Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 сәуір, 2021339

«Томирис» кинофильмі Amazon Prime платформасында жарыққа шықты

Отандық танымал кинорежиссер Ақан Сатаев авторлық еткен «Томирис» кинофильмі әлемдегі ең ірі әрі маңызды платформалардың бірінде жарық көрді. Отандық картина, «Қазақфильм» киностудиясының өндірісі Канада мен АҚШ көрермендері үшін Amazon Prime халықаралық бейнеплатформасының медиатекасын толықтырған болатын.

««Томирис» кинофильмі тағы да өзінің жаһандық маңыздылығын әрі танымалдылығын дәлелдеген болатын. Отандық кинолента Солтүстік Америкадағы танымал платформада қол жетімді болатыны көңіл қуантады. Біз дәл осы картина Қазақстанды «Оскар» кинопремиясында лайықты көрсете алар еді деп санайтын әлемнің түкпір-түкпірінен алғыс білдірген көрермендердің пікірлерін алуды жалғастырудамыз. Қазақстандық «Оскар» комитетінің шешімдері әуесқойларды ғана емес, кәсіби мамандарды да бір жылдан бері таңғалдырып келеді. Бұл факт болашақта жақсы кино үшін үлкен жеңістерге кедергі болғанын қаламаймын»,-деді «Қазақфильм»  киностудиясының өндіріс жөніндегі вице-президенті Айдар Баталов.

Бүгінгі таңда «Томирис» кинолентасы 10-нан астам шетелдік тілге аударылып, халық назарына ұсынылған болатын.

Фильм біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдағы оқиғалар негізінде түсірілген және Ұлы дала патшайымының өмірі туралы баяндайды. Фильмдегі рөлдерді Асылхан Төлепов, Азамат Сатыбалды, Берік Айтжанов, Кәмшат Жолдыбаева, Әділ Ахметов, Гасан Масуд, Лия Фомина, Салтанат Серкебаева және Мұрат Бисенбин орындады. Массагет патшайымының рөлін сомдап шығу дебютант Альмира Тұрсынға сеніп тапсырылды.2020 жылдың күзінде картина Париждегі l ' Étrange Festival Француз кинофестивалінің Гран-при жүлдесін иегері атанды. Осыған байланысты прайм-таймда телевизиялық көрсетілім құқығын Францияның Canal+ең ірі ақылы арнасы иеленді. Сонымен қатар, Жайдарбек Күңғожинов бастаған Nomad Stunts қазақстандық каскадерлер командасы фильмдегі трюктерді қойғаны үшін әлемдік каскадерлер академиясының Америка Құрама Штатындағы Taurus беделді марапатына ие болды. Amazon Prime-200-ден астам елде қол жетімді ең үлкен ағынды платформалардың бірі. Жақында американдық Amazon корпорациясының негізін қалаушы Джефф Безос өткен жылы Amazon Prime абоненттерінің саны 33 пайызға артып, 200 миллионға жетті деп мәлімденді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы