Размер шрифта:

Цветовая схема:

16 шілде, 202075

Қазақстандық қысқаметражды фильмдерге жоғары баға берілді

Осыдан біраз уақыт бұрын 40-тан аса отандық картина ұлттық кино мәртебесіне ие болатынын хабарлаған едік. Бұл картиналар - Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген екінші питчингтен іріктеліп алынған туындылар. Питчингке ұсынылғандардың арасынан Сарапшылар кеңесін таңқылдарғаны қысқаметражды фильмдер болды.

Екінші питчингте Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы Сарапшылар кеңесінің құзырына 200-ден аса өтініш келіп түскен. Кеңес мүшелері атап өткендей, олардың арасында нағыз өнер туындыларын байқауға болады. Ерекше таңқалдырғандар - негізінен жеке меншік студиялар екендігін айтады Сарапшылар кеңесінің мүшесі, «Studio CUBIC» ЖШС-нің директоры, продюсер әрі режиссер Дамир Айникеев. Сонымен қатар, жанр тұрғысынан алғанда жұмыстар тіптен қуантарлық. Сарапшыларға ерекше әсер еткен әсіресе, қысқаметражды фильмдер авторлары болды. Қазылар алқасы ұсынылған жобалардың сапасы жағынан ғана емес, тақырыптары мен идеялары жағынан алуан түрлі келетінін атап өтуде.

«Қысқаметражды фильмдерге иә деп жауап беремін! Бұл өте тамаша жастар. Өз салаларына жүз пайыз дөп түсті. Олар біздің кинематографтың болашағын жасайтын жандар. Ұсынылған қысқаметражды фильмдердің репертуары сан алуан. Артхаустан бастап көркем фильмдерге дейін немесе керісінше, кең амплитудалы болды. Дебютанттар осал деп айтпас едім, менің ойымша, өз жобаларын қалыпты түрде таныстырып өтті. Анимацияларға келетін болсақ, олар Қазақстанда бар екендігі анық. Барлық жігіттер жарады, ашық, шығармашылыққа ынталы, өз саласының бірегей мамандары», - деді Дамир Айникеев.

Атап өтейік, Ведомствоаралық комиссияның нәтижесі бойынша екінші питчинкте таңдалып алынған 42 жоба мемлекеттік қаржыландыруға ие болды. Картиналардың мұнша көлемде қолдауға ие болуы бұрын-соңды болмаған. 2020 және 2021 жылдары олардың өндірісіне 6 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhcinema.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы