Размер шрифта:

Цветовая схема:

10 сәуір, 2020165

Тимур Бекмамбетов Screenlife- форматында «Ромео мен Джульетта» фильмін түсіреді

Әлемдегі ең романтикалық әрі мұңды оқиғалардың бірі саналған «Ромео мен Джульетте» хикаясы енді көрерменге жаңа форматта жол тартпақ. Оны қазақстандық белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов түсірді.

Танымал режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетов тек өзіміздің елде ғана емес, сонымен қатар, көрші Ресей мен басқа да шетел мемлекеттерінде аса беделді киногер екені мәлім. Оның қоржынында "Елки", "Президент Линкольн: Охотник на вампиров", "Ночной дозор" сияқты танымал картиналар бар.

Қазір Бекмамбетов Interface Films атты жаңа компаниясын құрды. Онда ол продюсер Игорь Цаймен бірге кино әлеміндегі жаңа бағыт саналған screenlife форматын қолға алып, қызықты картиналар түсіруде.

Screenlife - форматы – ұялы телефон немесе компьютердің  экраны арқылы түсірілген фильм. Дәлірек айтқанда, кинодағы барлық құбылыс осы компьютердің жұмыс экранында орын алады. Бұл бағытты толық түсіну үшін Бекмамбетов түсірген көпке белгілі «Убрать из друзей» және «Поиск» фильмдерін тамашалауға болады.

Енді осындай жаңашыл форматта Уильям Шекспирдің "Ромео мен Джульетта" трагедиялық туындысы түсіріліп үлкен экранға жол тартпақ. Фильмнің жұмыс атауы "R#J". Картина режиссері Кэри Уильямс, ал басты рөлдерді Камарон Энджелс және Франческа Ноэльдер сомдаған. Картина түсірілімі бүгінгі күні толық аяқталғанымен, алайда өндіріс жұмыстары біраз шегерілген. Әлемде орын алған жағдайларға байланысты постпродакшен деңігейінде қалған фильммен авторлар қашықтықтан жұмыс істеуге мәжбүр. Сонымен қатар, Тимур Бекмамбетов таңдалған бұл форматтың өте ерекше әрі жасауға жеңіл екенін алға тартады. Ол мұндай жаңа тыныс біздің қазіргі кинематографиямызға тым керек екенін және көрермен оны жақсы қабылдайтындығына сенетіндігін жеткізді.

Тимур Бекмамбетов, продюсер – режиссер:

Screenlife жаңа таланттарды ашуға мүмкіндік береді. Мұндай кино-тілі фильмдерді шығаруды жеңілдетіп, кино өндірісін жеделдетеді. Сонымен қоса, авторлар үшін де мүлдем жаңа құрал әрі мүмкіндік екені анық. Біз тек мұнымен шектелмейміз, жақында тағы жаңалықтар күтіңіздер.

Қазақстандық режиссер әртүрлі форматта тәжірибе жасап, көрермендерді таңқалдыраудан жалыққан емес. Үлкен экранға жол тартуға дайын тұрған тағы бір туынды “V2” фильмі. Оның жұмыстық атауы - «Девятаев». Бұл әлемдегі ең алғашқы вериткалды блокбастер болмақ.

 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы