Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 маусым, 2020504

«Томирис» фильмі АҚШ экрандарына жол тартады

Жағымды жаңалық! «Томирис» тарихи картинасы американдық прокатқа шығады! Бұл туралы фильмнің бас кейіпкері сақ патшайымы - Томиристі сомдаған актриса Альмира Тұрсын өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлім етті.

Өткен жылдың күзінде ғана режиссер Ақан Сатаевтың қазақстандық көрермендерге жол тартқан «Томирис» тарихи кинолентасы міне, енді АҚШ елінде көрсетілмек.

Фильм сюжетін еске түсірсек. Еуразия кеңістігінде тұрақтаған көне халықтар арасында сақ деп аталатын ерекше тайпа өмір сүрген. Олар дала көшпенділері мен ұлы жауынгерлер еді. Хикая Томиристің әкесі – Спаргал патшаның қысқаша өмірбаянынан бастау алады. Спаргал, патша тағына ие бола тұра, сақ -массагеттер руының арасындағы соғысқа тартылады. Ықпалды көсемдердің арасындағы ашкөз әрі айлакер Каваз бен Куртундар бір билік астына бірігуге ниеттері жоқ. Спаргал болса, дала тайпаларын сөзбен де, күшпен де біріктірмек болады. Осынау үрейлі заманда оның Томирис есімді қызы дүниеге келеді. Патшаның жақсы көретін Бопай есімді жары босанған кезде қайтыс болады. Қыздың тәрбиесі толықтай әкесінің мойнына жүктеледі. Сөйтіп, кішкентай патшайым бала кезден жорықтық өмір мен әскери тұрмыстың ауырлығын сезініп өседі.

Зұлым Каваз бен Куртун қастандық жасауының нәтижесінде Спаргал қайтыс болады. Далада қайта жанжал мен өзара тартыс орнайды. Кішкентай Томирис әкесінің сенімді серіктерінің арқасында өлімнен қашып құтылады.

Сөйтіп, Томирис орманда жасырынып, аң аулап өседі. Оның ендігі мақсаты – заңды тағын қайтарып, дала тайпаларын біріктіру. Алайда, патшайым одан да күшті қауіптің төніп тұрғанын сезінбейді. Ол күш – сақтарды жер бетінен өшіріп тастауы мүмкін.

Осылайша, кішкентай қыз шебер жауынгерге айналып, жақындарының өлімін бастан өткеруіне тура келіп, сатқындардың жазасын тартқызуы тиіс. Патшайым өз махаббаты мен халқының бостандығы үшін сол заманның ең қатыгез шайқасында құдіретті Парсы империясы билігінің астына барлық дала тайпаларын кіргізу үшін үлкен әскермен келген Кир патшасымен соғысады.

Фильмде басты рөлдерді Альмира Тұрсынмен қатар, Әділ Ахметов, Еркебұлан Дайыров, Гасан Массуд, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген, Азамат Сатыбалды, Асылхан Төлеповтер сомадайды. Картинаға сценарий жазған – Тимур Жақсылықов пен Әлия Назарбаева. Продюсерлік еткендер қатарында Әлия Назарбаева, Светлана Нам және Анна Чакиртовалар бар.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы