Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 қаңтар, 2022435

«ТойХана» Kinopoisk сайтында көрерменге жол тартты

2021 жылы ең көп табыс әкелген қазақстандық фильмдердің бірі «ТойХана» комедиясы Kinopoisk сайтында жарық көрді. Барлық Yandex Plus жазылушылары фильмді 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамашалай алады.

«ТойХана» — отандық режиссер Әлішер Утевтің («5:32», «Сержан Братан») комедиялық картинасы. Сюжетке сәйкес, үкімет Қазақстанда той жасауға, сондай-ақ онда әртістердің өнер көрсетуіне тыйым салады. Жаңа ереже енгізілгенінен үш жыл өткен соң кейбір  әншілер жасырын жасалған тойларда ән шырқауын жалғастыра бастайды. Мұндай дақпыртты естіген тәртіп сақшылары қолдан ұйымдастырылған той жасау арқылы заң бұзып жүрген өнер өкілдерін құрықтауды көздейді.

Фильмдегі басты рөлді картинаның бас продюсері Құралай Анарбекова сомдады. Басқа да кейіпкерлердің образдарын Ерлан Пірімбетов, Сафуан Шаймерденов және Алмат Сақатов секілді тәжірибелі актерлер  алып шықты.

«ТойХана» Kinopoisk сайтында қазақ тілінде қолжетімді отандық контент желісін толықтырды. Онлайн-кинотеатрдың қорында қазірдің өзінде қазақстандық режиссерлердің көптеген фильмдері, оның ішінде «Құдалар», «Жаным, сенбейсің!» комедиялары және «Әкім», «Томирис», «Тараз», «Лифт» және «Атбай шайқасы» драмалары, сондай-ақ «Ұлболсын», «Сары мысық» фестивальдық фильмдері және т.б. бар. Қараша айының соңында қазақтың «ГурГурСтудио» студиясы дубляж жасаған «Рик пен Морти» фильмінің де қазақ тілінде бірінші маусымы осы платформада көрерменге жол тартты.

«ТойХанадан» басқа, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Kinopoisk сайтында Құралай Анарбекованың Corich Group компаниясының «Брат или Брак», «Брат или Брак 2»  және «Ва-Банк» сияқты өзге де фильмдерін көруге болады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы