Размер шрифта:

Цветовая схема:

26 маусым, 2020102

«Томирис» туындысы бірқатар шет елде көрсетіледі

Бұдан бұрын «Томирис» тарихи фильмі АҚШ-та көрсетілетінін хабарлаған едік. Енді, міне, бір айға толмай, картина тағы 10 шет елдің үлкен экрандарына жол тартатыны белгілі болды.

Фильм анонсы биылғы жылдың Канн кинонарығында көрсетілген екен. Тарихи кинолента АҚШ-ты қосқанда барлығы 11 шетел мемлекеттері көрермендерінің назарына ұсынылады. Бұл туралы картина авторлары әлеуметтік желідегі парақшаларында жария етті.

«Қуанышты жаңалық! Канн онлайн-кинонарығы аясында біздің Arclight Films сату-агентіміз «Томирис» кинотуындысын халықаралық көрсетілімге шығару туралы сәтті мәмлелер жасағанын хабардар етті. «Томирис» фильмі: Франция (дистрибьюторы: SND Films), Италия (Blue Swan), Испания (Ary Mood), Ресей (Paradise), Румыния (Program 4 Media), Түркия (Siyah Bayez Movies), Жапония (АТ Entertainment), Таяу Шығыс (Gulf Film), Оңтүстік Корея (Challan), Сингапур (Shaw) елдерінде көрсетілімге шығады.», - деп жазды картина режиссері Ақан Сатаев.

Режиссер: «Бұл біздің фильміміздің халықаралық тарихының бастамасы ғана деп сенеміз!»,- деп толықтырды.

Картинаның бас рөлін сомдаушы актриса Альмира Тұрсын да зінің әлеуметтік желі парақшасында жағымды жаңалықпен бөлісті. Сондай-ақ, «Бақыттымын әрі барлығымыз үшін мақтанамын!», - деп жазды ол.

Олай болса, елдің атын шығарып, шетелдік нарықты бағындырған картинаның өзге ел көрермендерін тамсандырып, алар асулары көп болсын деп тілейміз!

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  @akansatayev

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы