Размер шрифта:

Цветовая схема:

10 наурыз, 2020433

«Қазбат» көркем фильмі республикалық телеарна эфиріне жол тартты

Шынайы оқиғаға негізделген «Қазбат» әскери драмасы алғаш рет эфирге шығып отыр. Өткен ғасырдың 95-ші жылы тәжік-ауған шекарасындағы қанды қақтығыстан сыр шерткен туындыны қалың көпшілік 2019 жылдың күзінде қазақстандық прокаттан көрген еді. Енді міне, бірнеше бөлімнен тұратын телехикаяны «Qazaqstan» Ұлттық арнасының эфирінен тамашалай алатын болды.

Фильм ТМД елдерінің сыртқы шекарасын күзету кезінде 1995 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасында орын алған қақтығыстағы қазақстандық жауынгер-сарбаздардың ерлігін суреттейді. Осыдан тура 25 жыл бұрын біздің сарбаздар ол жаққа бітімгерлік мақсатпен барған еді. Алайда ротаға тұтқиылдан шабуыл жасалды. Біздің жігіттер содырларға жойқын тойтарыс бере алды. Алайда, амал нешік?! 5 сағатқа созылған күрес талай азаматтың өмірін алып кетті. Бұл қантөгісте 17 жауынгеріміз ерлікпен қаза тапты.   

«Қазбат» әскери-патриоттық драмасы өскелең ұрпақты елжандылыққа, шынайы достық пен адамгершілікке үйретеді.

Айта кетейік, батылдық, адалдық пен отансүйгіштікті ту еткен отандық фильмдегі басты рөлді «Брак или брат» екі бөлімді комедиясы арқылы танылған Даурен Серғазин сомдайды. Сонымен қатар Диас Мырзахмет, Халық Рахат, Шарифбек Закиров пен Индира Шынболатқызылар ойнайды. Ал, фильмге режиссерлік еткен - Асқар Ұзабаев.

Автор:  Зарина Смағұлова

Фото:  sputniknews.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы