Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 қыркүйек, 2020407

Қазақстандықтар енді Disney-де

Еліміздегі үздік саналатын Nomad Stunts халықаралық каскадерлер клубы әлемдік Disney киностудиясының өндірісі “Мулан” кинокартинасында бой көрсетті. Сонымен бірге, Nomad Stunts жетекшісі Жайдарбек Кұңғожинов “Мулан” кинолентасында актер ретінде рөл сомдаған болатын. 

 

Disney киностудиясы түсірген “Мулан” кинофильмінің әлемдік премьерасы 4 қыркүйекте орын алған еді. Аталған жоба үшін қазақстандық Nomad Stunts кәсіби каскадерлер тобы арнайы шақыртылған еді. Бірнеше ай бойы күнделікті жаттығулар мен түсірілімдер жүргізілген болатын. Саханаланған кадрлардан байқасақ, каскадер жігіттер ат үстінде тұра шауып, қабырғаларды жарып өтіп, садақпен оқ атады. Түсірілім процесстері Жаңа Зеландияда жарты жыл бойы жүрген. Қазақстаннан келген каскадерлер “Мулан” каинокартинасында әйгілі Джейсон Скотт Лидің сомдауындағы Бөрі ханның таңдаулы жауынгерлік жасағы ретінде бой көрсететін болады. Отандық каскадерлердің айтуынша, лентадағы ең ауыр әрі жауапкершілігі мол сахналардың бірі Бөрі ханның өз жауынгерлерімен бірге Қытай бекінісіне шабуыл жасаған кезі болған. Бұл сахна есте қаларлық қойылымдардың бірі болғанын жасырмайды қазақстандық өнерлі жігіттер. Қиындықтарға қарамастан, біздің каскадерлеріміз барлық трюктерді кәсіби түрде, сапалы әрі жоғары деңгейде орындап шыққан көрінеді. Әсіресе, сахналанған кадрлар ішіндегі ерекше трюкті талантты әрі мықты каскадер Мұрат Бұрханов  өз дәрежесінде керемет сомдап шықты. Мұрат шауып бара жатқан бір топ жылқылар астына құлау керек болған.  Режиссер бірден трюк өте қауіпті екенін, бірақ өте кәсіби түрде орындалғанын жеткізген. Сахна бар жоғы бір ғана дубльмен түсірілген болатын. Бұл бас кейіпкер Мулан Бөрі ханның сарбаздарына оқ ату кезінде қойылған сахна еді. Сондай-ақ, Nomad Stunts каскадерлері семсерлесу сахналарын да жоғары деңгейде алып шықты. 

Фильм продюсері Nomad Stunts ұжымының өнерімен ертеректен Netflix өндірісі саналатын “Марко Поло” кинокартинасынан таныс болған көрінеді. Сол себепті, бұл ауқымды жоба үшін қазақстандық Nomad Stunts жігіттеріне алғашқылардың бірі болып үлкен сенім білдірген де осы прдюсер болған. 

@nomadstunts

Ұжым жетекшісі Жайдарбек Кұңғожиновқа бұл картинада ерекше рөл берілген болатын. Қазақстандық каскадерге Бөрі ханның таңдаулы жауынгерлік жасағындағы "қасқырлар" отрядының жетекшісі және әскери жетекші рөлі бұйырған. Дегенмен, бұл рөлді Канада елінен келген актер сомдайтын болып келісілген еді. Бірақ, отандасымыздың бойынан кәсібилігін байқаған киноның продюсері бұл рөлді Жайдарбек Кұңғожиновқа сеніп тапсырған болатын. Осылайша, Диснейлік киностудия түсірген шетелдік картинада алғашқы қазақстандық Жайдарбек Кұңғожинов актер ретінде дебют жасады. 

@nomadstunts

Халықаралық Nomad Stunts каскадерлер тобын 2000 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек Сіңірген Қайраткері, әлемдік "Таурус" каскадерлер академиясының номинанты, трюк қоюшы, каскадер әрі актер Жайдарбек Кұңғожинов негізін қалаған болатын. Номад каскадерлері бүгінгі таңға дейін  "47 Рониннов", " Неудержимые 2", "Моңғол", "Томирис", "Ертугрул", "Османның негізі", "Жауынгер", "Марко Поло" сияқты жобаларда бой көрсетіп, сондай-ақ Universal, Disney, MGM, 20th Century Fox, Millennium Films студияларымен және Netflix пен HBO стримингтік сервистерімен серіктес атанып үлгерген.  Қазіргі таңда отандық топ шетелдік кинопродакшндар мен студияларда және әлемдік киногерлер арасында ерекше танымалдылыққа ие. 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы