Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 шілде, 202053

Танымал режиссерлердің ең пайдалы кеңестері

Бір рет көріп, ол туралы ұмытып кететін фильмдер жетерлік. Ал кей картиналарды біршама жыл өтсе де ұмытпайсың, ғасырлық сақталған картиналар да жетерлік. Ұрпақ арқылы жалғасқан кинофильмдерді кино саласының нағыз мамандары жарыққа шығарады. Ал олардың үлгі-өнегісінен бөлек, тәжірибелік фишкаларын үйрену кино әлемінде жетістікке қол жеткіземін деген әрбір жас маманның міндеті болса керек. Сол себепті, бұл процессті жеңілдетуге бел байладық. Тарихта бірнеше шедевр фильмдерді түсіріп, көрермен жадында мәңгі қалған Ұлы режиссерлердің үйренуге болатын сіз үшін ең құнды кеңестерін бір жерге топтастырдық. Олардың көпшілігі режиссурада және жалпы өмірде үлкен көмек болары сөзсіз.

Режиссер сөзі  "régisseur" латын тілінен аударылған "менеджер" деген мағынаны береді.  Ол музыка, телевизия, цирк, кино, эстрада сияқты өнер түрлерінің шығармашылық қызметкері болып қызмет атқарады.

Режиссураның мақсаты-пьеса, музыкалық-драмалық шығарма немесе театр спектаклінің сценарийі, эстрадалық немесе цирк қойылымы негізінде фильм, қойылым қоюы болып табылады.  В. И. Даль   өзінің түсіндірме сөздігінде "Режиссер" терминіне келесідей анықтама береді: "Актерлерді басқарушы, ойыншы, рөлдерді анықтау, көрерменге берңлетін дүниені сараптау» деген екен. Режиссер шын мәнінде нағыз маман атану үшін креативті және ұшқыр ойлы болуы шарт. 

Стэнли Кубрик

1. Егер біреу сіздің жұмысыңызға араласса, қарсы болыңыз

Тек осылай ғана ұлы режиссер бола аласыз. Егер біреу сіз істеп жатқан нәрсені басқаруға немесе өзгертуге тырысса, бар күш-жігеріңізбен қарсыласыңыз, күресіңіз.

2. Мүмкіндігінше көп фильмдерді қараңыз

Мүмкіндігінше, басқалар қолданатын әдісті қалт жібермеу қажетсіз. Сіз әрқашан орын алып жатқан оқиғалардан, жаңалықтар мен мәлімдемелерден хабардар болуыңыз керек. Басқалардың жұмысын талдаңыз және егер олардың деңгейінен жоғары болсаңыз, олардың жіберген қателіктеріне қарап үйреніңіз немесе басқа режиссердің жоғары деңгейіне ұмтылыңыз.

3. Өз қорқынышыңызға так көз-қараспен қараңыз

Кино түсіру-бұл үнемі айналып тұратын карусельде кітапты жазумен тең. Үйренген рамкаңыздан, қалыпты болып кеткен қолайлы аймағыңыздан шығудан қорықпаңыз, әйтпесе сіз ештеңеге қол жеткізе де, керемет кинолар да түсіре алмайсыз.

4. Барлығын түсіруге болады

Кез-келген сюжетті түсіруге болады. Бойыңыдағы қорқынышқа бола бәрінен бас тартуға асықпаңыз. Тек көп күш жұмсау керектігін және біраз уақыттың керек екенідігін ұмытпаңыз. Сонда ғана, сіздің олыңыздан барлығы да келеді.

5. Киноңызға мағына қосыңыз

Сіз жасай алатын ең жақсы нәрсе – бұл біздің өміріміздің мағынасыздығының жалпы көрінісіндегі кез-келген нәрсеге мән беру. Әлемдегі ең жаман нәрсе - бұл дұшпандық емес, ол немқұрайлылық.  Сіздің жұмысыңызға мән беру арқылы тек өзіңізге ғана емес,  сондай-ақ өзіңіздің аудиторияңызға да мақсат қоюға көмектесесіз.

Дэвид Финчер

1. Жауапкершілікті өз мойныңызға алудан қорықпаңыз

Белгілі бір сәтте барлық айыптаулар сіздің жауапкершілігіңізге түсетіндігіне дайын болыңыз. Сіз фильмді түсіру кезінде болатын барлық әрекеттер мен оқиғаларға жауап бересіз. Және өміріңізде көптеген пікірлер мен сыни ойдар айтылуы мүмін. Білемін,  "Бұл фильмнің режиссері сіз бе? Білім едім, нашар картиналардың бірі",- сияқты орынсыз коментарийлерді есітуге дайын болғаныңыз абзал. Сіз бұл адамның ойын, пікірін қабылдауыңыз қажет. Өйткені сіз жұмыс барысында оператордың, техниктердің, жарықтандырғыштардың және команда болған барлық адамдардың, жалпы түсірілім алаңындағы жұмысты бақылаған жоқсыз.

2. Сіз өзіңізде бардың бәрін беруге дайын болыңыз. Тіпті кейде оның өзі жетпей қалуы әбден мүмкін.

Егер сен барлық біліміңді, тәжірибеңді, жан-дүниеңді салмасаң, жақсы дүние аламын деген ойдан арылғаның жөн болар. Себеі, бір нәрсе алар алдында, беріп үйрену қажет. Міне, сонда ғана, қорытынды нәтиже процесске жұмсалған күш-жігерді ақтайды алады.

3. Режиссура- ол қойылым

Фильмнің жетістігі тек актерлік ойынға ғана емес, сонымен қатар операторлардың жұмысына, жарықтың, дыбыстың, музыканың дұрыс орнатылуына тікелей байланысты байланысты. Кино-көптеген адамдардан құралған ауқымды қойылым секілді. Және бүкіл картинаны тұтастай көре алу қажет. Сіздің міндетіңіз-бұл қойылымды мүмкіндігінше табиғи алып шығып, жоғары деңгейде өткізу.

4. Үлкен китті кішкентай бөлікпен жеңіз

Егер сізге үлкен китті жеу керек болса, оны толығымен жұтуға тырыспайсыз ғой. Сол секілді бұл қағидат барлық нәрселерге қатысты. Егер маған 150 күндік кино түсіру керек болса, мен оны күн сайын түсіремін. Барлығын тез бітіремін деп, әрбір заттың санына емес, сапасына қарап мән беріңіз.

Стивен Спилберг

1. Өзіңізден деңгейі мықты мамандармен жұмыс істеңіз

Сізден жақсы және тәжірибелі адамдармен тәжірибе алмасып, жқмыс істеуден қорқудың қажеті жоқ. Бұл адамның тәжірибесін бойыңызға сіңіріңіз. Бірақ оны өзіңізбен салыстырудың қажеті жоқ.

2. Шығармашылығыңызды жоғалтып алмаңыз

Егер сіз өзіңіздің назарыңыздың 150% - ын қажет ететін жоба бойынша жұмыс жасасаңыз, басқаларға көмектесуден бас тартудан ұялмаңыз. Бірнеше жобаларды қолға алып, нәтижесінде сіз олардың ешқайсысын сапалы түрде жасай алмаудан қорқыңыз.

3. Әрбір істі ерекше ынта-жігермен орындаңыз

Сізді шынымен шабыттандыратын және қызықтыратын нәрсемен айналысыңз. Сізге қызықсыз болған іспен айналысып, энергияңыз бен күшіңізді босқа жұмсамаңыз. Өзіңізге шынымен ұнайтын нәрсемен жұмыс жасай отырып, сіз шынымен керемет жетістіктерге қол жеткізе аласыз.

4. Жанрларды біріктіріңіз

Өз жұмысыңызды қолданыстағы жанрлардың ешқайсысына енгізе алмайсыз ба? Сіз жасаған нәрсені сипаттау үшін қанша қажет болса, сонша қосыңыз. Қалыптасқан шеңберден шығудан қорықпаңыз.

5. Трендтерге қарсы тұрыңыз

Мәселен, мен өзгеғаламшарлықтар туралы фильмімді түсірген кезде, олардың жерде мүлде соғысу мақсатында келмейтіндігін көррсеттім. Бұл да бір әлде бір  арама-қайшылық болды. Сондықтан да көрермендерге ерекше қызығушылық пайда болып, картина табысты болды.

6. Өз көзқарасыңызға қайшы келетін әрекеттерге бармаңыз

Жеті баланың әкесі ретінде мен отбасын тастап кеткен әке туралы фильм түсірмес едім. Өзіңіздің ұстанымдарыңыз бен көз-қарасыңызға қарама-қайшы болатын іс-әрекеттерден аулақ болыңыз.

Вуди Аллен

1. Қателесуден, қателік жіберуден қорықпаңыз

Қателіктерден біз қорықпауымыз керек. Сол арқылы баға жетпес сабақтар алуға болады. Қорқынышсыз әрекет етіңіз. Барлығы қателесетіндігін және онда тұрған ештеңе жоқ екенін қабылдауға тырысыңыз. Жаңа нәрсені қолданып көріңіз, дағдыларыңызды дамытыңыз және жетілдіріңіз. Өз қателіктеріңізді мойындауды үйреніңіз.

2. Болашаққа көз жүгірте біл

Қазір не болып жатқанын талдап, болашақтың бейнесін жасауға тырысыңыз. Мұны әр кәсіпкер жасай алуы керек. Егер өз жобаңыздың ұзақ өмір сүргенін қаласаңыз, біле жүріңіз, қашанда алдағы уақытқа жоспармен қадам басыңыз.

3. Икемділікті үйреніңіз

Кейде іс-қимыл барысында бастапқы идея алғашында көрінгендей жақсыидея емес екені белгілі болады. Бағытты өзгертуге немесе бар идеяны түзетуге жеткілікті икемді болыңыз. Егер сіз өзіңізді оған жеткіліксіз деп ойласаңыз, сценарийді өзгертуден қорықпаңыз.

4. Өнімді болыңыз

Жұмысты тез орындау мүмкіндігі маңызды, өйткені сізге демалуға уақыт қажет. Сізді алаңдататын барлық факторларды бірнеше сағатқа алып тастаңыз және керісінше оларды жұмысқа арнаңыз. Егер сіздің назарыңыз тапсырмаға  қаншалықты бағытталған болса, соншалықты сіз жемісті боласыз.

5. Не істеп жатқаныңызға сенімді болыңыз

Тәжірибе арқылы көптеген іске төзімділік пайда болады, содан кейін еркін әрі сенімді әрекет ету мүмкіндігі туындай бастайды. Егер сіз өзіңіз қалаған нәрсені жасау керек деп ойласаңыз, жасаңыз. Басқалардың не ойлайтыны туралы алаңдаудың қажеті жоқ.

6. Айналаңыздағы барлық нәрсені қолданыңыз

Қоршаған әлем - шабыт пен идеялардың шексіз көзі. Одан өзіңізді алшақ ұстамаңыз, керісінше-не болып жатқанын байқап, өзіңізге  пайдалы қорды іздеңіз. Бұл сіздің дамуыңыз бен өсуіңізге оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Гай Ричи

1. Толық мүмкіндікті пайдаланыңыз

Өте аз фильмдерде экран уақытының бір минутына 3 миллион доллар жұмсауға мүмкіндік беретін бюджет болады. Сондықтан, егер менде осындай үлкен бюджеті бар жарнаманы алып тастау мүмкіндігі болса, онда мен өзіме қалағанымның бәрін беріп, жаңа нәрсені сынап көремін.

2. Өз жұмысыңызға үнемі алғашқындағыдай қараңыз

Мен әрқашан өз фильмдеріме алғашқыдай қараймын. Кей сахналарында өзіме тіпті қол соғамын деп ойлаймын. Себебі, әр жұмыста алғашқыдағыдай қарап, эксперименттер мен жаң техникаларды қоданудан бас тартпаймын.

3. Өміріңіздің әр сәтін қалт жібермеңіз

Маған әрқашан мектептің маңызды екенін айтты. Мүмкін, сондықтан мен оны ұнатпадым. Менің ойымша, балалардан балалық шақты алып тастау-бұл қылмыс. Ал ересектер болса өз өмірлерін өз еркімен алады.

4. Таныс нәрсені алып тастаңыз

Менде "карта, ақша, екі баррель" бандиттері сияқты таныстар болды. Мен фильмге сенімді түрде қателік жасамайтынымды біліп, сценарийге қате сөз тіркесін енгіздім, өйткені Мен бұл сөз тіркестерін достарымнан жүздеген рет естідім.

Клинт Иствуд

1.Ұйқыңызды қадағалаңыз

Кинофильмді түсіруде және жалпы жарыққа шығаруда режиссер үлкен әрі ауқымды жұмысқа ие болады. Сондай-ақ, сәйкесінше оның жауапкершілігі мол екені жасырын емес. Ол көрерменге фильмнің жалпы мазмұны мен мағынасын басты жеткізуші. Ал мұндай миссияда адам әрқашан тынығуы және өз уақытында демалуы қажет.

2. Өмірдің мағынасы туралы аз ойлаңыз

Бұл тралы ойлану шарасыздықтан басқа көп нәрсеге әкелмейді. Ондай ойлар түпсананы жеп, табысты әрі көп жұмыс істеуге өз әсерін тигізетін болады. Өзіңіздің өмірлік мақсатыңыз бен мағынаңызды табыңыз да, мұндай сұрақтарға бас қатыруды тоқтатыңыз.

3. Қорқыныш-бұл ең мағынасыз сезімдер

Одан құтылу керек, өйткені біз болашақты болжай алмаймыз. Бірде Исландияда тек арқан ғана біздің түсірілім алаңын тұңғиықтан бөліп тұрдв. Егер бұл Америка Құрама Штатында болса, онда арқанның орнында қоршау немесе оған ұқсас нәрсе болар еді, ал егер біреу тұңғиыққа құлап кетсе, онда адвокат осы секундта пайда болатын еді. Исландияда тұңғиыққа құлаған адамды ақымақ  деп айтатытн еді.

4. Кәрілік кенеттен келеді

Сондай-ақ, кенеттен сіз отбасыңызбен жеткілікті уақыт өткізгеніңіз туралы түсінік пайда болады. Ең жаманы, сіз бұдан былай объективті түсініктеме таба алмайсыз. Сондықтан әрқашан жақындарыңызды бірінші орында ұстаңыз.

5. Басқалардың істеріне араласпаңыз

Басқалардың жұмысына араласуды және оларды уайымдауды тоқтатыңыз. Бұл сіз үшін және басқалар үшін аса пайдалы болады деп айта алмаймын. Оларға жұмсаған энергияңыз бен күш-жігеріңізді өз жұмысыңыз бен пайдаңызға жұмсағаның қашан да ұтымдырақ әрі тиімдірек болатындығын ұмытпағаныңыз абзал.

Квентин Тарантино

1. Киноны жақсы көріңіз

Егер сіз шыныменде керемет режиссер болғыңыз келсе, Сіз кино арқылы өмір сүруіңіз. Сіз бүгінге дейін шыққан кинофильмдердің ең болмағанда жартысынан жуығын тамашалауыңыз қажет. Егер олай болмаса, кино туралы әңгіме қозғаудың өзі мүмкін емес.

2. Рұқсат етілген шекарадан шығуға тырысыңыз

Адамдарды тыйым салынған нәрселер қатты қызықтырады ғой? Кейде қойылған шекаралардан шығып, қызықты бір дүниелерді жасауға тырысасыз. Эксперименттер мен жаңалықтарды жасауға тырысудан қорықпаңыз.

3. Өзіңіздің жеке ғаламыңызды жасаңыз

Мен әрқашан екі әлемде өмір сүретін сияқтымын: менің жеке өзімдікі және қазіргі. Міне, "Криминальное чтиво" және "Бешеные псы" - бұл менің жеке ғаламымның ішінде жасалған фильмдер. Мүмкін,  менде нақты өмірден ештеңе жоқ бір тағы бір бар шығар. Онда мен "Убить Билла" кинофильмін түсірдім.

4. Өзіңіздің  жеке бір бөлігіңізді салыңыз

Менімен болған барлық нәрсе менің фильмдеріме қандай да бір жолмен енеді. Сондықтан мен өз кейіпкерлеріме және олардың диалогтарына ене отырып, дем ала аламын. Егер сіз мені жақсы білсеңіз, онда менің фильмдеріме қарап, олардың қаншалықтыменің жеке өзім  туралы екендігіне қарап таң қалатын боласыз.

5. Өзімшіл болыңыз

Мен тек өзім қандай кино көргім келеді, сондай фильм түсіремін. Мен көрермен сұрады екен деп, фильмнің жалғасын түсіре алмаймын. Жалпы, мен өз қалағанымды істеймін. Менің жиынтығымда актерлердің өзін-өзі көрсетуге немесе импровизациялауға мүмкіндігі жоқ. Бәрі мен айтқандай болады.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  kinoistoria.ru

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы