Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 қыркүйек, 202012

Қылмыс пен жаза туралы жаңа туынды

«Қазақфильм» киностудиясы ұсынып отырған «Граната» деп аталатын тағы бір жаңа картина бүгінгі қоғамның проблемаларын ашық түрде қозғайды. Заңның әлсіреп, қылмысты жасағандарға тиісінше жаза берілмеуі, парақорлық пен тәкәппарлықтың жастар арасында актуалды болғандығы баяндалған картина көрермен назарына ұысынылатын болады.

Кинофильмдегі оқиға желісі сот залында басталады. Басты кейіпкер – 60 жастағы Айғали есімді қария. Оның жұбайын және туған баласын 25 жасар Думан мас күйінде көлікке отырып, қағып кетеді. Сол жерде қаза тапқан жақындарынан айырылған қария Думанның жазаланғанын қалайды. Алайда, Думанның ата-анасы елдегі белді әрі абыройлы кісілер. Олар үшін судьяны сатып алы түкке де тұрмайды. Мұны білген Айғали сот залына граната әкеліп, сол жердегі барша жанды кепілдікке алады. Сот үкімімен келіспеген қария қарапайым халықтан шешімді өзгертулерін сұрағанымен, оның үміті ақталмайды. Басқа шешімі қалмаған Айғали Думанды адам ізі баспаған алыс шөл далаға әкеледі. Оның бір ғана мақсаты бар еді, ол - Думанды өлтіру. Бірақ сол жерде белгісіз әрі ойға қонымсыз дүниелер орын алып, қарияның бұл іс-әрекетке баруына әлдебір тосқауыл пайда болады.

Далер Мурзағалиев, кинорежиссер, сценарист:

«Мен бұл фильмде сұрақтардың жауабын бере алатындығымызға сенімді емеспін. Біз көбінше сұрақтарды өзін қоямыз. Осындай жағдайға тап болған адам қандай шешім қабылдауы керек? Қоғам сені түсіну үшін сен қандай болу керексің? Қайталап айтамын, мен жоба сценаристі әрі режиссері ретінде жауап бермеймін, мен тек сұрақ қоямын»,- дейді жоба авторы.

Қазіргі таңда ұжым қосалқы рөлдерге актерлерді таңдау үшін кастингке дайындық үстінде. Дебютанттар үшін бұл жаңа мүмкіндік екені рас. Басты рөл кәсіби актер Ержан Жарылқасыновқа сеніп тапсырылады. Жоба авторлары дәл осы актерге үлкен сенім білдіруде, оның кино әлеміндегі мол тәжірибесі фильмдегі бар эмоцияны жоғары деңгейде көрсетуге өз пайдасын тигізеріне сенімді. Бүгінгі таңда фильмнің сюжеті бойынша жұмыстар тиянақталып, сценарий қазақ тіліне аударылуда. Қысқа метрлі картина ана тілде шығатын болады.

Далер Мурзағалиев, кинорежиссер, сценарист:

«Бұл қысқа метр болғандықтан, ауқымы кең үлкен прокатты күтпейміз. Алғашқы жылы, біршама кино саласындағы байқаулар мен фестивальдерге қатысу. Ал келесі жылы , әртүрлі іс-шаралар мен көрсетілімдер, мәселен «Сыншылар таңдауы» секілді шараларға қатысу жоспарлануда. Ал одан кейін, YouTube видеохостингіне салынып, көрермен назарына ұсынылады. Осындай жоспар бойынша жүрсек, керемет болары сөзсіз».

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы