Размер шрифта:

Цветовая схема:

10 шілде, 202086

Қазақстандық киноматографшылар назарына

Егер Сіз актер, режиссер, аниматор, дистрибьютор, продюсер, сценарист, дыбыс режиссері, монтаж режиссері, тіпті композитор не киносыншы болсаңыз – мархабат! Коттбус пен Берлинде өтетін кинофестивальдердің бизнес-бағдарламаларына қатыса аласыз!

Қазіргі таңда Германияның Коттбус қаласында өтетін Connecting Cottbus кинофестивалі мен Berlinale Talents/Berlinale Talent Project Market Берлин кинофестивальдерінің бағдарламаларына жобаларды қабылдау жүріп жатыр.

Ақпарат үшін айтып өтейік. Berlinale Talents – бұл Берлин халықаралық кинофестивалінің бастамасы, жас кинематографшыларға арналған атақты білім беру форумдарының бірі. Бағдарлама көптеген дебютанттар үшін халықаралық дәрежедегі киноға жолдама болып табылады. Оның қатысушылары сарапшылармен кездесіп, кинокәсіптің түрлі салаларындағы трендтер мен жаңашылдықтарды талқылауға мүмкіндік алады. Сөйтіп, жобаларын қаржыландыруға да мүмкіндікке ие болады.

Talent Project Market-те кинематографшылар тәжірибесі мол халықаралық ко-продюсерлерге толыққанды дайын көркем фильмді немесе жоғары сапалы телехикаяны таныстыра алады. Үш күндік бағдарлама әлемдегі ірі Berlinale Coproduction Market өндіріс нарығымен бірлесіп, әлеуетті серіктестермен жеке кездесулер және халықаралық ко-өнім әлемімен танысуға жағдай жасайды.

Berlinale Talents кинофестиваліне өтініштерді қабылдау биылғы жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін жалғасады. Шара Berlin International Film Festival кинофестивалі аясында 2021 жылы ақпанның 13-і мен 18-і аралығында өтетін болады.

Connecting Cottbus бағдарламасының да жобаларды қабылдау мерзімінің аяқталуына біраз ғана уақыт қалды. Шараның өзі Коттбус кинофестивалі аясында биылғы жылы қарашаның 4-і мен 6-сы аралығында өтеді. Connecting Cottbus – бұл бірлескен өндіріс нарығы әрі шығыс-еуропалық киноға бағытталған нетворкинг-платформа.

Connecting Cottbus-қа дайындау кезеңіндегі 13 жоба мен пост-продакшн кезеңіндегі 6 жоба таңдалып алынып, ұсынылатын болады. Продюсерлер болса, cocoPITCH секциясына дайындау кезеңіндегі көркем фильм жобаларын 15 шілдеге дейін, ал өндіріс немесе пост-продакшндағы жобаларын cocoWIP секциясына 20 тамызға дейін ұсына алады.

Кино әлемінде болып жатқан шараларды бақылап, мұндай мүмкіндіктен отандық кинематографшылардың құр қалмай, оларды құлағдар етуде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының үлесі зор.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  berlinale-talents.de

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы