Размер шрифта:

Цветовая схема:

17 мамыр, 2021267

Қазақстандық кинолента италиялық кинофестивалдің ресми бағдарламасына өтті

Отандық "Батыр" кинокартинасы Сардиниядағы италияндық кинофестивалдің ресми бағдарламасына қабылданып, үздіктер қатарынан көрінді. Елімізде түсірілген қысқа метрлі кинолентасы "LIFE AFTER OIL International Film Festival" деп аталатын италияндық белді кино байқаудың алғашқы этапынан өтті.

"LIFE AFTER OIL" халықаралық кинофестивалі ("мұнайдан кейінгі өмір") — экология және адам құқықтары саласындағы маңызды әрі бірегей кинофестивальдердің бірі. Халықаралық кино байқау осымен 8-ші рет өткізіліп жатыр. Кинофестиваль осы жылдың 17-26 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланып жатыр.

Қазақстандық режиссер Елена Лисасиннің "Батыр" кинокартинасының оқиғалық желісі бойынша, басты рөлді сомдайтын Дина есімді әйелдің жалғыз ұлы қатты сырқаттанып қалады. Оны аман алып қалудың тек бір ғана жолы бар. Ол үшін Дина аз уақыт аралығында үлкен соммадағы қыруар қаражатты табуы қажет. Бірақ мұндай қысқа мерзімде жалғыз қалған жесір әйелге осындай көлемдегі ақша қайдан алуға болады? Динаға көмек қолын созбақ болған оның бастығы одан тек бір ғана нәрсе сұрайды. Ол Динаға өзінің көңілдесі болуды ұсынған еді. Тек осы түн Динаның өмірін мәңгілікке өзгертеді. Ол ұлының өмірін сақтап қалып, өз баласын өлімнен құтқарады, бірақ әйел ретінде өзін мәңгіге жоғалтады…

Фильмдегі басты рөлдерді Жанель Серғазина, Шыңғыс Қапин, Қуандық Қыстықбаев, Дулыға Ақмолда, Рауан Романи және Айбар Таңғыт сомдайды.

Сценарий авторлары: Елена Лисасина, Елена Штерн және Лаура Сапа. Жобаның продюсері-Лаура Сапа, ал креативті продюсер - Анар Жүнісова.

Фильмге қолдау көрсетіп және әрі қарай дамуына жол ашқан "Qazaqfest" ұйымы. Картина сонымен қатар 1977 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Германияның Селбе қаласындағы беделді еуропалық кино фестивалінің ресми бағдарламасынан өтіп, үздіктер қатарына тағы бір мәрте іліккен болатын. Сонымен қатар, отандық кинокартина Англияда ұйымдастырылатын 63-ші Халықаралық Рочестер кинофестивалінің ресми бағдарламасында да әділ қазы алқаларының көңілінен шыққан болатын. Фильм қоржынында үздік фильм және үздік әйел рөлі үшін Лондондағы кинофестивальдің 2 бірдей жүлдесі бар.

Естеріңізге сала кетейік, Qazaqfest-Орталық Азиядағы киноны халықаралық кинофестивальдерге ілгерілету жөніндегі алғашқы агенттік.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы