Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 қараша, 2020363

Түркістан туралы тағы бір жаңа туынды түсірілді

Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ - ның қолдауына ие болған «Түркістан - кеше, бүгін, ертең» деректі фильмі  көрермен назарына ұсынылуға жақын.

Туынды қазір монтаждау кезеңінің соңғы сатысында өңделу үстінде. Кинолента 2020 жылдың соңында көрсетіледі деп күтілуде.

Картинадағы оқиға бүгінгі Түркістанның өзгеру тарихын ежелгі ұлы ақын Қожа Ахмет Яссауидің өмірімен байланыстыра отырып сурттеледі. Ежелгі Түркістан жерінің мәдени ошақтары мен сол кездегі нақышты бейнелеу арқылы қаланың қарқынды дамуы туралы баяндалады.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен картинаның тұсаукесері ұйымдастырылып, келесі жылы фильм халықаралық деректі кино фестивальдерінде қатысады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда «Абай ТВ» телеарнасы қазақстандық өнер қайраткерлері туралы фильмдер топтамасы аясында «Түркістан - кеше, бүгін, ертең» деректі фильмінің режиссері Владимир Тюлькин туралы арнайы шығарылым дайындауда.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан туралы деректі фильмнің түсірілімі өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын.

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  inbusiness.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы