіпкер ретінде суретші Айдар Әлімбаев бой көрсетеді. Екі кейіпкер үшін де бұл рөлдер фильмдегі алғашқы актерлік дебют болды. Қоюшы оператор ретінде Португалиядан арнайы шақыртылған Леандо Феррао жұмыс істеген болатын. Сюжеттік желі бойынша картинадағы басты кейіпкер Индира өмірін күрт өзгерткісі келеді. Соның нәтижесінде, бойжеткен Алматыдан Лондонға көшуге шешім қабылдайды. Бірақ соңғы уақытта алдынан күтпеген жағдай шығып, Индира өмірінде тағы бір  экспериментті жасап көруге бел байлайды. 

  Торонто кинофестивалі биыл 10-19 қыркүйек аралығында гибридті форматта – онлайн және офлайн режимінде ұйымдастырылады.

  Естеріңізге сала кетейік, Жаннат Алшанованың «Өркениет тарихы» немесе «История Цивилизации» қысқа метрлі кинокартинасы Locarno film festival-да екінші орыннан көрініп күміс леопардты жеңіп алған болатын.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы