Размер шрифта:

Цветовая схема:

23 қазан, 2020328

Шарифбек Закировтың қатысуымен түсірілген 3 туынды

Шарифбек Закиров қазақстандық кинематографта жұлдызы жақында ғана жарқ етсе де, бүгінде бірқатар отандық фильмде бас рөлдерді сомдап үлгерген актер. Оның қатысуымен түсірілген туындылар көрермен тарапынан жылы ықыласқа бөленді. Олардың қандай картиналар екендігін білмесеңіз – таныстырайық!  

«Қазбат»

Бұл фильм 1995 жылдың көктемінде болған оқиғаларды баяндайды. Қазақстан солдаттары Тәжікстанның дау-жанжалында бейбітшілік миссиясын атқаруға қатысты. Сол жылдың 7 сәуірінде Қазақстанның ішкі әскерінің жетінші ротасы Пшихавар шатқалында торуылға түсіп, содырлармен тең емес шайқасқа түседі. Ол шайқаста 17 адам қаза тауып, 33-і жарақат алады. Ауған жағынан шабуылдаған Тәжікстандағы заңсыз оппозиция содырлары бір сағаттың ішінде ел аумағына кіреміз деп есептеді, алайда қатаң қарсылыққа тап болып, бес сағаттық ауыр шайқастан соң, кері шегінуге мәжбүр болды. «Қазбат» фильмі сол көктемде тәжік-ауған шекарасында ТМД елдерінің сыртқы шекарасын қорғау кезінде қаза тапқан 17 жауынгердің ерлігін суреттейді.

Фото: baigenews.kz

«Нартай»

Бұл фильмдегі оқиғалар 1991 жылы Германия мен Қазақстанда өрбиді. Картина бас кейіпкер Батыс әскери тобымен бірге КСРО-ға қайтып келе жатқан Т-72 танкінің жүргізушісі, аға сержант Нартай Сапарғалиев жайынан сыр шертеді. Кеңес Одағынан Германияға қашқан орыс эквилибрисі Эдик Петров танкті айдап әкететін кезде Нартай сол танктің ішінде болатын. Осылайша, Нартай мен оның танкі Эдик пен фильмнің басқа да кейіпкерлерінің тағдырын түбегейлі өзгертеді. Нартай – мейірімді әрі ақкөңіл жас жігіт жаңа адал достарын табады, бірақ туған қазақ жері мен отбасын қатты сағынады. Көрермендерді одан әрі ешкімді бей-жай қалдырмайтын қызықты оқиғалар күтеді. Тартымды сюжет, сапалы картина мен дыбыс фильмді тамашалаушыларды 1991 жылға ерітіп әкетеді. Фильм бойы бас кейіпкерлер басты сұрақты – «Отанымыз қайда?» деген мәселені көтереді. Картина сценарийі В.Куниннің «Русские на Мариенплац» әдеби шығармасы негізінде жазылған. Қазақстандық киноиндустрия үшін жаңа форматтағы   «Нартай» фильмі халықаралық деңгейдегі мамандар тобымен жасалған.

Фото:youtube.com

«На грани»

«На грани» катинасының бас кейіпкерлері – екі түрлі тағдырлы екі жасөспірім. Бірі базардағы арбаларды итеруші болып жұмыс істесе, екіншісі - оқу озаты. Алайда олардың тағдырлары бір қарағаннан әлдеқайда ұқсас келеді. Оған кейін бір оқиға дәлел болады.

Фото: brod.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы