Размер шрифта:

Цветовая схема:

15 шілде, 202118

Қазақстандық режиссер Лондонда үздік атанды

Қазақстандық режиссер Шарипа Оразбаева Лондонда өткен 22-ші Rainbow Film Festival кинофестивалінде «Үздік әйел режиссер» номинациясымен марапатталды. Ол бұл атақты «Мариям» толықметражды фильмін түсіргені үшін жеңіп алды.  

Қазақстандық режиссер Шарипа Оразбаева Лондонда өткен 22-ші Rainbow Film Festival кинофестивалінде «Үздік әйел режиссер» номинациясымен марапатталды. Ол бұл атақты «Мариям» толықметражды фильмін түсіргені үшін жеңіп алды.  

«Әрине, бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. «Мәриям» фильмі бұған дейін де бірнеше халықаралық марапаттарға ие болды. Мен оның фестивальдегі тағдыры сонымен аяқталды деп ойладым. Режиссура үшін сыйлық алу, әсіресе Орталық Азиядан Еуропада «Үздік әйел режиссер» деп танылу – керемет сезім», – дейді Шарипа.

«Мәриям» – Шарипа Оразбаеваның дебюттік көркем фильмі. Бұрын ол бірнеше қысқаметражды фильмдер түсірген, олар да халықаралық кинофестивальдарда атап өтілген.

«Мәриям» фильмі төрт баланың анасы, қойшының әйелі Мәриямның күйеуі жоғалып кеткеннен кейін далада қыста жалғыз қалғанын көрсетеді. Басты рөлді Меруерт Сабусинова ойнады, ол – басты кейіпкердің прототипі. Картинаның авторы Шарипа Оразбаеваны шабыттандырған оның жан тебірентер оқиғасы болды. Меруерт балаларымен шалғайдағы ауылда тұратын, бір күні оның күйеуі туысымен бірге жұмысына кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл оқиға Шарипаны бей-жай  қалдырмайды: ол осы қ\оқиға негізінде көркем фильм түсіруге бел буады.

Кинотуынды бұған дейін Локарно, Торонто, Пусан, сондай-ақ Түркия мен Испаниядағы кинофестивальдердің көрермендеріне көрсетіліп үлгерді.

Қазір Шарипа Оразбаева жаңа картинаның түсірілім жұмысын аяқтап, жарыққа шығаруға дайындап жатыр.

«Менің ойымша, біз әлемдік кинематография алаңында Қазақстанның атынан әлі де бірнеше рет қатысып, жоғары деңгейдегі кинофестивальдерді бағындыруға тырысамыз», – деді ол.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы