Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 наурыз, 202094

#ТойЖив. Расымен де солай ма?

#ТойЖив. Расымен де солай ма? Кей әлеуметтік желілерде тараған дәл осындай жазбасы бар суреттерге актриса Құралай Анарбекованың өз жауабы бар.

«Брат или Брак», «Брат или Брак 2» және «Ва-банк» комедияларының продюссері Құралай Анарбекова: «Шындығында оны жұмыссыз қалған асаба емес, арнайы біздің «ТойХана деп аталатын жаңа фильміміз үшін түсірім тобы жазды», - дейді ол. Осылайша, актриса жаңа фильмі жайын тілге тиек етті.

Фильмді  #ТойЖив деп те өзгертуіміз мүмкін деп қалжындайды продюсер. Оны уақыт көрсетеді деген Құралай, өзінің жаңа фильмінің сценарийі елдегі қазіргі жағдаймен сәйкес келгеніне таңқалады. Сценарий авторлары мұны алдын-ала көріп келгендей дейді.

Жаңа фильм жайында продюсер ашып айтпады. Оның пікірінше, қазір бұл ешкімге қызықсыз. Сондықтан оны уақыт еншісіне қалдырып отыр.

Ал, желіге салған суреттеріне қарағанда фильмде Құралай жаңадан ойлап тапқан «Тоймен күрес жөніндегі бөлім» қызметкері болып рөл сомдайтын көрінеді. Айтпақшы, комедияның режиссері міндетін Әлішер Утев атқарса,  картинаның операторы Шерхан Таңсықбаев болды.  

Айта кетейік, 16 наурыздан бастап Мемлекет басшысы елде бір айлық төтенше жағдай жариялады. Содан бері түрлі мерекелік шараларды, оның ішінде той өткізуге де тыйым салынды. 

Құралай Анабекованың Қазақстанда Төтенше жағдай аяқталып, әлем «тәжі бар вирусты» жеңеді дегенге сенім білдірді. Сол кезде көрермендерге барлық қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен түсірілген жаңа фильмді көрсете алатынын жеткізді. Ал, әзірге қолды үнемі жуып, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратын тыңдап, үйде отыруға шақырады. 

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  expoandwomen.com

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы