Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 маусым, 2020217

Режиссер Сергей Азимов әл-Фараби жайындағы деректі лентасы туралы

Бұдан бұрын продюсер әрі режиссер Сергей Азимов әлемнің екінші ұстазы – Әбу Насыр әл-Фараби туралы фильм түсіргенін айтқан едік. Картинаны түсіруге киногерге не түрткі болды? Бұл туралы ол әлеуметтік желіде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен өткізген онлайн әңгіме барысында айтып берді.

Режиссердің айтуынша, деректі фильмдер факттарға негізделеді. Оны түсіру үшін кез келген нақты хикая түрткі болып табылады. «Ұстаздың оралуы» деректі лентасының да дүниеге келуіне режиссердің өмірінде болған оқиға негіз болған сияқты.

«2005 жыл. Біз Таяу Шығыста едік. Мысыр мен Сирия елдерінде. Және Дамаскіде. Ол кезде Дамаск бейбіт еді. Әрі 4-5 жылдан соң болған оқиғалардың лебі де ескен емес. Біз Сұлтан Бейбарс туралы ақпарат жинаған едік. Содан соң, Ұлы әл-Фарабидің осында жерленгенін біліп, Дамаскінің ескі бөлігіндегі зиратқа бардық. Онда талай танымал тұлға жерленген. Оның ішінде Мұхаммед Пайғамбардың бірнеше әйелі де бар. Бізді әл-Фарабидің зиратына алып келді. Мені қарапайымдылық, сопылық әрі 10 ғасырда өмір сүрген адамның моласын көргенім есіңгіретті. Осы бір факт оның өмірбаянын білуге үлкен ынта тудырды», - деді режиссер.

Бірі білсе, бірі білмейді, аты әлемге әйгілі ойшыл, ғалым, пәлсапашы әлемнің екінші ұстазы атанған. Мұндай атаққа ие болу үшін маңызды себеп болуы қажет дейді киногер.

«Әл-Фарабидің еңбегі мен үлесі – оның заманауи әлемге, батыс әлеміне Ұлы көнегрекиялық өркениетті қайтаруында. Ол кезде ол Таяу Шығысты, Аристотельден бастап, Платон, Евкрид сияқты атақты гректерді, барлық философтарды, ақындар мен жазушыларды сақтап қалды», - дейді ол.

Ұлы ойшылдың бірегейлігін айта келген режиссер түсірген жаңа туындысының қай бағытта өрбитінін де айтып өтті.

«Философ пен оның дүниетанымы туралы деректі фильм жасау, оңай емес екендігін түсіндім. Себебі, киноның табиғаты да, тілі де бөлек. Сондықтан фильм «Ұстаздың оралуы» («Возвращение учителя») деп аталады. Біздің фильм әл-Фарабидің заманауи екендігі жайында. Тіпті, мүмкін 19-шы, 20-шы ғасырларда өмір сүрген пәлсапашылардан әлдеқайда заманауирақ болуы мүмкін. Әрине, заманды да ескеру керек, алайда ол ешкімнен кем түспейді. Біз оны ұмытыңқырап, айтқан өсиетінен тыс өмір сүріп жатырмыз. Егер оның айтқанымен жүріп, тіршілік етсек, ислам әлемінде болып жатқан сұмдық жағдайлар орын алмайтын еді. Бұл - бірінші. Және екінші – деректі кинода қызығушылық тудыратын жәйтты әңгімелеген әлдеқайда қызықты. Себебі, онда хикая да бар, эмоциялар да бар, тағдырлар мен құлдыраулар, күрес те бар. Біздің фильм - осылардың барлығының қандай қиындықтар арқылы өткені туралы, әл-Фарабидің атын оның тарихи отанына қайтарған адамдар жайындағы хикая. Өйткені бұл күнде алматылықтардың бірнеше ұрпағы шаһардағы әл-Фараби даңғылы мен оның есімін еншілеген университет баяғыдан бар дүние болып көрінеді. Небары 70 жыл бұрын әл-Фараби панисламшыл деген атақпен таңбаланып келген. Оны ақтап, тоталитарлық жүйенің идеологиялық кедергілерін жеңіп, политбюрода Леонид Ильич Брежневке оның панисламшыл емес, Аристотельді аударған адам екендігін қалай дәлелдеген? Оның атын қайтару кезінде 60-70 жылдардағы біздің ғалымдар тарапынан ұсыныстар берілген. Олар әл-Фараби шығармашылығында орыс ғылымы мен мәдениетінің озық әрі маңызды рөлін көрсетуі керек-тін. Осы тараптан алғанда фильміміз қалай шығатынын білмеймін. Алайда, қызықты бір дүние жасағым келеді», - деп түсіндірді Азимов.

Киногердің туындысы ұстаздың маңызды оралуының куәгерлері және оған тікелей қатысы бар адамдар арқылы көрсетілетін әңгіме жанрындағы зерттеу болмақ. Философтың өмірі мен шығармашылығын терең зерттеген Сергей Азимов, фильмнің ұстаздың тікелей емес, рухани тұрғыдан оралуы жайында болатынын айтады.

«Фильм рухани әрі ағартушылық оралу жайында. Бұл әлдеқайда маңызды. Оның қай жерде жерленгені маңызды емес. Бұл үрдістің болғаны маңызды. Әрі әл-Фараби болмаса, қазіргі әлемді елестету мүмкін емес. Бұл туралы әйгілі түрде айтып беру – қиын міндет. Осы жайында азды-кем түрде түсінікті етіп жеткізе алсақ, онда бұл міндетті орындай алғаным. Мен үшін картина пішіні жағынан қандай болатыны да емес, барынша ақпарат бере алуым маңызды. Әрі оның ұғынықты болғаны керек», - дейді режиссер.

«Біз көбінесе даталық фильмдер жасаймыз ғой. Мерейтойларға арнап. Биыл Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Бұл қандай картина болып шығатынын білмеймін. Жақсы ма, әлде жаман ба, алайда айтарым – біз мерейтойлық картина жасауға тырысып жатқанымыз жоқ. Біздің мақсатымыз ұстаз жайында түсінікті тілде жеткізу. Неліктен деректі фильм? Себебі көркем туынды - бұл басқа дәуір. Мұнда драматургия қажет. Сосын мен философтар, музыканттар жайындағы картиналарды білетінім шамалы. Иә, жүрекке жететіндер бар, әрине. Дегенмен, онда шығармашылық туралы айтылмайды. Көбінесе өмірбаянында орын алған белгілі бір фактілер айтылады. Ол жайында ойлап табу керек. Ал, біз әл-Фараби туралы білетініміз аз. Себебі ол заман алысқа кетті. Алайда, ол диуана болғаны анық», - деп толықтырды ол.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы