Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 қыркүйек, 202033

«Томирис» картинасы Францияда топ жарды

«Томирис» отандық тарихи туындысы Парижде өткен франциялық кинофестивальдің Гран-при иегері атанды.

«Томирис» атты отандық эпикалық картинаның француздық премьерасы қыркүйек айының 2-сі мен 13-і аралығында өткен L'Étrange Festival халықаралық кинофестивальінде көрсетіліп, жеңіске жетті. Режиссер Ақан Сатаевтың туындысына арнайы «Жаңа жанр» жүлдесін Франциядағы ең ірі ақылы телеарналардың бірі - Саnаl+ табыстады. Француздық медиа фильмді көрсету құқығын сатып алып, прайм-тайм уақытында көрсетуді жоспарлап отыр.

«Достар, жақсы жаңалықты жеткізуге асықпыз! «Томирис» кинокартинасы Париждегі L'Étrange Festival 26-шы кинофестивалінде халықаралық толықметражды фильмдер секциясында Nouveau Genre Гран-приін жеңіп алды! Фестиваль әріптестерінің бірі Саnаl+ атты әлемдегі ірі француз тілді ақылы телеарна біздің фильмді прайм-таймда көрсететін болады», - деп жазды Ақан Сатаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Томирис» фильмі парсы патшасы ІІ-ші Кирге қарсы шығып, тайпалардың басын қосқан сақ патшайымы жайынан сыр шертеді. Картинада басты рөлді отандық актриса Альмира Тұрсын сомдады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Канн онлайн-кинонарығы аясында Arclight Films сату-агентігі «Томирис» кинотуындысын халықаралық көрсетілімге шығару туралы мәмлелер жасаған еді. Оның нәтижесінде Франция, Италия, Испания, Ресей, Румыния, Түркия, Жапония, Таяу Шығыс, Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты елдердің компаниялары «Томирис» фильмін көрсету құқығына ие болған. Қазақстандық картина АҚШ-қа да жол тартқан.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhfilmstudios.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы