Размер шрифта:

Цветовая схема:

18 тамыз, 202045

"Соңғы үміт" телехикаясы осы күзде көрсетіледі

Биыл көп картиналардың түсірілімі аяқталып, жақын арада көрермен назарына ұсынылады. Олардың қатарында отандық копсериялы "Соңғы үміт" телехикаясы да бар. 

Сериалдың түсірілім жұмыстары осы жазда Алматы шаһарында өткен болатын. Картина авторларының  жоспарлауынша, телехикаяның премьерасы осы күзде отандық "Хабар" телеарнасынан көрсетілмек. 

15 сериядан тұратын драманың сюжеттік желісі жанұядағы ата-ана мен баланың  қарым-қатынасын, өзара проблемалар мен түйіткіл мәселелерді және отбасылық құндылықтарды бейнелейді.  Отандық туынды жанұядағы бірлік пен татулық отбасындағы мүшелердің бір-біріне деген сыйластығы мен құрметінің арқасында орнығады деген  ойды жеткізеді. 

Идеялық автор және продюсер – Нартай Өтеген, фильмге Төлеген Бейсет режиссерлік еткен. Сценарий авторлары -  Мұрат Алмасбекұлы мен Нартай Өтеген. Кино туындының қоюшы-операторы ретінде  Мұрат Ынтымақбайұлы, ал қоюшы-суретші қызметінде Нұржауған Алтыбайұлы да еңбек етті. Түсірілім жұмыстарымен Nar Media Group студиясы айналысты.

Телехикаяның басты рөлдердің бірінде қазақстандық актер Ғани Құлжанов ойнады, ол бұған дейін "Алтыншы пост", "Той любой ценой" және "Самая красивая" кинофильмдерінде бой көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Нартай Өтеген осыдан екі жыл бұрын "Отыңды өшірме" атты патриоттық сериал түсірген болатын. 2017 жылы продюсер "Иірім. Ана қадірі" жобасын жарыққа шығарды.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  brod.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы