Размер шрифта:

Цветовая схема:

23 қазан, 2020442

Самал Еслямова түскен киноленталар

Актриса Самал Еслямова кинодағы алғашқы қадамын осыдан 12 жыл бұрын Сергей Дворцевойдың дебюттық картинасынан бастаған. Тура он жыл өткен соң, актриса оның екінші фильмінде бас кейіпкердің рөлін сомдап, Канн кинофестивалінің Алтын пальма бұтағының иегері атанды. Бүгінде актриса қазақстандық кинематографта танымал тұлға. Ал оны танымал еткен қандай киноленталар? Көрелік.

«Қызғалдақ»
(2008)

Ресейлік әскери-теңіз флотында әскери борышын өтеп келген Асхат есімді жас жігіт туған жері – қазақ даласына оралады. Мұнда ол өзінің туған әпкесі Самал мен оның күйеуі бақташы Оңдасын және олардың төрт баласымен тұруға мәжбүр. Алайда жергілікті жас жігіттерге қарағанда, Асхат туған өлкені тастап кеткісі келмейді, керісінше, осында қалып, бақташы болуды армандайды. Өкінішке қарай, оның бұл арманының жүзеге асуы тек жақын арада қалыңдық тапса ғана орындалуы мүмкін. Оңдасын мен жігіттің жан досы оған көрші бақташының қызы – Қызғалдақ есімді қызды жар етпек болады. Алайда бұл қадамдары сәтсіздікке ұшырайды. Себебі бойжеткен қалаға барып, білім алмақ. Сол себепті ата-анасына тұрмысқа шыққысы келмейтінін Асхаттың қулағының үлкен болғанымен түсіндіреді. Қыздың оның көңіліне жауап бермегеніне жігіт қынжылмай, бір жақсылықтың болатынына сенеді, бірақ оның жолында тағы бір қиындық туады. Фильмде актриса бас кейіпкердің әпкесінің рөлін сомдайды.

Фото: youtube.com

«Айка»
(2018)

Айка әдемі есімді қырғыз қызы Мәскеуде жақында ғана ұл босанады. Эмигрант қыз үлкен қалада кішкентай баласымен өмір сүруіне қиын болатындықтан, Айка жаңа туған нәрестесін перзентханада тастап қашады. Осыдан кейін оның қырғыз баскесерлерінен боранды астанадағы төрт күндік қашу хикаясы басталады. Қыз олардан кезінде тігін шеберханасын ашамын деп, 200 мың рубль ақшаны қарызға алып, қайтара алмаған екен. Бауыр еті баласын перзентханада тастап кеткен жас ананың бірер күннен соң аналық махаббаты оянып, баласын қайтармақ болады.  

Фото: kinoart.ru

«Конокрады. Дорога времени»
(2019)

Тянь-Шань тауының бөктерінде кішкентай ауылда қарапайым отбасы өмір сүріп, жылқы бағумен айналысады. Бір күні оларға барымташылар келіп, үйдің отағасын өлтіріп, бүкіл малын айдап әкетеді. Енді анасы мен қарындасы үшін бар жауапкершілік 12 жастағы Олжас есімді баланың иығына артылады. Алайда бірер уақыттан соң, оларға белгісіз бір адам көмекке келеді. Актриса сонымен қатар Наталья Назарованың «Райцентр» атты картинасына түсті. Фильмде ол бас рөлді сомдайды. Қазіргі таңда жоба өндіріс үстінде.

 Фото: www.kino-teatr.ru

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы