30 наурыз, 202027

Тарихи телехикаялар

Тарихи фильмдер, телехикаялар - ең қиын жанрлардың бірі болып табылады. Жоғары сапалы қазіргі заманғы тарихи киноның міндеті тек белгілі бір оқиға мен сәттің қайта тірілуі ғана емес, сонымен қатар уақытша тосқауыл мәселесін шешіп, өткен дәуірлерде пайда болған сюжетті қазіргі уақытқа сай ету.

Қазіргі таңда қазақ халқының жадын жандандырып, еліміздің бастан өткен қиын қыстау күндерін, қазақ елінің ұл-қыздарының ерлігі жайында арнайы фильмдерден бөлек телехиякаялар халықтың назарына ұсынылып жатыр. Сіздердің назарларыңызға елімізде ең көп қаралымға ие тарихи телехикаялар тізімін ұсынамыз.

 

«Кейкі мерген»

1916 жылы қазақ даласында Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс батырларының бірі – Кейкі батыр туралы тариxи-драмалық телеxикая.

Нұрмағамбет Көкембайұлы (Кейкі батыр) - 1871 жылы Торғай облысының (қазіргі Қостанай облысы) Байтұм қонысында дүниеге келген. Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Құлан руынан шыққан батры. «Кейкі» қазақ тілінде - бұл «адаммен қатынаспай саяқ тұратын», «жалғыз адам» дегенді білдіреді. Көп ешкіммен араласпай, аңшылықпен шұғылданып жалғыз өмір сүргені үшін осындай лақап алды. Балалық шақтан мергендігімен, өжеттігімен еліне танылған ол кейіннен өз шеберлігін халқының тәуелсіздігі үшін күресте пайдаланды. Оның құралайды көзге атқан мергендігі ел арасында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деп тарап кеткен. Телехикаяны тамашалай отырып батырдың өмірі ғана емес қазақ халқының тарихына да көре аласыздар.

 

«Тар заман»

Қазақстанның саяси қайраткерлерінің - Мұстафа Шоқай, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов пен олардың замандастарының тағдырымен тығыз байланысты 1917 жылғы оқиғаларға арналған тарихи драмалық телехикая.

Сюжеттің желісі ХХ ғасырдың басында орын алған «Алаш» қозғалысының қалыптасуы мен осы кездегі тарихи оқиғаларды баяндайды. Семей мен Омбы арасындағы саяси қатынастар, сатқындық және мүдделер қақтығысы орын алуда. «Алаш» қозғалысының негізін салушы Әлихан Бөкейхановтың тұтқындалуы, түрмедегі өмірі ол үшін нақты күш сынағы болды.  Бірақ түрме басты кейіпкердің өміріндегі жалғыз қайғы емес: ол өзінің досы Смағұл Сәдуақасовтың өлімін көрді. Осындай қиын өмірлік жағдайларға қарамастан ол әрқашан өзінің екінші жақын досы және саяси көзқарастарымен бөлісетін адам Ахмет Байтұрсыновтың қолдауы оған үлкен демеу болады. Бұл оқиғалардың барлығы Қазан және Ақпан төңкерістерінің толқулары аясында болды.

 

«Алжир»

Телехикая негізінде Ресейден келген Надежда есімді әйелдің тағдыры жатыр. Ол отан сатқыншылары әйелдерінің Ақмола лагеріне айдауға жіберіледі. Басты кейіпкер сол дәуірдің барлық ауыртпашылығын бастан кешірді. Лагерьде болғанда ол лагерде күзетші болып жұмыс істейтін Әлихан есімді қазақ жігітінмен танысады. Жастар бір-бірін сүйіп, көп ұзамай олардың баласы дүниеге келеді. Сол жылдардың ережелері бойынша лагерьде туған барлық балаларды аналарынан ажыратып, түрлі қалаларға балалар үйіне жіберді. Алайда Әлихан өз қызын құтқарып қалады, ол қызын жергілікті шопанға тәрбиелеуге беріп жібереді. Анасымен қызы қауышама, Надежда тірі қаладыма осы сұрақтардың жауабын телехикаяның соңында көре аласыздар.

Сюжет желісінің шынайы протипі жоқ болсада алталған лагер Ақмола облысында орналасқан. Кеңестік қуғын-сүргін әйелдерді де айналып өтпеді. Күйеулерінің кеңеске қарсы әрекеттері үшін әйелдердін Алжир лагеріне жіберген. Ызғарлы суықта, қыстың аптап ыстығында далада жұмыс істеумен қатар соққыға жығылған. Оларды аштықты та бастан кешірді. Осы телехикая барыснда нәзік жанды әйел адамның қиындықтарға төзе алатындығын көре аламыз. Сонымен қатар телехикаяда қазақ халқының жанашылығы да байқалады. Қазақтар тұтқындарға қолдау көрсетеді. Бөтен елде бейтаныс адамдардың көмегінің арқасында көптеген адамдар күш пен өмірді сақтап қала алды.

 

«Қозы Көрпеш Баян Сұлу»

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың тарихи драмасы ХІІІ - ХIV ғасырларда орын алатын қазақ халқының қайғылы махаббат поэмасына негізделген. Әдебиетте бұл оқиғаны 1830 жылдардан ХІХ  ғасырдың ортасына дейін бірнеше жазушылар баяндады. Жалпы, поэманың кемінде он шақты нұсқасы бар екені белгілі. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында екі жастың жерленген жеріне ескеркіште орнатылған.

Екі дос Сарыбай мен Қарабай бір кездері балаларын үйлендіретін болып ант беріседі. Бірақ ұлы дүниеге келмес бұрын, Сарыбай қайтыс болады, ал Қарабай бұл уәдесін орындай алмай, қызы Баянды Қодар палуанға ұзатуға шешім қабылдайды. Алайда тағдыр басқаша шешіледі, дүниеге келгенге дейін атастырылып қойған екі жас Баян Сұлу мен Қозы Көрпеш  бір-бірімен жолғығып  ғашық болып қалады.

 

«Жамбыл»

«Жамбыл» телехикаясы - бұл жоғары сапалы тарихи драма. Бұл кісі өмір бойы құрметке ие болып, аңызға айналды. Жамбыл Жабаев қазақ және кеңестік ақын-жыршысы. Шапрашты руынан шыққан кедей көшпелі Жабайдың отбасында дүниеге келген. Отбасылық аңыз бойынша, Жамбылдың  анасы оны ауылға шабуыл жасаушылардан қашып жүрген кезде дүниге алып келген, бұл Шу өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан Жамбыл тауының байрайында болған. Жамбылдың әкесі Жабай ұлына осы таудың атын береді. Бала кезінен Жамбыл домбыра тартуды үйреніп  он төрт жасында ол үйден кетіп, ақын болуды шешті. Сол кезде елге танымал Сүйінбай ақыннан импровизация өнерін үйренеді. Жамбыл тек қазақ тілінде ән айтты. Жамбыл өз артынан бүкіл әлемге үлкен мұра қалдырды. Өмір бойы ол Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің дамуына елеулі үлесумен айналысқан данышпан. Дәл осы кісінің арқасында бүкіл әлемде Қазақстан туралы айта бастады. Жамбыл Жабаев тек өлең жырларын шығарумен ғана айналысқан жоқ, сонымен қатар шешендік өнерімен де танымал болды. Өмір бойы ақын қарапайым өз құқығын қорғаған қарапайым халықтың жағында болды. Бұл данышпанның өмірі шынымен қандай болды? Ақын не нәрсеге алаңдады? Ол қандай қиындықтарға тап болды және мәселелерін шешу үшін не істеді? Телехикая Жабаевтың өмірі мен мансабының барлық негізгі қырларын баяндайды.

 

«Елім-ай»

Ұлы Отан соғысы басталған  кезде өз әкелерін борыншын өтеуге аттанып бара жатқанда ұлдары соңғы рет көреді. Бірнеше жылдан кейін ауылға қаралы хабар келіп әкелерін жерлейді. Екі ағайындыға қиын болсада өз өмірін жалғастыруда. Соғыстан кейін Мади мен Сағи қалаға оқуға кетеді. Ағайындыралың үлкені  балеринаға үйленіп, журналист болады. Өмір жолында сатқындық жасауға  мәжбүр болған ол жақын адамдарымен байланысын жоғалтады. Мәди егде жасқа келгенде  оның әйелі кішкене баланың фотосуретін көрсетеді. Әйелі жолдасыннан ұзақ жылдар бойы сақтап келген құпияларды ашып, шерін тарқатады. Фотосуретте бейнеленген бала-Абылай, Мәдинің Сағи інісінің жалғыз ұлы. Бірде, Абылайдың анасы өмірінің қиын кезеңінде Мәдидің әйеліне көмек сұрап келген, бірақ ол оны өз үйінің табалдығында бастырмай қуып жіберген. Өзін кінәлі сезінген ол күйеуінен ұлды тауып, одан кешірім сұрауын өтінеді. Алайда Мәдидің де бауырың алдына үлкен кінәсі бар...

Оқи желісі соғыс жылдарынан кейінгі халықтың жағдайы туралы баяндалады.

Аталған телехикаялардың барлығы қазақ халқының бастан кешкен тарихи оқиғалар негізінде түсірілген. Телехикалардың толық нұсқасын біздің «Kaztube.kz» бейне порталынан тамашалай аласыздар!

Автор:  Жанерке Ахмадиева

Фото:  brod.kz

тарихи
фильм
телехикая
Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы