Размер шрифта:

Цветовая схема:

21 мамыр, 2020169

Бүгін ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

21 мамыр күні Қазақстанның мәдениет және өнер өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні елімізде 2013 жылдың қарашасында Президент жарлығымен пайда болған еді.

Алғашында бұл айтулы мереке 1998 жылы белгіленіп, қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін. Алайда, 2013 жылы Президент жарлығымен толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, мереке бүгінгі күнге ауыстырылды.  

Мәдениет және өнер өкілдерінің арқасында азаматтардың рухани сұраныстары қанағаттандырылып, демалуға мүмкіндіктері бар. Бұл дегеніміз - адам филармонияға барып, әсем әуен тыңдап, мұражайға барып, дарынды суретшілердің галереяларын тамашалап, кинотеатрға барып, сүйікті фильмдерін көруілеріне жағдай жасалған. Тіпті, кез елген жан өзінің дарыны мен талантын паш етіп, шығармашылық жолын бастауға жол ашық. Мәдениет өкілдерінің өскелең ұрпақ тәрбиесіне де елеулі үлесі бар. Өнер иелері балаларға рухани азық беріп, жеке тұлға болып қалыптасулары жолында маңызды фактор болып саналады.      

Жалпы, мәдениет және өнер иелерінің төл мерекесі ел тұрғындарының бойына патриоттық сезім ұялатып, тарихи-мәдени құндылықтардың қалыптасуына, дамуы мен сақталуына бағытталып құрылған. 

Ұлттық музыка, әдеби шығармалар мен кинотуындылар – бұл халықтың өткені мен бүгіні жайындағы мәдени-тарихи білімнің қайнар көзі. Осынау құндылықтар арқылы шығармашыл мамандық иелері ата-бабалардың мол мұраларын келесі ұрпаққа жеткізіп, сақтап, оларды мақтан тұтуға барын салады. 

Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күнін атап өтетін жандар баршылық. Олар - кино мен театр актерлері, жазушылар, суретшілер мен музыканттар, архивтер мен кітапханалар, мұражайлар мен мәдениет үйлерінің қызметкерлері  және тағы басқа көптеген жандар мәдениет өкілі атағын иеленуіне  толық құқылы.  

Осынау айтулы күні kaztube.kz бейне-порталы барлық мәдениет және өнер иелерін төл мерекелерімен құттықтып, жұмыстарына табыс пен шығармашылық шабыт тілейді.  
 

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы