Размер шрифта:

Цветовая схема:

03 наурыз, 202082

«Томирис» түркиялық прокатқа шығады

"Томирис"  Түркияға жол тартты.

Отандық фильмдер шетелдік прокатқа шығып, өзге ел көрермендеріне Қазақстанды танытып келеді. Міне, тағы бір киноөнім шекара асты. Бұл жолы тарихтан сыр шерткен туынды Түркияның көрермендерін тәнті етпек.   

«Достар, біздің «Томирис» фильміміз Түркия елінде көрерменге жол тартатынын қуана хабарлаймыз!»- деп жариялады «Sataifilm» студиясы. 

Режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты туындысының Түркиядағы тұсаукесері 10 сәуір күні өтпек. Тарихи кинокартина бауырлас елдің барлық шаһарларының үлкен экрандарында көрсетіледі. Сонымен қатар көрермендер қазақстандық фильмді түрік және фильмнің өзінің түпнұсқасында түсірілген  көне түркі тілінде тамашалай алатын болады.  

Дүние тарихындағы ең мықты әйел патшайым жайындағы хикаяны түрік ағайындары асыға күтетін сияқты. Инстаграмда фильмге арналған арнайы ресми парақша да ашып, қызу жарнамалай кетті.

Бұдан бұрын хабарлағандай, «Томирис» тарихи кинокартинасы Германия еліне жол тартып, неміс жұртшылығының назарына ұсынылған. Бұл ақпанның 20-сы мен наурыздың 1-і аралығында өткен 70-ші Берлин Халықаралық фестивалі аясындағы Еуропа кинонарығы шеңберінде ұйымдастырылды.

 

Автор: Зарина Смагулова

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы