Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 маусым, 202051

Қазақстандық кино жағдайы

Қазақстандық кино түсіру  қазіргі таңда әдеттегі дүние болып қалғандай. Қазір кинокартина түсіру ешқандай қиындықты қажет етпейді. Жақсы команда мен ұтымды сценарий болса болғаны, ұлттық киноны қолдау ұйымына немесе әртүрлі жыл сайын ұйымдастырылатын кино байқауларда қаражат жеңіп алып, қалаған киноңды түсіруге мүмкіндік аласың. Сонымен біз бүгінде отандық фильмдерді түсіру мен олардың сапасын, қаншалықты жиі үлкен экрандарда көрсетілетінін анықтап көрелік. 

Елімізде кино түсірумен қазір ешкімді де таң қалдыра алмайтының құпия емес. Біреулер фильмді тек коммерциялық пайданы көздеп түсірсе, кей азаматтар мен киногерлер шетелдік аренаға шығын, жоғары класстағы сарапшылардың назарына ілігуді мақсат тұтады. Елде түсірілген фильмдер саны бірден 36% - ға өсті. Кинотеатрлардағы ұлттық фильмдердің көрсетілімдер саны бір жарым еседен астам нәтижені көрсетсе, бұл көрсеткіш бірден 78,2 мыңға дейін жетті. Өткен жылдың сәуір айында кинотеатрларға бару жалпы билет ұүны үшін орташа есеппен 1221 теңгеңді беруге дайындала бер - бұл өткен жылға қарағанда 0,8% - ға қымбат баға екенін білесіз бе?

Ең жоғары бағалар – Нұр-Сұлтан қаласы (билет үшін 1533 тг, бір жыл бұрынғы сияқты) мен  Алматы қалаларында тіркелген (1224 тг, бір жыл ішінде бірден +7,7%). Қазақстан Республикасында басқа да ірі қалалары мен мегаполистері аясында айтарлықтай өсім және қымбатышылқ байқалады, сонымен қатар, Ақтау қаласында да билеттің құны 1200 теңгені құрап отыр. Ресми мәліметтері бойынша өткен аптада ticketon.kz ҚР-дағы бокс - офисі бойынша жаңа "Дэдпул-2", Дэвид Литчтің режиссурасымен Marvel Comics супергеройлық кинофильміне билеттер бірден сатылып, абсолютті көшбасшы болды. Қазақстандықтар үін мұндай шетелдік фильмдер өте қызықты екенін аңғаруға болады. Сол үшінде кинотеатр өкілдері осындай фильмдерді жиі көрсетіп тұруға тырысып бағады. Екінші орынды " Кек алушылар. Шексіздік соғысы " сол Marvel әлемінің командасы туралы саганың төртінші бөлігі ағайынды Руссо. Фильм прокатта 3-ші апта болғанымен сатылымдардан түскен қаражат көлемі 30,3 миллион теңгені  құраған.

Үшінші орында режиссер Роба Гринбергтің "За бортом" комедиясы. Фильм уикенд үшін 13 млн теңге жинады. ҚР кинотеатрлардың  жылдық қорытындысы бойынша 2,1% - ға, 96-ға дейін өсті. Сонымен қатар, кинозалдардың саны бірден 19% - ға, ол 313-ке дейін өсті деген сөз, ал ондағы орындар саны 12,8% - ға, 46,7 мыңға дейін көтерілді. Киносеанстар саны жылына 20% - ға, 695,6 мыңға дейін өсуде. Оның ішінде 687,6 мыңы-толық метражды фильмдерге арналған залдар. Кинотеатрларда өткізілген ұлттық фильмдердің көрсетілімдері бір жарым еседен астам, бірден 78,2 мыңға дейін көрсетілді. 2017 жылы кинотеатрлардың табысы 18,5 млрд теңгеге жетті. Қазақстандықтар киноға жиі бара бастады. Оны біз  киносеанстарға келушілер саны жылына 21,6% - ға, 17,6 млн адамға дейін өскенінен байқауымызға әбден болады.

Ал кішкентай көрермендердің саны да 9,4% - ға, 3,5 млн балаға дейін өсті. Қазақстандық кино - шарықтауда: кинофильмдер шығаратын ұйымдардың саны бірден бір жылда 73,1% - ға, 45-ке, түсірілген фильмдер саны-35,9% - ға, 348-ге өскен болатын. Алайда қазіргі таңда әлемде және елімізде орын алған жаңдай, қауіпті инфекциясының таралуына байланысты сақтық шараларын орындау барысында ең алдымен халық көп шоғырланатын кинотеатрларды жабу ұсынылған еді. Бүгінде кинотеатрлар қаңырап, өз тарифтерін жоғалтуда. Бірақ еліміздегі кино саласының майталмандары отындық фильмдер мен сериалдарды түсіруді тоқтатқан емес. Алдағы уақытта премьерасыз қалған және тұсауы кесілмеген кинокартиналар тізіліп тұрса сіз де біз де таң қалмаспыз. «Ең бастысы халықымыз қауіпті індеттен аман болса, сүйікті отандық фильмдерімізді қашанда тамашалауға дайын тұратын сүйікті  көрермендеріміздің бар екенін ұмытпайтынымыз рас»-, дейді киногерлер. 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  zen.yandex.ru

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы