Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 тамыз, 202061

Тарихта есімдері қалған жандар туралы фильмдер түсіреледі

Биыл Ұлы даланың билеуші әйелдері және Адам ата мен Хауа ана жайында фильмдер түсірілмек. Аталған туындылар мемлекеттік қаржыландыру ие болып, өндіріс процессіне дайындалу үстінде.

Ұлы даланың әмірші әйелдері туралы картинаның жұмыс атауы - «Властительницы Евразии». Қоюшы-режиссер Алексей Каменскийдің деректі жобасы Ұлы даланы түрлі ғасырларда кім билегені, хан әйелдері мен қыздарының қандай болғаны, түркі-монғол мемлекеттері мен Орта Азия елдерінің тағдыры қалай ауысқаны жайында баяндайды. Жоба Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші питчингінде мақұлданып, мемлекеттік қаржыландыруға ие болған. Картина авторлары Мысырдағы Шаджаррат ад-Дурр, Пальмир ханшайымы Зенобия, Роксолана сұлтан, У Цзэтянь қытай патшайымы, Дели сұлтанатындағы Разийя-хатун немесе түркі елінің жауынгер қызы Зарина сияқты атақты шығыс билеушілері жайындағы мәліметтің некен-саяқ екендігін айтады. Алайда сол замандағы еуропалық тәртіпке қарағанда түркі-монғол қоғамында әйелдердің құқықтары әлдеқайда ауқымды еді. Ханның әйелдері өз мүліктеріне өздері иелік етті, билік басындағы әйелдер өкілдері құрылтайларға қатысқан, тіпті кейде маңызды мемлекеттік шешімдерді өздері қабылдаған деседі. Міне, Еуразияның осындай атақты билеуші әйелдерінің өмірінде болған қызықты оқиғалар жайында фильм түсірілмек. Бүгінгі таңда олар жайындағы тың ақпаратпен фильмді қоюшылармен бөлісетін ғалымдар мен сарапшылардан құралған спикерлер тізімі бекітіліп қойған. Олар Қазақстанның ғана емес, көршілес Ресей мен Венгрия елдерінің мамандары болмақ. Ал фильм түсірілімдері Елордасы – Нұр-Сұлтанда, Алматы қаласы мен Алматы облысында, сондай-ақ Самарқанд, Қазан, Санкт- Петербургте, Урал мен Венгрия аумағында жүргізіледі деп көзделіп отыр.

Келесі туынды тарихта емес, адамзат бастауының қайнарында тұрған Адам ата мен Хауа ана жайында болмақ. Режиссері Асқар Ұзабаевтың жобасы да Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы питчингінде құпталып, мемлекеттік қаржыландыруға ие болған. Картинадағы хикая мирасқа қалған алма бағына ие болған жас жігіт хақында. Ісі оңға баспаған соң, Адам бақты сатып, несиесін өтемек болады. Мирасының құндылығын сараптау үшін сонда аттанады. Алайда келген соң, әкесінің аманатына киянат жасай алмайтынын түсінеді. Кинолентада махаббат хикаясы да орын алады. Адам алма шаруашылығын жүргізіп жүрген Алма есімді бойжеткенге ғашық болады.

Режиссер Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен жүргізген онлайн-әңгіме барысында фильм атауы мен оның Библиямен байланысын түсіндірген еді. Айтуынша, басты мақсат – алма бақтары мен атақты алматылық апортты дәріптеу.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhcinema.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы