Размер шрифта:

Цветовая схема:

28 қараша, 2020375

«Туча» фильмі көрермен назарына ұсынылды

Пандемияға байланысты көрсетілімі кейінге қалдырылған «Туча» картинасы кинотеатр экрандарынан көрсетіле бастады. Криминал жанрында түсірілген кинофильмнің түсірілімдері өткен жылы өткен болатын. 

  Отандық режиссер Нияз Әбдіғапар таспалаған «Туча» деп аталатын лентаның премьерасы осы айдың 23 - жұлдызында өтті. Картина бойынша қоюшы-оператор Ілияс Бекішев, сценаристер Асқар Малшыбеков және Дәулет Іслямов та жұмыс жасады. Күрес сахналары мен көріністерін Nomad Stunts каскадерлік командасының мүшесі Қанат Кудьяров қойды.

 Фильм сюжетті бойынша адамдардың қатыгездігі мен өмірдің әділетсіздігіне тап болған жас баланың өмірі суреттеледі. Ол кек алу жолына түсіп, кей адамдардың жауыздығының себептері мен табиғатын түсінуге тырысады.

   Кинофильмдегі басты рөлдерде  Мұрат Бисенбин, Арман Шекімов, Ерден Телемисов, Әділ Есенбулатов, Айнұр Ниязова, Данияр Оразаев, Ержан Түсіпов, Эдуард Табишев және Еділ Есенбулатов сынды талантты актерлер бой көрсетеді. 

   Картинаның түсірілімі 2019 жылдың күзінде өтті.

    Естеріңізге сала кетейік, «Туча» картинасының премьерасы осы жылдың 17 қыркүйегіне жоспарланған болатын. Алайда, пандемияға әсерінен қазақстандық кинотеатрлар қазан айының соңына дейін жабылуына байланысты барлық кинофильмдердің премьерасы кейінге қалдырылған болатын. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы