Размер шрифта:

Цветовая схема:

04 наурыз, 2021274

Қазақстандық киноның беделі арта түспек

Еліміздегі кино саласы тағы бір қолдауға ие болды. Бүгінде ұлттық киноны қолдау үшін жаңа серіктестер бас қосып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Бүгінде отандық кино айтарлықтай нәтижелер  көрсетуде. Қазақстандық кинофильмдер мен жобалар халықаралық кино байқаулар мен кинофестивальдерде қатысушы атанып, қоржынға жүлделі орындар байлауда. Әлемде орын алған карантиндік жағдайлар да кино саласына өз әсерін тигізгені рас. Осыған байланысты отандық телеарналар мен видеохостингтерде қазақстандық телесериалдар реті көбейді. Толық метражды кинофильмдердің арасында сараланып қалған кинофильмдер қазір бірінен соң бірі үлкен прокатқа шығып үлгеріп жатыр. Ал, енді, міне қазақстандық киноиндустриясының өркендеуіне тағы бір себеп пайда болды.

Жақында ғана «Ұлттық киноны қолдау орталығы» мен «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту одағы бірлестік туралы келісімге қол қойды. Екі ұйым басшылары ортақ мақсатты айқындап, алға қойылған міндеттерді нақтылаған болатын.

Astana Invest – Елордамыздағы инвестициялық бірлестік. Қазіргі таңда біршама бағытты ұстанып, талай жобаларды даярлауда. Қаланың көптеген инвестициялық жұмыстарына жауапты, біршама event-маркетингтік бастамалардың авторлары. Сонымен қатар, жарнама әрі дамыту жұмыстары  бойыншы алдыңғы қатарлы мамандар.

 «Astana Invest» Басқарма төрағасы Ержан Балтаевтың пікірінше, жарнама, бейнероликтер, клиптер мен кинофильмдер үшін  геолокациялар мен түсірілім алаңдарын тауып, ұсынуға және келісім жүргізіп, жәрдемдесуге орталықтың қосар үлесі зор. Сонымен бірге, кино орталықтың байқаулар мен фестивальдерді, өнер саласындағы іс-шаралар мен жиындарды өткізуде тәжірибесі мол екенін ескере отырып, осы бағыттарда көптеген ірі жобаларды қолға алуға болатынын атап өтті.

Ержан Балтаев - «Astana Invest» басшысы:

 «Біз қаламыздың дамуына және туристерді тартуға мүдделіміз - біздің компания осы бағытта көп жұмыс істеуде. Біздің негізгі ұранымыз: «Әрбір турист - әлеуетті инвестор, ал әрбір инвестор - ол турист». Біз цифрландыру ғасырында өмір сүріп жатқандықтан, Кинодестинацияны дамыту тұрғысынан Нұр-сұлтан қаласының қазіргі зор әлеуетін көріп отырмыз. Бас қаламызда керемет ғимараттар, заманауи инфрақұрылымда көтеп саланыпы жатыр. Қала дамып, шетелдерде танымал болып келе жатқаны құпия еммес. Біз туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қаламызда туристер мен қала тұрғындары үшін орындар, тартымды жерлер пайда болуда.  Ал қазір мемлекет тарапынан киноиндустрияны дамытуға үлкен көңіл бөлінетінін ескере отырып, «Кинематография туралы» заң қабылданды. Субсидиялау мүмкіндігі бар, менің ойымша, осы тұста жергілікті және шетелдік инвесторлар тарапынан үлкен қызығушылық пайда болады. Біз қаламызда бұл тұрғыда белгілі бір белгіленген бастаманың болғанын қалаймыз. Біз Еуразия орталығындағы орналасқанымызды ескере отырып, кинофильмдер өндіретін, ивенттер өткізетін, продакт-плейсментті дамытатын мегаполис ретінде өзімізді көрсете алатынымызға сенемін», - деді.

Сондай-ақ, Ержан Балтаев  қазақстандық кинематографияны дамыту жолында киноөмнімдердің сапасын жақсарту, рибейттер саласы, киноиндустрия кадрларының біліктілігін арттыру шеңберінде іске асырылып жатқан барлық бастамалар мен жобаларда осындай әріптестік қажет екенін, осы секілді тығыз іскерлік қатынасты әріқарай дамыту керектігі туралы тоқталып кетті.

Ержан Балтаев - «Astana Invest» басшысы:

«Қазіргі отандық кино саласы жаңа заманға сай әріқарай дамуы керек. Кино орталықпен арада жасалған келісімнің нақты нәтижелерді көрсеткенін қалар едім. Орталық контент пен тәжірибелі мамандарға ие. Ал біз – косалтинг қызметтерін ұсына аламыз. Ал енді рибейт жағынан тоқталар болсақ, жаңа заң жүйесі бойынша біз жалпы кіру шегін 850 мың АҚШ долларына дейін қысқарта аламыз. Қазіргі таңдағы нарыққа қарайтын болсақ, бұл біршама қиын міндет. Одан бөлек, мен «мемлекет ішіндегі рибейт» терминін енгізуді ұсынамын. Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлер кино саласына да кіре алады. Олар өндіріске әдеттегідей 30 пайызбен емес, мәәселен, 10 пайыздық үлеспен кіре алуға мүмкіндіктері болады»,- деді орталық басшысы.

Ірі бірлестіктердің тек қана басшылары бас қосқан кездсеуде осы секілді тақырыптар қозғалды. Алда компаниялардың өкілдері мен мамандарының кездесуі жоспарланып отыр. Болашақ жиында екі ұжымның нақты алға қойған мақсаттары мен міндеттері, алгоритмі мен өзекті мәселелері қозғалатын болады.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы