Размер шрифта:

Цветовая схема:

19 ақпан, 202078

«Томирис» Германияға жол тартады

Ұлы сақ патшайымы жайындағы фильмді енді неміс халқы да тамашалайтын болады. Бұл ақпаратпен «Sataifilm» студиясы әлеуметтік желі арқылы бөлісті.

Режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты тарихи туындысы 70-ші Берлин Халықаралық фестивалі аясында өтетін Еуропа кинонарығында көпшілік назарына ұсынылады. Аталған шара ақпанның 20-ы мен наурыздың 1-і аралығында өтеді. Ал, осы елдің көрермендері атақты ханшайым хақындағы кинокартинаны ақпанның 22 мен 24 күндері тамашалай алады.

«Sataifilm» студиясы «Томирис» кинокартинасы халықаралық көрерменнің көңілінен шығып, әлемнің кез келген жерінде прокатқа ұсына алатын мықты коммерциялық жоба ретінде байерлердің назарын аударатынынан үмітті.

Айта кетейік, фильмде Сақ патшайымның кішкентай Томиристен патшайым лауазымына дейінгі өмір жолы көрініс тапқан әрі сақ тайпаларының Парсы патшасы Кирге қарсы жорығы суреттеледі. Ал, фильм кейіпкерлері ежелгі түркі және ежелгі парсы тілдерінде сөйлейді. Тарихи драмада Қазақстанның танымал актерлері Ерік Жолжақсынов, Байкенже Белбаев, Димаш Ахимов, Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров, Мұрат Бисембин, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Асхат Үрпековтер пен Айжан Лайджи өнер көрсетті. Ал, Томирис патшайымды киноға алғаш рет түскен Альмира Тұрсын сомдайы. Бұл оның дебюттық ойны.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы