Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 сәуір, 2020143

Қазақстандық жас режиссерлер не түсіріп жүр?

Бүгінде отандық режиссерлер арасынан суырылып шыққан талантты жастар көп. Қазір олар деректі фильмдерден бастап, әлемдік жұлдыздардың бейнебаяндарына дейін таспалап жүр. Қазақстандық жас таланттар кімдер? Олар туралы біз не білеміз?

Айсұлтан Сеитов

 

Еліміздің атын әлемге танытып жүрген Айсұлтан Сеитов – Қазақстаннан шыққан дарынды режиссер. 1997 жылы 31 қаңтарда Алматы қаласында туған. Ол бала күнінен сабырлы әрі тұйық бала болып өскен. Қазақ- түрік лицейін аяқтағаннан соң, Америка Құрама Штатындағы New York Film Academy білім алған. Оқу барысында “Шакал” картинасын түсіріп, кейіннен бұл жобасымен Hollywood Boulevard номенациясында жеңіске жетеді. Айсұлтан бейнебаян режиссері ретінде Джая Миядзакидің “По ветру” атты клипінде дебют жасайды. Кейінрек Moldanazar тобы үшін “Жаным сол” клипін таспалайды. Сондай-ақ, ТМД елдерінде танымал Jah Khalib орындауындағы Айсұлтан режиссерлік еткен “Медина” бейнебаяны Қазақстан тарихындағы ең қымбат клиптердің бірі болды. Айсұлтан Сеитов Иван Дорн, Noize MC, 21 Savage, Joji, Елены Темникова, Offset сынды танмал жұлдыздармен жұмыс жасаған. Және де талантты жас режиссер «BMW Қазақстан» және Yves Saint Laurent сән үйі үшін түсірген жобаларын үлкен мақтанышпен айтуға болады. Айсұлтан атақты ресейлік «вДудь» бағдарламасында қонақта болып, онда ол белгілі Қазақстандық модель Ая Шалқармен кездесетінін айтқан болатын.

 

Кана Бейсекеев

 

Шетелді өз талантымен мойындатып келе жатқан тағы бір режиссер Кана Бейсекеев. Ол өзінің ерекше стильде түсіретін деректі фильмдерімен танымал. Сондай-ақ, шет елде және отанымызда өмір сүретін қазақстандықтар туралы қысқаметражды фильмдерді шығарады. Оның танымал жұмыстары ретінде “Освобожденная” және “Бала” атты Америка Құрама Штатындаға отандастарымыздың өмірлік тарихы туралы түсірілген жобаларын айтуға болады.

 

Медет Шаяхметов

 

Медет Шаяхметов те әріптесі Айсұлтан Сеитов секілді Америка Құрама Штатындағы New York Film Academy бітірген. 1993 жылы 12 шілдеде Ақмолада дүниеге келген. Ол АҚШ-тағы білімінен кейін елге оралып, Jah Khalib “Созвездие Ангела” әніне бейнеклип таспалайды. Медет Шаяхметов “Q-елі”, “Escape”, “Brothers” сияқты фильмдерге режиссерлік етті. Медет ТМД елдерінде беделді әрі талантты Молданазар, Скриптонит, Егор Крид, Елена Темникова, Елка және Feduk сынды әншілерге бейнеклип тасбалайды.

 

Қыран Талапбек

 

Режиссерлік, телеоператорлық жолын қарапайым қазақтың тойынан бастаған Қыран Талапбек қазірде әлемдік және қазақстандық брендтермен үлкен конрактқа отырып, олар үшін сапалы видео түсірумен айналысады. Ол инстаграм желісіндегі мотивациялық видеороликтерінің арқасында кең аудиторияға танылды. Қазір Kyran FILMS –тің негізін қалаушы. Өзінің әлеуметтік желісінде түрлі видео түсіруден әртүрлі онлайн сабақтар мен қосымша жобаларды ұйымдастырып жүреді.

 

Даурен Қамшыбаев

 

Дәурен Қамшыбаев-режиссер-сценарист. Trinity Film Festival Халықаралық фестивалінің лауреаты. Калифорния университетінің жазушы тобының мүшесі. Канн кинофестивалінің қысқа метражды кино секциясының қатысушысы. Astana Action Film Festival кинофестивалінің жеңімпазы. QAISAR қысқа метражды картинасын таспалады. NO LIMITS атты деректі фильмін түсірді. ST ресейлік орындаушысы үшін клип түсіріп үлгерген. Дәурен - Тараздық Taraz film school кино мектебінің негізін қалаушыларының бірі.

 

Берік Жаханов

 

Берік Жаханов - ойын және деректі кинофильмдердің режиссері. Алматыдағы Өнер академиясында бітірген ол режиссерлік жолында айтулы туындыларды таспалауды мақсат тұтты. Осы уақыт аралығында Чехия, Нью-Йорк, Санкт-Петербург және Қазақстан елдеріндегі фестивальдер мен конкурстардың белсенді қатысушысы атанып, мол тәжірибе жинаған. 

Оның "Бабалар мұрасы" атты алғашқы деректі фильмі "Бастау" студенттік фильмдер кинофестивалінің "Үздік деректі фильмі" премиясына ие болып, нәтижесінде Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында  — The London International Filmaker Festival кинофестивалінде 2019 жылы үлкен экранда көрсетілді.

 

 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  @aisultan

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы