Размер шрифта:

Цветовая схема:

21 қаңтар, 2021506

Шетелде түсірілген отандық фильмдер

Қазақстандық киноиндустрия жыл сайын дамып келе жатқаны құпия емес. Оған отандық киногерлердің өз фильмдерін тек ел аймағымен шектелмей, сондай-ақ мұхит асып шет елдерде түсіріп келе жатқаны дәлел.  Біздегі кино саласының айтарлықтай деңгейге жетуі осыған да тікелей байланысты екені рас. Шетелмен тәжірибе алмасып, олардың жүргізген табысты практикасын қолдану біз үшін де маңызды.  Картиналар қатарында комедия мен мелодрама жанрлары да, деректі және көркемдік фильмдер де кездеседі. Бүгін біз өзге елдерде түсірілген өзіміздің туындыларымызды назарларыңызға ұсынбақпыз. Бос уақытыңыз бола қалса, біз кеңес берген төмендегі фильмдерді тамашалап көріңіз.

«Анаға апарар жол»

kazakhfilmstudios.kz

Қазақстандық үздік кинокартиналар қатарына іліккен бұл жоба қазақ жұртшылығы үшін ауыр болған кезеңдерді көрсетеді. Елге белгілі режиссер әрі талантты киногер Ақан Сатаевтың түсірген бұл шығармасы көптің көңілінен шығып, жүректен жүрекке жеткені құпия емес. Керемет дарын иесі режиссер Сатаевтың еңбектері ішінде «Жау жүрек мың бала», «Бизнесмены», «Районы» және жауапкершілігі мол болған «Томирис» сияқты киноленталары да бар. «Анаға апарар жол» кинофильмі өз кезегінде қазақтың өнері мен кино саласына үлкен үлес қосқаны рас.

Картинада қазақ халқы басынан өткерген жұт, Ұлы Отан соғысы мен ашаршылық кезеңдері баяндалған. Ананың балаға деген кіршіксіз махаббаты және ерекше сағынышы бейнеленеді.

Фильмнің түсірілімдері ауқымды деңгейде өткен болатын. Бірден төрт елде  түсірілген бұл жоба үлкен қошеметке ие болды. Олардың қатарында: Беларусь, Әзірбайжан, Ресей және Қазақстан елдері де бар. Жобаға Әлия Назарбаева, Анна Чакиртова, Светлана Коротенко және Әлия Меңдіғожиналар продюсерлік еткен еді. Фильмнің сценарий авторы Тимур Жақсылықов. Рөлдерде: Берік Айтжанов, Әділ Ахметов, Аружан Джазильбекова, Азамат Сатыбалды, Мерей Мақажан, Еркебұлан Дайыров, Алтынай Нөгербек, Болат Әбділманов.

«Казах из Стамбула»

кадрдан алынған

Бұл хикая тағдыр қалауымен өз Отанын жоғалтып, елінен жырақта өмірге келген қандастарымыздың өмірі жайында. Кезінде елде орын алған  қиын-қыстау жылдары өз өмірін, тілі мен мәдениетін сақтап қалуға тырысып, бөтен елде жүрген қазақтар туралы баяндайды. Қазір оларды ел арасында «оралмандар» дейді. Бірақ олар өздерін бүкіл әлемге таралған үлкен қазақ отбасының бір бөлігі деп санайды. Олардың көп бөлігі Түркия елінен пана тапқан еді. Картина екі буын адамдарының тұрмыс-тіршілігін, олардың тарихы мен жүріп өткен өмір жолын баяндайды. Көптеген жылдар бұрын Қытай, Гималай, Тибет, Үндістан және Пәкістан арқылы өтіп, түрік жерінде тамыр жайған, алайда бәрібір бұл олардың нағыз отанына айнала қойған жоқ. Фильм кейіпкері Мүфтихан-ата Қытай жерінде дүниеге келсе де, алыс әрі қиын жолды  артқа тастап, ата-бабалар жеріне оралуға шешім қабылдайды. Оның өз отанындағы қазіргі өмірі туралы фильмде толық көрсетілген.  Мүфтихан-атаның басты мақсаты- кейінгі ұрпақ өз жері мен шыққан тегін ұмыт қалдырмаса екен дейді. Тіліміз бен дініміз, мәдениетіміз бен дәстүріміздің жойылып кетпеуі маңызды. Ал фильмнің келесі кейіпкері Ілияс Керім есімді қандасымыз, Түркияда дүниеге келіп, сол жерде тұрмыс-тіршілігін жалғастыруда. Бірақ болашақта ол да Қазақстанда да жаңа өмір бастап, өз елінің тұрғыны болуды армандайды.

Кинофильм журналист Райхан Рахимнің екінші жұмысы. «Казах из Стамбула» кинолентасының қоюшы операторлары Нұрбол Нұрбаев пен Илья Мартынов болды. Фильм түсірілімдері бір жыл уақытқа созылған.

«Әміре»

time.kz

Кинофильм елдің туа біткен таланты Әміре Қашаубаев туралы. Ол еуропаның халқына қазақ мәдениеті мен ұлттық аспабы домбыраны таныстырған алғаш өнер иесі. Парижде ұйымдастырылған ЭКСПО-1925 аясында өткен  бүкіләлемдік музыкалық байқауда қазақтың вокалдық-орындаушылық өнері мен дәстүрін танытқан болатын. Онда 36 жастағы әнші КСРО делегациясының әртісі ретінде сенсация жасап, күміс медаль жеңіп алған еді. Фильм Әміре мен Мұстафа Шоқайдың тарихи кездесуі, Әміренің джаз данышпаны Джордж Гершвинмен танысуы және Отанына оралғаннан кейін Қашаубаевты күткен сынақтар туралы баяндайды.

Лентаның тұсауы кесер рәсімі 2018 жылдың бесінші сәуірінде өткен болатын. Басты рөлдерді сомдағандар қатарында: Санжар Мәдиев, Еркебұлан Дайыров, Филип Борди, Максим Бусел, Эбби Корниш, Максим Терлецкий және тағы да басқа талантты актерлер мен актрисалар бар. Операторы Максим Корытковский. Кинофильмге Джефф Веспа режиссерлік еткен болатын.

Фильм Қазақстан және Америка Құрама Штаттары арасында жүзеген асқан ірі жоба болды.

«Бизнес по-казахски в Америке»

kino-teatr.ru

Еліміздегі танымал франшиза ретінде танылып кеткен отандық «Бизнес по-казахски» кинолентасы көрерменге көтеріңкі көңіл-күйден бөлек, өзге елдің әдемі атмосферасын да сыйлайды деп айтуға болады. Бұл фильм шетелде түсірілген қазақстандық картиналар қатарында алғашқылардың бірі болса керек.

Кинофильмнің сюжеті бойынша, кішігірім қонақ үйдің басшысы Жомарт (Нұрлан Қоянбаев) өз кәсібін дөңгелету мақсатында шетелдік тексерістен өтуді көздейді. Бірақ бәрі Жомарт жоспарлағандай болмайды. Шиеленіскен оқиғаны  Оқиға шиеленісіп, енді Жомарт қонақ үй басқарушысы Аленмен (Жан Байжанбаев)  және Жомарттың туысқан інісі Еркошпен (Рамазан Амантай) бірге Лос-Анджелеске аттанады. Картина режиссері Жеңісхан Момышев. Басты рөлдерді Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев, Гульназ Жоланова, Рамазан Амантай,  Шон Джеймс, Сабит Рахимбаев,   Дарига Бадыкова,  Кажет Смагулов және тағы да басқалар сомдаған. Фильм продюсерлері: Нұрлан Қоянбаев, Юлия Сафонова және Санжар Мустафин. Картинаның премьерасы 2017 жылы өтті.

«Қиырдағы қазақтар»

baq.kz

Өзге елде жүрген қандастарымыздың өмірін бейнелейтін деректі фильм. Сонау тарихи кезеңде қабылданған заңдар мен шешімдердің қазіргі таңда пайдасы мен әсері көрсетілген. Жат елге жаңа өмір іздеп келген қаны қазақтардың қалып қоюына не себеп болды? Кинофильмде тарихи отанында туылмаған қазақтардың қоныс аударуының өзекті тақырыптары мен себептері қозғалады. Батырлар туған халқының дәстүрі мен тілін сақтай отырып, шет елде қалай өмір сүруге болатындығымен бөліседі. Авторлардың айтуынша, фильмнің 8 топтамасы Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Қытай елдерінде  түсірілген.

«Каникулы в Таиланде»

kinoafisha.info

Атақты киногер Нұрлан Қоянбаевтан тағы бір фильмге продюсерлік етті. Бұл жолы Тайланд елінде түсірілген мүлде жаңа хикая бейнеленеді. Жастарға арналған кинолента сиқырға және магияға толы. Студенттер мен олардың мұғалімі Асхат ағайдың бастан өткерген шытырман оқиғалары кинофильмнің негізгі фишкасы. Тайланд еліне сиқыр жолымен тап болған достардың алдағы күндері қалай өтпек? Оны қызықты әрі шытырман комедия «Каникулы в Таиланде» кинофильмінен тамашалай аласыздар.

Фильмге белгілі жас клипмейкер Ален Ниязбеков режиссерлік етті. Басты рөлдерде Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев, Қуаныш Жылжақсынов және Адишер Утевтер сомдады. Кинофильм 2018 жылы көрермен назарына ұсынылған болатын.

«Базар жоқ, Мексика!»

кадрдан алынған

Жыл өткен сайын қазақстандық фильмдерге жаңашылдық еніп келе жатқаны жасырын емес. Енді міне, қазақстандықтар Мексика жерінде отандық фильмді таспалап үлгерді. Фильмнің режиссері бұған дейін шетелде түсіру тәжірибесі бар Жеңісхан Момышев болды.

Картина сюжеті бойынша, ауылдық қарапайым дәрігер жігіт Мексикада білім алып жүрген сүйіктісінің басқа адамға тұрмысқа шыққалы жатқанынан хабардар болады. Ол өз махаббаты үшін соңына дейін күресуге бел байлайды. Алыс жолға жан досы Джоннимен бірге аттанып, сүйіктісі Айгерімді қайтармақ болады. Мексика жерінде Джоннидің досы әрі ағасы Пако ағаны, артынша Қазақстандық Лаура есімді сұлу бойжеткенді кездестіріп қалады. Оларды алда қандай шытырман оқиғалар күтіп тұрғанынан ешкімнің де хабары жоқ. Көтеріңкі көңіл-күй мен мексикалық колоритке енгіңіз келсе, дәл осы кинофильмді тамашалауды кеңес береміз.

Басты рөлдерді Асқар Ілиясов, Айжан Лайджи, Олжас Абай мен Қажет Смағұловтар сомдап шыққан болатын.

«Бизнес по-казахси в Африке»

qostanai.media

Жомарт пен Айсұлу-жас жұбайлар, олар қазақша бал айына, яғни барша туыстарымен бірге саяхатқа аттанады. Айсұлу демалыста жақсы уақыт өткізуге тырысады, бірақ Жомарттың туыстарын бизнес үшін жаңа идеяларды ойлап тауып, небір шытырман оқиғаларға тап болады. Сөйтіп, Жомарттың туыстары Африка жерінен бірақ шығады. Нұрлан Қоянбаев продюсерлік еткен туындыға Анвар Матжанов режиссерлік етті. Ал оператор Азамат Дулатов болды. Нұрлан Қоянбаев, Гүлназ Жоланова, Жан Байжанбаев, Дариға Бадыкова және Рамахан Амантай сынды киногерлер фильмдегі басты рөлдерді сомдаған болатын. Түсірілімдер Африка жерінде және Дубай қаласында түсірілген.

«Бизнес по-казахски в Корее»

torrentinka.me

Белгілі режиссер Ален Ниязбеков түсірген отандық комедия. 2019 жылы көрермен назарына ұсынылған «Бизнес по-казахски» кинофраншизасының төртінші бөлімі. Бұл туынды әзірше отандық кино салада ең табысты әрі ең үлкен қаржы жинаған алғашқы қазақстандық кинокпроект болды. Кинопрокаттан түскен қор 1 миллиард теңгеден асты.

Сценарий бойынша, Жомарт Қанатұлы басқаратын қонақ үйде халықаралық компанияның конференциясы жоспарланған. Мұндағы басты ерекшелік Оңтүстік Кореядан арнайы әкелінген робот. Бірақ қонақ үйдегі Бақдаулет есімді швейцер байқаусызда роботты сындырып алады. Осылайша, Жомарт Қанатұлы өзінің серіктесі Ален және олардың жұбайлары барлығы бірге роботты жөндеу мақсатында Корея еліне аттанады. Жомарттың туысы Еркош та Кореяға аттанбақ болып, Солтүстік Кореядағы түрмеден бірақ шығады. Жомарт  пен Ален Еркошты құтқармақ болып біршама жоспарлар құрады. Шытырман оқиғаға толы кинокартина екі ел арасында қалған Жомарт пен оның туыстары туралы баяндайды.

Асылхан Мальдебеков операторлық еткен кинолентаның композиторы Александр Шевченко. Басты рөлдерде алдыңғы бөлімдерінен келе жатқан актерлер ойнайды. Олардың қатарында: Гүлназ Жоланова, Нұрлан Қоянбаев, Дариға Бадыкова, Жан Байжанбаев, Қажет Смғұлов және Рамазан Амантаевтар бар. Фильм Оңтүстік Корея елінің астанасы Сеул қаласында түсірілген.

«Подарок Сталину»

kinorium.com

Оқиға желісі 1949 жылы кезекті қуғын-сүргіннің тағы бір толқыны басталып, адамдар жер аударылып, өмірінен айырылып жатқан кезде жалғасады. Иосиф Сталин жетпіс жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан кезінде, Қазақстанда кеңестік атом бомбасының алғашқы сынағы өткізіліп жатқан еді. Жөл шетінде жатқан жер аударылған жандардың мәйіттері арасында тірі баланы тауып алған қарт  сәбиді өз қамқорлығына алады.  Картинаның түсірілімдері Алматы қаласының маңында, сондай-ақ Израиль мен Иерусалимде өткен болатын. Фильм сюжеті өте әсерлі, аянышты хикаялар мен оқиға желісін бақылап отырып көзге жас алмай тамашалу мүмкін емес. Кейіпкерлердің сомдаған рөлі, олардың актерлік шеберлігі тамаша деңгейде. Айта кету керек, қарт Сабырдың рөлін жазушы Дэвид Маркиш орындайды. Оның естеліктері фильмнің негізін қалаған болатын.

Картина режиссері Рүстем Абдрашев, сценарий авторы Павел Финн. Лентаға Борис Чердабаев, Алия Увальжановалар продюсерлік еткен болатын. Фильмді әсем әуендермен әрлеген композитор Қуат Шілдебаев болды. Қоюшы-суретші Александр Ророкин, ал монтажын жасаған Сильвен Кутанден және Сергей Вильковиский . Кинофильмнің бюджеті 2 миллион АҚШ долларын құраған. 2008 жылы бүкіләлемдік премьерасы болған кинолентада Нұржұман Ихтымбаев, Екатерина Редникова, Қасым Жакибаев, Ерболат Тоқұзақов, Давид Маркиш және басқалары сомдаған.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы